~ Ақырғы сапарға аттанар алдында әкесі баласына осы жайды айтпақшы еді. Тағы да бір айтатын аманат бар. Ш.Айт. ~ Рәштар да біраз қобалжыған. Әйтсе де, әкесі ақырғы сапарға аттанған киелі мекеннен ешқайда қия басқысы келмеді. Ү.Жәл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҚЫРЕТ АЗАБЫ
Жан шыдамас қиналыс. ~ Жар жағалап жүгірген сондағы тартқан ақырет азабымды тірі пенденің басына бермесін! Қ.Жиен.
АҚЫРЕТ КЕБІНІ
Өлікті орайтын ақ мата, кебін. ~ Қазақтың дәстүрімен дастар қанға салар асы, жағар отыны, басына тігер
үйі де жоқ. Оны қойып жарықтықтың ақырет-кебіні бар ма екен? Ш.Рах. ~ Ақырет кебіні бар ғой, өзі
даярлап қойғанына бес-алты жыл болған, басқасы болмаса… — деп марқұмның аурушаң әйелі еңсесін
зорға көтеріп, өксігін әрең басып, енді не айтарын білмей үні өшті. Ш.Рах.
АҚЫЛЫНА ҚОҢСЫ ҚОНА КЕЛДІ
Ақыл сұрауға, кеңес алу келді. ~ Енді ол да өзімен жақсы құрбы жас төрені «ағеке» деп жалына түсіп: – Тура ақылыңа қоңсы қона келдік, ағеке! Ендігі басшым, асыл төрем! Айтарыңды өзің айт! Қалай етейік осы Абайды? – деп қадалып отыр. М.Әу. ~ Бұ топта Сүйіндік шешіліп сөйлеген жоқ. Кібіртіктеп, қылғынып сөйлегендей болды. – Ағайының келіп отыр. Ақылыңа қоңсы қона келіп отыр. Не дейсің? Нұсқайтұғын бетіңді айт! — деді. М.Әу.
АҚЫРЕТ САПАРЫ
Жан тапсыру, фәниден бақиға көшу. ~ Әлде қатерлі жолға қадам басып тұрған бала, кұдды ақырет сапарына шығарып сап түрған өлік тәрізденіп, ішінен үнсіз бақұлдасып қалды ма? Ә.Нұрп. ~ Әйтеуір соның мал–мүлкі түгел болсыншы!..» деген ізгі ниет, ұлы мейірім жетегінде ақыреттік сапарға барып–келіп бүлкілдеп жатқан шеше жүрегі сөйлеп қоя берген ғой. Д.Дос.
АҚЫЛЫНАН АДАСТЫ
Ақылдан айрылды; есі ауды; не істерін білмей дал болды. ~ Бұл дүние бір қараңғы болды тұман, Жүре алмай, ақылынан, жұрт адасты. Қайтеді ақшасы жоқ кедей байғұс… М-Ж. Көп. ~ Қызығын малдың жұмсап көретұғын Мезгілдің кетті өтіп бәрі де енді. Адасты ақылынан деуге жынды, Санайды бір жаңылмай сонша мыңды. А.Байт.
АҚЫРЕТСІЗ КЕТТІ
Көмусіз қалды. ~ Алладан тілер ақ өлім бұйырмай, ұрпақтан тілер топырақ бұйырмай сүйегі далада қалып қарға, құзғынға жем болып, ақыретсыз кеткен екен–ау. Б.Жұм.
АҚЫЛЫНАН АЙРЫЛДЫ
Жынданды, жарымес болды. ~ Ол жол – аурудың аяқ–қолын дер кезінде кесіп тастау. Өйтпесе, дене құр ғана өліп қоймайды, бүкіл қабынған қан тамырлардың, жүйелердің зардабы бұғанадағы жұлынға шығып, адам ақылынан айрылады, мәңгі есалаң болып қалады. І.Ес. ~ Осындай аумалы төкпелі заманда адам біткен ақылынан айрыла ма, әлде біреу айдап сала ма, ол жағы белгісіз, күні кеше қол астыңда жүріп айтқаныңды екі етпегендер бүгін қамшысын білемдеп төріңде ойнақ салатын болды. О.Көш.
АҚЫРЕТТІК ДОС
Өле-өлгенше достық сертіне адал жан. ~ Ұнатсаң егер тірі қалғанымды, Орында малымды ал да арманымды. Сізбенен ақыреттік дос боламын, Алсаң да аямаймын бар малымды». Шәк. ~ Ақыреттік, уа, Жақа, досым едің, Ақ ниетпен көңіліңді қосып едің, Қалатұғын емеспін жазым болмай Ұсталғанда-ақ о баста шошып едім. Б.Тоғ.
АҚЫЛЫ КЕЛТЕ
Терең ойламайтын, бір нәрсенің парқына бара бермейтін, ақымақтау, алаңғасар адам туралы. ~ Қарасу қапасында қалғандар үндемейді. Оларды ешкім ескермейді. Олар ұмыт болған. Ақылы келте адамдар күні кешегі опат дәуірді елең де қылмайды. Ш.Мұр.
