Жан тапсыру, фәниден бақиға көшу. ~ Әлде қатерлі жолға қадам басып тұрған бала, кұдды ақырет сапарына шығарып сап түрған өлік тәрізденіп, ішінен үнсіз бақұлдасып қалды ма? Ә.Нұрп. ~ Әйтеуір соның мал–мүлкі түгел болсыншы!..» деген ізгі ниет, ұлы мейірім жетегінде ақыреттік сапарға барып–келіп бүлкілдеп жатқан шеше жүрегі сөйлеп қоя берген ғой. Д.Дос.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҚЫЛЫНАН АДАСТЫ
Ақылдан айрылды; есі ауды; не істерін білмей дал болды. ~ Бұл дүние бір қараңғы болды тұман, Жүре алмай, ақылынан, жұрт адасты. Қайтеді ақшасы жоқ кедей байғұс… М-Ж. Көп. ~ Қызығын малдың жұмсап көретұғын Мезгілдің кетті өтіп бәрі де енді. Адасты ақылынан деуге жынды, Санайды бір жаңылмай сонша мыңды. А.Байт.
АҚЫРЕТСІЗ КЕТТІ
Көмусіз қалды. ~ Алладан тілер ақ өлім бұйырмай, ұрпақтан тілер топырақ бұйырмай сүйегі далада қалып қарға, құзғынға жем болып, ақыретсыз кеткен екен–ау. Б.Жұм.
АҚЫЛЫНАН АЙРЫЛДЫ
Жынданды, жарымес болды. ~ Ол жол – аурудың аяқ–қолын дер кезінде кесіп тастау. Өйтпесе, дене құр ғана өліп қоймайды, бүкіл қабынған қан тамырлардың, жүйелердің зардабы бұғанадағы жұлынға шығып, адам ақылынан айрылады, мәңгі есалаң болып қалады. І.Ес. ~ Осындай аумалы төкпелі заманда адам біткен ақылынан айрыла ма, әлде біреу айдап сала ма, ол жағы белгісіз, күні кеше қол астыңда жүріп айтқаныңды екі етпегендер бүгін қамшысын білемдеп төріңде ойнақ салатын болды. О.Көш.
АҚЫРЕТТІК ДОС
Өле-өлгенше достық сертіне адал жан. ~ Ұнатсаң егер тірі қалғанымды, Орында малымды ал да арманымды. Сізбенен ақыреттік дос боламын, Алсаң да аямаймын бар малымды». Шәк. ~ Ақыреттік, уа, Жақа, досым едің, Ақ ниетпен көңіліңді қосып едің, Қалатұғын емеспін жазым болмай Ұсталғанда-ақ о баста шошып едім. Б.Тоғ.
АҚЫЛЫНАН АУЫСТЫ
Ес-түсінен айрылды, не істеп, не қойғанын білмей қалды. ~ Шырт ұйқыдан оянғандай Кенжеғұл қатты састы. Шоферға жалт ете о да қарады. Екеуiнiң көзi тоғысып қалды. Түр–түсi бейне табан астынан жарылған бомба лебiнен есеңгiреп, ақылынан ауысып қалған жан сияқты. Р.Рай. ~ Бозбала ес– ақылынан ауысты,тіпті луиза арақ ішіп алған қызу шығар деген күмәнді ой келген. Қыз ақ шағаладай болып, ақтарыла құлап әлі жатыр. О.Бөк.
АҚЫРЗАМАН ОРНАҒАНДАЙ (ОРНАДЫ)
Айқай-ұйқай, астан-кестен жағдай. ~ Таудың арасы болса ақырзаман орнағандай ызы-шу, қым-қуыт. М.Қан. ~ Адамдар ақырзаман орнағандай күйзеліп, қайғырса, мысықтар махаббат қызығына батып, үйлердің төбесіне шығып алып, ойнақ салып жүр. Ш.Мұр. ~ «Қарап отырмай, бәрін бүлдірген сенсің!» — деп Мәкіш өз әйеліне тап берді, ұйыған сүттей болып отырған отбасы быт-шыт болды, айқай-ұйқай, ақырзаман орнады. Ә.Тар.
АҚЫЛЫНАН ТАНДЫ
Есінен айрылды; не істерін білмей, дал болды; ақылынан айрылды; қатты састы. ~ Ақтарылған, қарауытқан, опырылған көр, жыртылған кебін, домаланған ақсақалды атайдың басы, уілдеген жел, құлазыған мола, алласына сыйынған екі адам Əбежанды да аз ойландырды. Ажал айдаһардай аузын ашқандай болды. Əйтсе де ақылынан танған жоқ. Ж.Айм. ~ Ақылынан танды ғой. Патшам, есім ауды ғой,. Осы түстің бәрі рас. Төбеден жасыл жауды ғой. Сонда Алшағыр сөйлейді: – Қобыланды келер деймісің. «Қоб. батыр».
АҚЫЛЫҢ (ӨЗ АҚЫЛЫҢ) ӨЗІҢЕ
Ақылың қажет емес, сөзіңді босқа шығын қылма д.м. ~ Әй, жарқыным, ақылың өзіңе! Жаудан қорқып өнімді айтпай отыра алайын ба? Қуанса да, қайғырса да, ән салған ата дәстүрін ұмытайын ба? С.См. ~ Арақ ішкен өңшең мас, Есі шала өңшең жас, Дүрсе қоя берісті: «Көр көрінед көзіңе, Өз ақылың — өзіңе! Сен бүйдеме игі істі. М.Жұм. ~ Бар ақылың өзіңе, Кім деп тұрсың, қарағым? Көрінбегін көзіме, Қарыныңды жарамын. Торғай содан кектеніп, Ешкіменен жауықты. А.Ас.
АҚЫЛЫҢА БОЛАЙЫН
Сенде не ақыл бар дейсің д.м. ~ Мен оны кіргізбей тұра алмаймын. Сен пешке шығып тасаланып ал,— деді маған. — Бала ғой, отыра берсем қайтеді?— деп едім. — Ақылыңа болайын, баланың аузында сөз тұрушы ма еді,— деп кейіп тастады. Т.Ах. ~ Сосын барып оларға ойламаған жерден қарсы шыға кел дейді. Ақылыңа болайын! Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген, міне осы! І.Ес. ~ Тұмар Мәкей шешеге де мойын бұрып, ‹‹Келістік осылай құдағи›› деген еді, шайлы жүрек, биліксіз шеше жан тәсілімнің аз алдында жатқан күйеуі батырға қараған еді, Тұмар: — Ой, бо.. Ой.. Құдағи, есірікке қараған ақылыңа болайын, — деді мысқылдай. Б.Жұм.
