Піштірілген ат құсап. ~ Жарасқан істің ерсілігі де болмай ма, немене, бидай суырып қалжыраған қарттар олардың ойынына мән бермейтін. Ақта болған аттардай оқта-текте күрсініп қойып, маяның түбінде қалғып-мүлгіп отырар еді. Ш.Мұр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҚПА ТАЯҚ
Қазақтың ұлттық балалар ойыны. ~ Өңшең бала сиыр жайылып жатқанда төскейден қайыңнан ақпа таяқ соғамыз. Ж.Айм.
АҚТА ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)
Кестіріп тастады. ~ Бірақ бұл артынан әскеріне қолы топар кісі көрсеңдер, әйел болса — қарынын жарып, жатырын алып тастаңдар, еркек болса — ұстап алып, ақта қылып жіберіңдер деп жарлық шашты. Ә.Кек. ~ Осы нардың мықтылығын, жүріске шеберлігін есепке ала отырып, «нардай, нар жігіт екен» дейді. Бұл теңеу тек ер жігітке ғана тән. Нардың ақта етілген, қара күштің иесі екенін аңғарған білгір қазақ орнын тауып, осылай десе керек. Ж.Баб.
АҚПАН АЙЫ АҚЫРЫП, ҚАҢТАР АЙЫ ҚАҚЫРЫП КЕЛДІ
~ Әне бір жылы қатал бір жұт болды. Ақпан айы ақырып, қаңтар айы қақырып келді. «Ту» деген түкірік жерге түскенше қатып қалып, жағаңа жабысып жатқан бір үскірік күн еді. БС «Екі суайт».
АҚТАН БЕЗГЕН
Арам жолға түскен.
* Ақтан безген ары жоқ өңкей залым. Ырылдатып жабады ит пен құсын. Көп төбетке жетеді қайдан күшім, Құтқара алмай адалды пысады. Шәкәрім.
АҚПАН СОҚСА ӨЛМЕЙТІН, ТОҚПАН СОҚСА ӨЛМЕЙТІН ///
Асқан шыдамдылық, төзімділік туралы.
АҚПА-ТӨКПЕ АҚЫН
Суырып салма ақын, төгілме шешен. ~ Баһрамның осы ұлының бәрі де өнерлі — батыр, палуан, әнші, мерген болғанын білеміз. Соның ішінде Көрпеш, Сүйін, Сейіткерей Мұхаммед– Қанафия төртеуі аса дарынды болған, ақпа – төкпе ақындығымен аты шыққан. Н.Әбу.
АҚСАҚ ИТТІҢ ДӘМЕСІ ӘУДЕМ ЖЕРДЕ (КӨҢІЛІ АРҒЫ ЖАҚТА)
Шама-шарқына қарамайды; әлін білмеген әлек д.м. ~ Дені сау ер-азаматтың бәрі майданда, елдегі шал-шауқан, ақсақ-
тоқсақтың құтырып тұрған заманы ғой. «Ақсақ иттің дәмесі әу дем жерде» демекші, мұның да дәмесі зор болатын. Күңкілдеп
көріп еді, шешесі тиып тастады… Т.Сәу.~ Зәу- зәтімен сондай. Бұл да биліктен дәметеді. Билік екеуміздің қай теңіміз. Ақсақ
иттің көңілі арғы жақта деген ғой әйтеуір. Қ.Ысқ. ~ Ендеше, аяғыңдағы пимаңды шешіп бер. Жаңа екен, — деді шал
Нұржанның аяғына қысық көзін сығырайта қадап… Ана екеуі тіпті таң қалды. — Мәссаған безгелдек, — деп Аманжан тағы да
ысқырып қалды. — Ақсақ иттің көңілі ар жақта. О.Бөк.
АҚСАҚ ҚОЙ ТҮСТЕН КЕЙІН МАҢЫРАЙДЫ
Жайбасарлық, бейқамдық туралы. ~ Ақсақ қой түскен кейін маңырайды деп, балық үлес біткенде «мен қайда қалдым» деп барған Веттехник ең болмаса сақалына қолын жеткізе алмай қор болды. Қ.Ысқ.
АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ
Түнгі аспанда бір көрініп, әуеде із қалдырып, өшетін астрономиялық құбылыс, метеор. ~ Тау биігіне қарай аққан жұлдыз көк шатырға, көк күмбезге алтын сызықша сызды. С.Сей. ~ Сөзі кенет үзіліп қалған Қызырбектің көтерген қолы сылқ ете түсті. Сейітхан аспанға қарады. Аққан жұлдыздың жолақты ізі ақырын-ақырын өшіп жатты. Ж.Шәк.
