АҚ СӨЙЛЕ

Шындықты, әділін айт. ~ Біз енді балға не түссе соны айтамыз, үкірдай. Айыпқа бұйырмайсын, – деді әлден уақытта басын кегжең еткізіп. – Әлбәтта. Біз сізден тек шынды, барды болжа деп отырған жоқпыз ба. Ақ сөйле! – деді Демежан езу тартып. Қ.Жұм. ~ Бір ұрпақ соның боданына айналармыз деп, өзін-өзі жегідей жеп отырған Құзырдың ойын сауысқанның шықылы үзді. Әкәу, хабаршым, ақ сөйле, ақ сөйле! – Деп маялап жиған шөбінің үстінен түсті. Н.Абд ~ Әрі-бері зікір салып басыла бергенімізде, бақсы дік етіп ортамызға тұра қалды да, бет-аузын қисаңдатып, ышқынып айқай салды: − Ақ сөйлеңдер, жамағат! Арам ойлы адамды таппай қойман сірә да… Зияндасты ашармын, заһарымды шашармын. С.Ом.
.

АҚ СӨЙЛЕДІ

Адалын айтты, әділ болды. ~ Көріпкелің не айтар екен? Балыңды аша көр, жаным, – дейді. – Жарайды, – деп Алдар бал ашуға, бақсы болып, ойнауға кіріседі. Жынын шақырып, «ақ сөйле» деп, құсына ақырып, сарнайды. ҚЕ. ~ Қайтсе де қара қылды қақ жаратын туралықтан басы кетсе де бір жазбайтын Темірдің ақ сөйлеп, ашығын айтатынына сеніп келетін. Ү.Жлк.

АҚ СӨҢКЕ

Бұтақтары қурап, кепкен ағаш. ~ …Көзін ашып еді, ақ керіш төбеде ақ шағыр сағым құбылып ойнап, қас пен көздің арасында сан түрлі бейнеге өзгереді, басы кепкен, ақ сөңке қарағайдай дыңылдап тұр… М.Қаб. ~ Екі шолақ қолдың ұшы орманға тиген өрттен кейінгі бірнеше айдан соңғы ақ сөңке болып қалған, жартысы бар, жартысы жоқ білек бұтақтардай молақтанып тұр. Б.Қыд. ~ Қураған ақ сөңкені қалап от жақты. Т.Сәу.

АҚ СҰҢҚАР

Қыран құстың, ер жігіттің сипаты. ~ Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам тағы кетермін, Кетпей де нешік етермін? Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын… М. Өт. ~ Қарадөң сонда сөйледі: – Ақ сұңқар едің қу алған. Жалғызы кетсе алысқа, Оның арты суалған. Алпыстан жасым асқасын, Перзентті беріп бір Алла, Мен едім қатты қуанған. БС. «Жұбаныш».

АҚ СҰПЫДАЙ

Өңі аппақ, нәзік, ақ торғындай. * Таңмен бірге ашыла түскен қара сұр жүзі ақ сұпыдай. Бұл осы көштің осы көштің басшысы, Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабай… І.Есен.~ Ақ сұпыдай бет біткен, Оймақ ауыз, күлім көз, Ақ шыныдай ет біткен, Қайың сынды мүсінді. І.Жан.

АҚ СҮЙЕК

Қазақтың ұлттық ойыны. ~ Балалар алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап, шуылдасып, асыр салып, қой күзетіп, өлең айтып, думан қылып жатқанда «Таңертең оянбайсың, жат!»— деген байдың зекуін естіген соң, қара інгеннің қолаңса сасыған жабуын оранып, үй жанында бүк түсіп жатқаным. Ж.Айм.

АҚ СҮТТЕНДІ

Таң қылаң беріп, жарықтана бастады. ~ Түн суық. ақ сүттенген ай аспаннан мөлие қарап, жерге секіріп түскісі келетіндей. алғашында «иш– ай» деп қалған Нұржан үйдің іргесінде қалқайып тұрған трактордың жанына барғысы келді де, қар омбылаудан қорынды. Жымжырт. О.Бөк. ~ Найза бойы биік темір тордың оңтүстік жағында жасыл орман, мәуелі әсем бақша, ақ сүттеніп, арайлы таң атып келе жатыр. Т.Рыс. ~ . Қашанғы дағды бойынша күнде оянатын кезде көзің ашса таң әлі атпапты. Бірақ таң алдында туған толық ай тас төбедегі терезе әйнегіне бозамық рең беріп ақ сүттеніп тұр екен. Ә.Нұрп.

АҚ СҮТІН (АСПАНҒА, КӨККЕ, АЙҒА) САУДЫ

1.Теріс бата берді; наза білдірді; қарғады. ~ Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын, теріс батамды беремін. Аналық қарызымды екі дүниеде де кешпеймін!» деді. Ә.Нұрш.~ Әп-сәтте бәрі теріс айналып үлгерді.Сол түнда Ағжан Айға қарап ақ сүтін сауып, Әжкенге қарғыс айтты…Қарғыс…Қарын шашы алынбаған ана қарғысы…Қате кетпейтін қарғыс еді. Т.Құл.
2. Құдайға жалбарынды, тілеу тіледі. ~ Ақ сүтін көкке сауып тілеген анаңның, сақалынан сорасы ағып еңіреп, намазға жығылып, құлшылық еткен әкеңнің тілеуін Хақ тағала шын берген екен. Тура сол Жәнібек шабарманнан айнымайсың. Бар мінез, бар қылығың сойып қаптағандай! С.Жүн.
3.Жоқтау айтты, зар жылады. ~ Жылқы батырдың жарлығымен төрт-бес жігіт Қожамбердіге аттанды. Бозорыстың сүйегі әкелінді. Жалғыз шешесінен басқа жақыны жоқ, жеке жігіт еді. Алпыстағы кемпір ақ сүтін сауып аңырағанда, ел күңіренді. З.Шүк.

АҚ СҮТІН АҚТАДЫ

Ана (ел) алдындағы борышын абыроймен орындады. ~ Халқымнын бостандығы үшін менің әкем де, шешем де, тіпті асырап алған егей шешем де, өгей әкем де өлген… Мен олардың ақ сүтін ақтамай, өзімді шын бақытты санай алмаймын. І.Ес.~ Түсінбеймін, қашан сенің ақ сүтің Ақталады, менен күткен үмітің… М.Мақ. ~ Қызығыңды көрсетіп, алдыңда апса екен деймін. Саған тілек тілесем, әмісе жолы болса екен деймін. Оқ алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағаның! Оқ артыңнан тисе анаңның қарызын жүктегенің! Ж.Шәк.

АҚ САҚАЛДЫ, САРЫ ТІСТІ

~ «Жастығымда еңбек бер, қартайғанда дәулет бер» деген сез бар. Сол айтқандай, жастарымыз еңбек пен тұрмыста жандары өссін. Ал қарттарымыз ақ сақалды, сары тісті жасқа толып, дәулет рахатын көрсін. Б.Мом. ~ Ақ сақалды, сары тісті шалдарымыз Тізелерін құшақтап қалды де. Ақша жүзді аналарды зар илетіп Қайғы-мұңға салды де. Ғ.Біл.