Есебін тауып, жеңіп кетті; мерейі үстем болды; қулығын асырды. ~ … қазекемнің балалары болмаса, онан басқа халықтың бәр-бәрінің де құлқы, пейілі, пиғылы өзгеріп, заманына қарай амалын жасап, қолынан келгені заманы қасқыр болса қасқыр боп, түлкі болса түлкі болып құйрығы бұлаңдап айласын асырып бағар-ау! Ә.Нұрп. ~ Бұлт та айласын асырып, аспанның терістік қапталын көбелей орағытып, тау бөктеріндегі ауылды қоршай төніп кеп қалды. Ш.Мұр. ~ Десе де,айласын асырғысы келген қытай ұлығы Әліпті бірден қабылдай қоймады. Ж.Шәк. ~ Әбілқайыр тағы да ішін ашпай, сыздана сөйледі. — Күш асырмасақ, айла асырармыз. Ә.Кек.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЙЛА-ШАРҒЫ ЖАСАДЫ (ОЙЛАСТЫРДЫ)
Қитұрқы амал жасады, әдіс қолданды. ~ Небір ат құлағында ойнайтын атан жілік ерлер түрлі айла-шарғы жасап көріп еді, шұбар ат бірін-біріне соғып, сарсаңға салды. А.Сей. ~ Оның ыңғайы келмесе алдап соғудың айла-шарғысын жасайды. Ғ.Біл. ~ Сұрақшы Керімбекті белгілі қылмыстарға қалай да мойындату үшін бір талай айла-шарғы ойластырған тәрізді… Ж.Ах.
АЙЛА-ШАРҒЫҒА БАРДЫ
Неше түрлі әдіс-амал жасап көрді, қулыққа барды. ~ …әртүрлі айла-шарғыға барып, өз мақсатыма өзгешелеу жолмен жетуіме не үшін бөгет жасағаныңды айтшы? Серв. ~ … қыз не себепті абыройын жоғалту жолында не түрлі айла-шарғыға баратын адамның құмардан бір шығуды көздеген еміншектігіне еңсе беріп, базарынан айрылуға тиіс? Серв.
АЙМАНДАЙ БОЛДЫ
Ап-анық көрініп тұр, жасыру мүмкін емес. ~ Ә деп табалдырықтан аттағаннан бастап- ақ үшеуміздің бірінен- бірі күлкілі аюдың табанындай іздеріміз ақ қардың бетінде аймандай боп баттиып- баттиып қалды. С.Мұр.
АЙМАНДАЙ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)
Ұятқа қалдырды, абыройдан айырып, масқарасын шығарды, жұрт алдында қылмысын, арамдығын әшкереледі. ~ Мұғалімдік әптарикасын төккенде масқара, аймандай қылған. Әп деп барған күні келі түйгенін былай қойғанда, баламен бала боп ойнап жүретін көрінеді. Н.Сер. ~ Ендеше, мә саған! – Қызбалтай кеседегі шайды Әбжалдың бетіне шашып-ақ жібергені. – Әй, нәлеті, осы қазір күллі елге аймандай қылайын ба мен сені. Н.Дәут.~ Артынан нөсер жауын құйып берді. Осы ақ жауын шымкенттік коммуналшылардың жұмысын аймандай етті. БАҚ
АЙНА КӨЛ
Суы таза, мөлдір, айдыны кең көл. ~ Түбіне дейін жарқырап жататын айна көлдей тұп-тұнық қоңырқай көздердің аясына шуақ тола жымияды. Ү.Жәл. ~ Ентіктерін де баспастан елбірей тұрып, ілгері қараса, етекте ботаның көзіндей мөлдіреп айна көл жатыр. А.Сей.
АЙНА ТАЗ
1. Жалтыр бас. ~ Айна таздың басындай жалтыраған аспанның жұлығында, сайлаудан кейінгі азбандардай, сұрқыл бұлттар сандырап жүр еді. Ж.Айм. ~ Анау қабырғаға сүйеулі тұрған шаң– шаң портреттегі шөміш иек, айна таз Тәкең мен мына ас үйдегі шүйкедей кемпір, бір кезде осындай уылжыған жас болды дегенге сенгің келмейді… Д.Әш.
2. Тап-тақыр жер, төбе. ~ Еңсеп «Қалпақ қазғаннан» еңсесі түсіп қайтты. Айна таз ала қырдан талай су шығарған Дәржан ағасы «пәленше қаздырған», «түгенше қаздырған» деп талай байдың атын шығарды да, өзі ақыры апанның астында қалып өлді. Ә.Кек.
АЙНА ТАҚЫР
Айнадай боп жылтырап жатқан, теп-тегіс жер, жота т.с.с. ~ Үй айналасы мұндаздай: кесе жатқан шөп жоқ, тілмен жалағандай айна тақыр. Т.Ор. ~ Талай-талай тегене ой, тегіс жазықтар да қалып жатыр. Айна тақырлар да, кебіртек бауырлар да, майса құмақтар да қалып жатыр. Әне, басында мосы ағашы бар айғыр қара жал бір бүру қалып барады. Ә.Кек.
АЙЛА ОЙЛАДЫ
Әлдебір арамдық, әдіс-амал ойластырды. ~ Қаршадай болып алып, Садырдың мені ғана емес, Бибігүлді де жәбірлейтінін сезетін сияқтымын. Жатып алып әр түрлі айла ойлаймын. Top құрамын. Қайтсе де тышқан көз Садырдан құтылудың амалын іздеймін. С.Шай.
АЙНАДАЙ АШЫҚ
Тап-таза, ап-анық, еш кінәратсыз. ~ Мен енді түсіндім, Ақбаян құр қайықшысына сенген. Әлжан оны өмірбақи өмір дарияның айнадай ашық көгілдір үстінде желкен қайықпен серуендеп жүре береді деп ұққан. І.Ес.~ Оның осындай айнадай ашық таза мөлдiр жүзбен шiңкiлдеп, қатты сөйлейтiн және бар шынымен үнемi ашық сөйлейтiн мiнездерiн Абай ерекше сүйедi. М.Әу.~ Көзін сәулеге үйреткен Асқар, терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен, нұры толқи жарқыраған күн түске тармасып қалыпты. С.Мұқ. ~ Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри басғанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Г.Бел.
