АЙДАРЛЫСЫН КҰЛ, ТҰЛЫМДЫСЫН ТҰЛ ҚЫЛДЫ

Басып алған жау елді азапқа салды, езгіге түсірді, ұл-қызын қорлады.~ Кіндіктен оғын
сырғытып, Қаланың аузын қан қылып, Қақпаның аузын шаң қылып, Тұлымдысын тұл
қылып, Айдарлысын құл қылып… «Қобыланды б.» ~ Басымнан тәжімді, бауырымнан
жарымды тартып алды. Айдарлымды құл қылды, тұлымдымды тұл қылды. Ел-жұртымның
тоз-тозы шыққан соң, қабырғам сөгіліп, қасірет шегіп, еңіреп жүр екенмін деймін… А.Сей.
«Алпамыс Б». ~ Айдаpлысы құл болып, тұлымдысы тұл болып, Еңіреген ел көpдiм.
М.Жұмаб.

АЙДАРЫНА БЕЛГІ ТАҚТЫ

Айттырды, құда түсті, иемденді, еншіленді. ~ Бір ақылды қыздың айдарына белгі тағып қойыңдар деймін, – деді ол күлімсіреп. Ә.Әб.

АЙДАРЫНАН ЖЕЛ ЕСТІ

Біреудің дәурені жүріп, асқақтап тұрған, тасы өрге домалаған шағы туралы. ~ Өзіміз қуласақ та солар құламасын деп,
өзімізден бұрын солардың тілеуін тілеп, қолтығымыздың астына басып алғанбыз. Ал кеттік! Айдарымыздан жел есіп, астанаға
аман-есен келіп жеттік. Б.Соқ. ~ Ғалидың айдарынан жел есіп дүрілдеп тұрған шағы. Иығынан жараланған соң милиция
қатарынан босап, фермаға бастық боп келген. Т.Сәу. ~ Мейлi, менi соңғы жылдары есалаң боп кеттi деп жүргендерiң де
айтқаны болып айдарынан жел ессiншi бiр… Ж.Шағ. ~ Айдарынана жел есiп, кезектi сайлауда құйысқаны көтерiлiп, халық
депутаты болып сайланып та кеттi. Ш.Құм. ~ Жеңсік таппай желіккен көңілдің айдарынан жел есіп, көз көріп, құлақ естімеген
ерлікті аңсағандай бөрлігіп жетіседі. О.Бөк. ~ Иә, жасық шығар. Иә, пасық шығар. Қайсысы болғанда да, айдарларыңнан жел
есе қоймас», – деп анықтап айтқан да жалғыз сен едің. Ә.Кек. ~ Қаладағ

АЙДАСА ЖАУДІКІ, ЫСҚЫРСА ЖЕЛДІКІ

Тұрағы жоқ, кім-кімнің қолнда кете береді. ~ — Қойды ғана емес, ірі қараның да күш, сүт
бермейтінін сатамын. Мал деген айдаса жаудікі, ысқырса желдікі — сенімді байлық емес қой.
Қала байлары зауат-пәбірік ұрпаққа қалатын мекен-жай салдырады, алтын басады. Ғ.Мұст.

АЙДАУ ЖОЛ

Қара даңғыл. ~ Еміс-еміс есінде қалғаны: терезенің дәл түбінен өтетін айдын мұздай айдау жолмен қарауытқан қорымға бет алған жалғыз ат-шананың үстінде ораулы жатқан көкесінің соңынан жан біткеннің ілби шұбырғаны. С.См. ~ Манадан бері есіне алғысы келмей әр нәрсеге алаңдап бағып еді. Бәрібір болмады. Сүттей аппақ айлы түнде айдалада ұзыннан-ұзақ ақсиып айдау жол жатыр. Ә.Кек. ~ Өй, малдарыңа неге қарамайсыңдар?! Дәл айдау жолдың үстiне тастап… Былығып кеткенде не жасар ек? Өй өңшең… Ә.Ыб.

АЙДАУҒА КЕТТІ

Жер аударылды; итжеккенге айдалды. ~ Тек! Онысы несі? Мына Барсхан азаптың аузынан келіп тұр ғой. Айдауға кеткен әкесінің жақсылығын көп көріп ең ғой, не көрінді сонша, бер оттықты! – деді. Ш.Мұр. ~ Жылау деген не, ол? Айдауға кетіп бара жатқан жоқ. Әскерге, борышын өтеуге барады. Қазақ десек өзімізге тиеді. Кейде тіпті жоқ жерде қабырғамыздың тым қайысатыны бар. К.Қаз.

АЙДАУЫНДА КЕТТІ (ЖҮРДІ)

1. Ықпалынан шықпады; ырқына көнді; қарсы тұра алмады. ~ Тәуелсіздік алған жылдары айдарынан жел ескен көгалдағы хоккей өз қарқынын жоғалтып, қорғаушылары қанша жерден жүгіргенімен, өкпеден қысқан нарықтың айдауында кетті. БАҚ
2. Еркінен айрылды, біреудің әмірінде кетті.
~ Сар таңды осылайша сарыла атырған Шөке күндегі әдетімен үш орыс әскердің айдауында ағаш кесуге кетті. Б.Жұм. ~ Патша үкіметінің он жыл айдауында жүріп, «ит жеккеннен» қайтып оралған сол шал айтады ғой: «Бұрын ешкінің еті жақпаушы еді, он жыл айдауда жүргенде денсаулығым жақсарып, асқазаным түзеліп, текенің етін жесем де жаға беретін болды» деп. ғ.бІЛ.

АЙДАП ӨРГІЗДІ

Өріске шығарды, бақты. ~ Байғабылдың қазіргі күнде айдап өргізіп отырған мың жарым жылқысында менің табан ақым мен маңдай терім бар. С.Ом. ~ Үйдің іші жап-жарық. Таң атпақ түгіл, күн шыққан, Ауыр кирзо етігін тарп-тарп басқан төртбақ қызыл сары кемпір үй сыпырғалы келіпті. Қотанда жусап жатқан сиырды айдап өргізгендей әркімді аяғымен бір теуіп, сыпырғымен ұрын, оятып жүр. Б.Соқ. ~ Бір өзі елу нар өгіз, екі жүз бұзаулы сиыр, үш жүз жылқы, мың қаралы қой, бес жүз бас шошқа айдап өргізіп, мыңғырған малын қаладан аулақтағы заемкада бағатын. С.Ом.

АЙДАҺАРДАЙ (АЖДАҺАДАЙ) ЫСҚЫРДЫ

Адам шошырлық дауыспен қорқытып-үркітті, мысын басты. ~Тарылмады қарасаң, Қосайдың батыр тынысы. Жауар бұлттай түнерді, Айдаһардай ысқырды, Ен қалмақты тықсырды. БС «Қосай б.» ~ Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті. С.Мұқ. ~ Ал тапа-тал түсте, халық көзінше, айдаһардай ысқырып, бетіне жан қаратпай тұрған Бердібекті өлтірсең – онда бір сәрі. І.Ес. ~ Қызылқұм аждаһадай ысқырды. О.Бөк.

АЙДАП ӨРГІЗІП, ИІРІП ЖУСАТТЫ

Емін-еркін биледі, ойына келгенді істетті. ~ Айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелткен төрт түлік малына қатерлі, он екі жылда
бір айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды аман өткізіп, байдың баласының пейілі кеңіп, байға жарлы теңеліп,
жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей рақат ғұмыр өткізіп, тып-тыныш жатқанында өрттен шошынып
оянғандай бір күйге ұшырады халық… Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты. Жүрегіне найзадай тиді. М.Дул. ~
«Бостандық!», «бостандық!» дегенмен мұның бірі болды ма? Әлі бізді ертелі-кеш қойдай түгендеп, айдап өргізіп, иіріп
жусатпай ма? Сотник, десятник, городовойлардың бәрі де баяғы күйінше жігіттерді жүргізіп, барып тұрған жоқ па? І.Жан. ~
Бұл болыс жігіттерге таныс. Марданға мәлім. Өткен жылғы өзін ұстатып жіберетін Асылбек. Болыс бұл елді қашаннан бір
шыбықпен айдап өргізіп, иіріп жусатады. І.Жан.