Қатты дауыстады, шаңқ етті. ~ Сөйтіп тұрып Жаңабай жағына қарап: — Уа, ағайым! Сайлауда Текебайға дауыс беріңдер! Мен қойдым дауысқа түскенді! — деп айғай салған. Б.Мом. ~ Акбас бүркіт қуанғаннан айғай салды. Шаңкылдаған ащы дауыс тау мен тасқа, шың мен шыңырауға, жартастар мен шатқалдарға соғылып, жаңғырып жатты. С.Дос.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЙҒАЙ САЛЫМ ЖЕР
Адам дауысы жететін қашықтық мөлшері. ~ Қалың жыныс, орманды өзен алқабы қарауытып, үрейлі көріністер ербиеді. Айғайсалым жерде орман мекемесінің қарағай кескен жұмысшылары, дули бастаған. Т.Рыс.
АЙҒАЙҒА АТТАН ҚОСТЫ
Дүрліге шуласты, азан-қазан болды, дауды, қақтығысты өршелендіре түсті.
~ Төбелес әбігерімен бөркінің қайда қалғанын аңғармаса керек. Оның артынан кірген жастау жігіт «ойбай өлтірді, өлтірді»
деп айғайға аттан қосады, бірақ арғы жағында ешбір зіл жоқ сияқты. Б.Қыд. ~ Жайдарылық әкелдім, Тынысы кең,
Қорқытпайтын қоқаңдап қылышымен. Шаш ал десе бас алып қайсы істе де, Айғайға аттан қоспайтын құры сүрен. Е.Нүс. ~
Айғайға аттан қосып, күні бойы көшені басына көтерген бұл азаматтар жылдар бойы жабайы сауданың көрігін қыздырып
келген. БАҚ. ~ Атқанда да оқ түнге тимесе, мыңға тимес еді. Өйткені аспан бұлтты, түн тым қараңғы болатын.
Қашқындардың артын ала шапқан мен әдейі мүдәйілік жасап, айғайға аттан қостым. Б.Қыд.
АЙҒАЙҒА КӨНІП, АЙДАУҒА ЖҮРДІ
Біреуге тәуелді болды, айтқанынан шықпады. ~ Күн көрісін де көрді Шоқан, олардың көліктері — қайықтары, желісі мен көгені — аулары, бағатын малдары -судағы балықтар, олар айғайға көніп, айдауға жүре ме? С.Мұқ.
АЙҒАЙ-СҮРЕН (АЙҚАЙ-СҮРЕН) КӨТЕРДІ (САЛДЫ)
Қым-қуыт шу көтеріп, атой салды, ұрандатты. ~ Қарсы жақтағы жауда бір төбеге шоғырланып айғай-сүрен көтерді. Б.Жұм.
~ Ауылды үркітіп, айғай-сүрен салады. Ел жиналып кетеді. Ж.Сәм. ~ «А, Құдайлап» орнынан тұрып, жотаның басынан айқай-сүрен көтеріп, тымағын бұлғап ауылдағыларды шақырды. Ғ.Біл.~ Біз үйден шыға бере, күзетшілер ‹‹қашты›› деп айғай-сүрен салып хабарлайды. Б.Жұм. ~ Жаңа бұларды байқап қалған қуғыншылар ұран тастап, айғай-сүрең сала шапқан. С.Дос.
АЙҒАЙ-ҰЙҒАЙ (БОЛДЫ)
~ Лезде ауыл айғай-ұйғай болды. Дүсірлеп, шұрқырасып жылқы да келіп қалды. «Жүгір! Мін! Жүген, жүген!» деген дауыс естілді. Ж.Айм. ~ Роберт бір сәт сигнал күткен спортшыдай қатып қалды да, кілт бұрылып, асфальт көшені тарсылдатып қаша жөнелді. Тарс етіп мылтық атылды. Айғай-ұйғай, шырылдаған ысқырық… Т.Әб.
АЙҒАҚ БОЛДЫ
Дәлел ретінде пайдалануға жарар дерек туралы. ~ Онегиннің жүрегіне Айғақ болад айтып өзін, Я крест, я келте сөзбен Я сұраудың ілгегімен. І.Жан. ~ Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар. Ж.Айм.
АЙҒАҚ ШӨҢГЕЛ /Ж ?
~ Уәделі мерзімінде барып жөнін сұрағанымызда, Смайыл: «Батыр айғақ шөңгел куәларыңыз жоқ қой. Әлі де
қарастырып анықтаңыздар. Ат үстінде тұрып Жақсыбай бір ауыз сөз айтты деп тұра бассалып шариғат ұстау ағайын
арасына жараспай тұр. C.Бег.
АЙБАТ САЛЫСТЫРДЫ
Бір-біріне сынай, міней қарады; бір-біріНің дәтін, күш-қуатын шамалады. ~ «Шүлдіреген шақша бас неменің құтырғанын-ай»,— деп Дүйімқара тістенеді. Екі арғымақ аңдысып тұр. Екі батыр айбат салыстырады. Ә.Кек. ~ Қырындамай тұрып, ажар салыстырып, айбат салыстырып, қылық салыстырып алмай тұрып олар да қауышпайды. Ә.Кек.
АЙБЫНЫНАН ЫҚТЫ
Сұсынан, қаһарынан жасқанды. ~ Қазіргі Күреңбай күні кешеге шейін Нұртайдың айбынынан ығып, әмірін бұлжытпай орындай беретін Күреңбай сияқты емес. С.Ом.~ Не десеңдер де, өздерің біліңдер. Бәріңнің де естіп-көрген жерлеріңдегі екі үлкен сулы дарияның көк шалғынын ар жағындағы шеркестер мен ноғайлар, бер жағындағы башқұрт, қазақ, түрікпендер ақ патшаның айбынынан ықпаса, бір уыс қалмаққа бір күн жайлатар ма, — деді ІІІерін Дөндіктің елшісі. Ә.Кек.~ Қазіргі Күреңбай күні кешеге шейін Нұртайдың айбынынан ығып, әмірін бұлжытпай орындай беретін Күреңбай сияқты емес. Иесінің бұйдалы тайлағындай елпең қағатын көнбіс сипатынан белкүллі айнып, жаңа бір қайсар мінез тапқандай. К.Қаз.
