АЙҒАҚ БОЛДЫ

Дәлел ретінде пайдалануға жарар дерек туралы. ~ Онегиннің жүрегіне Айғақ болад айтып өзін, Я крест, я келте сөзбен Я сұраудың ілгегімен. І.Жан. ~ Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар. Ж.Айм.

АЙҒАҚ ШӨҢГЕЛ /Ж ?

~ Уәделі мерзімінде барып жөнін сұрағанымызда, Смайыл: «Батыр айғақ шөңгел куәларыңыз жоқ қой. Әлі де
қарастырып анықтаңыздар. Ат үстінде тұрып Жақсыбай бір ауыз сөз айтты деп тұра бассалып шариғат ұстау ағайын
арасына жараспай тұр. C.Бег.

АЙҒЫР ҚУҒАН ТҰМСА БАЙТАЛДАЙ

Зәресі ұша (қашты). ~ Асау дөнен таң қалады. Айғыр қуған тұмса байталдай әне бір машина безінеді. Өкшелеген өктем жау жетіп желкесін қиярдай тұс-тұсынан сып-сып көмекей жырта шыңғырады. С.Ел.

АЙҒЫР САЛДЫ

Биені қолдан қашыру туралы. ~ «Жал құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз, Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз. Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат тумас, Жаманнан қатын алсаңыз, Жауға шабар ұл тумас» Ауыз әдеб. ~ Жабыдан айғыр салсаң – жауға мінер тұлпар жоқ. Жапалақты қолға қондырсаң – түлкіге түсер сұңқар жоқ. Тұлпарды – мыңнан, сұңқарды – қиядан іздейміз бе әлде? Не ойың бар, жамағат? С.См.

АЙҒА ҚОЛ СОЗДЫ

Қол жетпейтін мақсатқа талпынды, босқа әуре болды. ~ Алыс аспандағы толықсыған айға қол созған лепірген көңілмен алдағы күндердің шырқау көгіне жарқырап көтерілеріне сенімі кәміл болатын. С.См. ~ Әзиз-Сұлтандай асылдың жанында өзін қор санады. Ол – аспандағы жарқыраған жұлдыз, бұл – кім көрінгеннің табанының астында илектеліп жатқан қоқыс. Оны ойлауға, сүйем деуге қандай хақысы бар? Көктегі Айға қол созған не теңі? Т.Сәу. ~ Бәкизат осымен өткізген өміріне өкінді. Баяғыда қазақтың маңдайынан жаралып туған нарқасқа жігіттерін көзге ілмей, қасы-қабағының райына зар ғып қоюшы еді. Солардың біріне мүсе тұтпай, аспандағы айға қол созып жүргенде тапқаны осы болғасын анасы байғұс қалай күймесін? Ә.Нұрп.

АЙҒЫР СТАҚАН

Үлкен, қырлы стақан. ~ «Таң атпай бұл неткен ойын-сауық?» ─ деген түйткілмен есікті барып ашты. Соқтауылдай бес-алты жігіт. Алдарында айғыр стақан, арақ пен нан қиқымдары. С.Шай. ~ Сан Саныч пен Бекет «тағы тайганың» мінезіне басып, айғыр стақанмен бір-бірден тастап — тастап жіберді де Сиғат дәм татып, рюмкасын бөтелкенің қасына апарып теліген соң, бұлар да ыдыстарын теріс төңкерісті. Қ.Ыс. ~ Шампанның бөтелкесі бос болатын. Мұрат аузы ашылған арақтан айғыр стақанға толтырды да, тартып жіберді. Қ.Ыс.

АЙҒА ҚОЛЫ ЖЕТКЕНДЕЙ

Бар тілегі, арман-мүддесі орындалып, төбесі көкке тигендей. ~ Жайнаған жарық дүниені, Илонаны түсімде көргенде аспандағы айға қолым жеткендей жаным жадырап, қуанышқа бөленемін, рақатқа батамын. С.Ом. ~ Жалғаным емес, расым, достар, сол кезде өз басым, аспандағы күн мен айға қолым жеткендей мардымситынмын. М.Әбд.

АЙҒЫР ТОП

Көп адам, ірі топ. ~ Сары ала шатырдың іші толы адамның ешқайсысында үн жоқ. Осы бір тізерлесе тізілісіп қалған айғыр топ екі адамның егесін емес, екі төбеттің таласын көріп отырғандай ынт-жынттары кетіп, телмірісе қалыпты. Ә.Кек. ~ Шүңірек көк көзінің шалғайына саулаған ащы терді шынашағымен қағып жіберіп, қайқақ төсіне төгіле құлаған жирен сақалды бір сипап қойып, есіліп сөйлеп отырады. Оның соңында да — айғыр топ қошаметші. Оның да еститіні — тек қолпаш. Ә.Кек.

АЙҒА ТАЛПЫНДЫ (ҰМТЫЛДЫ)

Дәмесі тым жоғары болды; қолын тым алысқа созды; арманы биік болды. ~ Шеш көңлімнің жүмбағын, Әлде бәрі алданыс. Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс. Абай. ~ Асқаралы шыңдарға шығара ма өлеңім? Жан дертімді асқынған, жырмен емдеп келемін. Аспан асты тарлық қып, Айға ұмтылды арманым, Апа, Сізге алғаусыз сырымды айтсам деп едім. А.Бақт.

АЙҒЫР ҮЙІР ЖЫЛҚЫ (ҚЫСЫРАҚ)

Бір үйір (20-30 шамалас) жылқы. ~ Айғыр үйір жылқыны жұта салатын Бөленге жүздеп қой, маталған түйелерді айдап келіп жатқан жоқ па? Ә.Шәр. ~ Жалғыз түп қана шиіне Айғыр үйір жылқы ығар. Сондай шүйгін шөбі бар, Көшудің соған жөні бар. І. Жан. ~ Қара аттың соғыста шекесіне сойыл тиіп, басы жарық боп түскен екен. Сонда да Құнанбай қызығып, Сүйіндіктен сауғаға сол атты сұрата жібереді. Бірақ Бостан дегеннің ауылы Сүйіндіктің бір айғыр үйір қысырағын апарып сойып алған. Т.Жұр.