АЙБАТЫНА МІНДІ

Долданып, ашу шақырды, зәрлене қалды. ~ Айбатына мініп, кәрі бурадай буырқанып жүрген Кетбұға жаудың қос қапталдан бірдей қусыра бастағанын байқап қалды. Д.Рам. ~ Сыртта шынымен боран басталыпты. Адам ұшыратындай айбатына мінбесе де, төбедегі қарды саулатып, ұшырып жатыр. Ы.Дәб.

АЙБАТЫНАН АЙ ЖАСЫРЫНҒАН

Сұсына адам шыдамайды; қабағынан қан тамған. ~ Айбатынан ай жасырынған Бекназар тұрғанда, моп-момын келін, қайратты күң бола қалмай ма. Қ.Шабд. ~ Енді, міне, айбатынан ай жасырынған Тұрлыбек мезгілсіз қаза тапқан соң, қалмақтар аяқ астынан айбарлы бола қалды. С.Досан.

АЙБАТЫНАН АТ ҮРІКТІ

Зәр төккен жүзінен, жер жарған айбар-атағынан қорықпайтын жан жоқ д.м. ~ Айбатынан ат үркетін, ірі сөйлеп, кесек
турайтын, аузы дуалы оғландарымыз елім-жерім дегенде жан беруге даяр еді. Ж.Аяз.

АЙБҰҚАЛЫҒЫНА БАСТЫ

Бет қаратпайтын шатақ мінез туралы. ~ Ойбой, құдайыңды еске ал, оған ақша табу оңай ма? Қанша болатынын пәруайладың ба?! Ойбай-ау, шашымның түгі жетпес… — Жеткіз! Еркексің ғой… — деп Айдақгүл айбұқалығына басып өкшесін еденге қадады. Е.Абд.

АЙБЫНЫ АСТЫ

Атақ-даңқы, абыройы, беделі, күш-қуаты асып кетті. ~ Талай алыптардың қол табы қалған, ашып-жабуға ауыр болса да айбатынан айырылмаған киелі есіктен имене кірді. Таңдана тамашалады. Бірақ осы ортаның айбыны асып тұрғанымен алмағайып замандағы ұқыпсыз иелері жағынан бағы тайып тұрғандай жүдеу көрінді. Ж.Шәк. ~ Жарықтық дала, молшылық — мұхит, демімен, Тамшының орнын толқындарына теліген. Қайнары тасып, айбыны асып сол жылы Өкінішімді шайды да кетті селімен. ~ К.Мыр.~ Кетбұға айбыны асып, мерейі тасып тұрған сұлтанның қаһарынан қаймыға қойған жоқ. Д.Рам.

АЙБАТ ҚЫЛАР

Сес көрсетіп, мінез танытар. ~ «Мына бастық оңбаған, орнынан алынсын!» – деп жақ ашып, айбат қылар біреу жоқ. Соғыс заманы. Ш.Мұр. ~ Олар жоқ қой. Сәл-пәл айбат қылар Дүйсенбайдың өзі бас сауғалап, темір жолдың жұмысына кіріп кетті. Ш.Мұр.

АЙБЫНЫ АСЫП, МЕРЕЙІ ТАСЫДЫ

Беделі өсіп, атақ-абыройы артты, мерейі үстем болды.~ Кетбұға айбыны асып, мерейі тасып тұрған сұлтанның қаһарынан қаймыға қойған жоқ. Еш тайсалып, тайсақтамастан Құтыздың сұсты жүзіне тіке қарап… Д.Рам.

АЙБАТ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Зәрін шашып, қорқытпақ болды. ~ Кешқұрым мезгіл. Таңертеңнен бері күн жауардай тұтасқан қорғасын бұлттар ауық-ауық
күркіреп айбат қылғанмен бір тамбай, ақыры алақаншықтап ашыла бастады. Т.Әбд. ~ Бізді көріп, өзін-өзі ол жүндей түте
бастады. Мағнасыз айбат қылып ақсияды тастанды. М.Мақ. ~ — һайт! һайт! — деп айбар беріп келеді. Онысы дала тағысы
қарсы шауып, айбат жасамасын, бие үстінен жұлып алмасын деген қоқан лоқы. К.Жүн.

АЙБЫНЫН АСЫРДЫ

~ Сiз айтпасаңыз да сойдауылдай-сойдауылдай үш қарақшы күзетiп, кешеден берi қасымнан қарға адым ажырамады. Ол,
жарайды — сырт жерде, бөгде елде жүргенде жарасымды. Нөкерiн ерткен ханшадай, айбынымды асырды. Ә.Ыб.

АЙБАТ САЛЫСТЫРДЫ

Бір-біріне сынай, міней қарады; бір-біріНің дәтін, күш-қуатын шамалады. ~ «Шүлдіреген шақша бас неменің құтырғанын-ай»,— деп Дүйімқара тістенеді. Екі арғымақ аңдысып тұр. Екі батыр айбат салыстырады. Ә.Кек. ~ Қырындамай тұрып, ажар салыстырып, айбат салыстырып, қылық салыстырып алмай тұрып олар да қауышпайды. Ә.Кек.