Не бітірдің, не тындырдың, керек кезінде неге бір әрекет жасамадың д.м. ~ Ол енді Жамалдың жағасынан ала түсті: –
Қортық неме. Не деп көкіп тұрсың? Қасым келді дейсің бе? Қатыны мен баласын алып қашқанда сен айға бата жасап
отырдың ба?! Ж.Шәк. ~ Тұмсыққа жейтіндігін бұрын да сезуші едім. – Ондай әулиелігің болса бетінен ала түспей айға бата
қып жүрдің бе? Ғ.Біл. ~ Ақбала. Адасып жүріп айға бата қылғандай, аяқсыз жүріп кез келгеніңді мен қайтейін (Құшағынан
босанады.) Біз десең, бұрын көрмеп пе ең! М.Әу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЙБАТ ТӨКТІ
Қаһарына мінді. ~ Айғыз-айғыз, бүртік-бүртік жарақат басқан беті быржия қатпарланып, күн күйдіріп, жел қақан
қоңыр өңі суық ызбар шашып, дүниеде жоқ, ерекше тұрпат, каһарлы мақлұқат кейіпке түсксн. Күліп емес,
айбат төге арылдап тұрғандай. М.Мағ.
АЙБАТ ШАҚЫРДЫ
Ашуға мінді, зілденді. ~ Орынды тілегі орындалмай, өтініші аяққа басылып орыс әскерлерінің қырдағы ойраны үдеп бара
жатқан соң ол да айбат шақырып, қайратқа мініп қауырт қимылға кірісті. C.Ақт. ~ Дандай жалт бұрылып, аузы аңқиды. «Әй, сәбікі, таста андағыны, – деді лезде айбат шақырып, – Мойныңды үзіп алам, күшік!» Н.Дәу. ~ Бейнебір алып үйлердің
арасына мың арыстан, жүз жолбарыс жатып алып, құйрықтарымен жер сабалап, айбат шақырып, ақырып–бақырып
жатқандай… М.Қаб. ~ Нағашысы Нияз серіні көрмейсің бе? … Кезең-кезеңде, керек жерінде беріктік бекінісіне айналмаса бұл Нияз сері, Нияз палуан, Нияз батыр бола ма! Торғын да мұның бойына қайрат құяр ма еді! Жылар, жыламас, бірақ оның да айбат шақырарлық ғажап мінездері бар. К.Қаз.
АЙБАТ ШАШТЫ
Қаһарланды, ашуға мінді. ~ Тымық ауаны ызалы айбат шашқан арсыл-гүрсілге толтырып, қар бората алысып, төңірегін ақ түтек топырға айналдырды. М.Мағ. ~ Маған қарап, қарға тұяқ жұдырығын түйіп, бірдеме деп кіжінген тәрізді болады. Терезеден о да бізге айбат шашқан болады. С.Сей. ~ Нарғазы да дүниенің бәрін ұмытып, даудың қызығына түскен. Екі білегін түрініп, берсең де бересің, бермесең де бересің дегендей кейіп танытады. Әдемі қара мұртының әрбір түгі едірейіп айбат шашып тұрғандай. К.Қаз. ~ Келер мезетте сойдақ-сойдақ, сап-сары, қарыс сүйем қос-қос азулы жеміт аузын арандай ашқан да, шырылдай дір қаққан дəрменсіз баланы бел ортадан қаржи тістеген; басын кегжитіп, езуінен айбат шаша гүр етіп, бүктеле бұрылған да, киіз есікті серпе ашып, сыртқа бір-ақ қарғыған. М.Мағ. ~ Екi қолын сәл көтере, ажарынан айбат шаша Нұрмира жебедей суырылды. — Бүгiн мен жолға дайындаламын, оны-пұнымды реттеймiн.
АЙБАТ ШЕКТІ
Сұс көрсетті; қаһарына мінді; ашу шақырды. ~ Кейде, найзағай ойнай бастағанда, үйге тығылып, киізге оранып, артын
күтеді. Кейде керісінше, далаға шығып, қылышын жалаңдатып, аспанға айбат шегеді. М.Мағ. ~ … «өлдім!» деп шыңғырған
дауыстан шошып оянсам, көрдей қараңғы үйдің ішінде, қамыс арасында қорсылдап айбат шеккен қырдың қабаны сияқты
біреудің күрілдеген былапыт сөзді ашулы даусы естіледі, шамасы, әкемнің даусына ұқсайды… С.Мұқ. ~ Олардың қолындағы
көк сүңгі тек маңғұлдарға ғана емес, барша жарық жалғанға түгел айбат шеккендей. Ә.Кек.~ Тыртиған салынды сайтан
құйрығын бұлғаңдатып, қайың безінен жасалған арыстан жалды, есек құлақ маска аузын ырсиған айбат шекті. Қ.Ысқ.
АЙБАТЫ АЙДАҺАРДАЙ
Қаһары қатты, сұсынан ел үріккен. ~ …алты дуан елге мәлім, айбаты айдаһардай Нұрлан болыстың елу жылқысын Тұрлыбай талтүсте тиіп алып, теңдік бермей кетті. Ғ.Мұст.
АЙБАТЫН АСЫРДЫ
Атын шығарды, атағын көтерді, абырой қосты. ~ Әсіресе Шөкенің қызыл қолымен аю соғып алған ерлігі айбатын асырып қана қалмастан Шөке бар Тұмардың малына да көз қызартушылар тиыла қалды. Б.Жұм. ~ Тұмар ауылы сырт көзге салтанатын асырып, айбатын асырып алған екен. Б.Жұм.
АЙБАТЫН СЫРТЫНА САЛДЫ
Іштегі қыжырын жасыра алмады, долыра бастады.~ Ағаң келіп жүр екен ғой, — деді, доңыз айбатын сыртына салып, тістенген батыр. Екі бүктеліп жатқан әйеліне. Батырдың әйелі енді өзін өлім ғана күтіп тұрғанын сезгендей тіс жармай бағанағыдай емес қайсарлана батырға қараған еді. Б.Жұм.
АЙБАРЫ ШАҒЫЛДЫ
Сұсынан айрылды, бишара халге түсті. ~ … жаға-жеңдері жыртылған, қоқырайған күнқағар-папахалары тоналған, талайының кеңсірігі бұзылған, тотяиынданып тұратын көздерінің үстінен көгілдір томаршалар өніп шыққан, ажары сынған, айбары шағылған. Ғ.Біл.
АЙ СӘУЛЕСІНЕ МАЛЫНДЫ (БӨЛЕНДІ)
~ Олар ай сәулесіне малынып бері қарай жүре бергенде біз де тасадан шыға келмек болып тұрғанда, арт жақтан тағы бір топ көрінді. Б.Тоғ. ~ Қайтадан түтін түтетіп, қайтадан шаңырақ көтеріп отырған аяулы азаматтың көңіліндегі үміт сәулесін біржола үзуге дәтім бармады. Жендет рөлін атқарғым келмеді. М.Кәр. ~ Жамал ай сәулесіне малынып Ақжар басына қарай кетіп барады, кетіп барады… Б.Тоғ. ~ Абылайдың бойшаң тұлғасы ай сәулесіне бөленіп, бұрынғысынан да ұлғайып, айбарлана түскендей. І.Ес.
