Ай мен жылдар артта қалып, өмір өтіп жатыр. ~ Ай артынан ай, жыл артынан жыл өте берді. Яков есімі тілге ыңғайлы Жақыпқа айналып, біржола тұрақтады. М.Мағ. ~ Өстiп ай артынан ай, жыл артынан жыл жылжып, тамыры суалған кәрi емен еңкейiп шөгiп, саясындағы қос шыбық күнге бой созып биiктей берген. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЗУЛЫНЫҢ АУЗЫНДА, ӘЛДІНІҢ АЛҚЫМЫНДА КЕТТІ
~ Мына заманда, қара құстан үйренетін жеріміз де бар– ау! – Жолбарыстай жүрек, арыстандай айбат, қасқыр мінез, түлкі
қулық керек бүгін. Әйтпесе, әлі де азулының аузында, әлдінің алқымында кетеміз. Т.Рыс.
АЙ АСТЫНДА
Айлы түнде. ~ Бір жұлдыз ай астында сəулеленген, Көп дұшпан сырттан асық, əуреленген, Басында қап тауының сіз бір пері: Тұра алмас тағат қылып, сізді көрген. Ж.Айм. ~ … бозара қарауытқан кең далада, жарқырай дөңгеленген ай астында тұрып, бар ындын, ниетіммен құдайға жалбарындым. М.Мағ. ~ Астындағы аяқты жылқы анық қатерден шалдырмай алып шығады. Күнгей елін бетке алып ай астында жұлдызша ағыпты. Д.Дос.
АЗУЫ АЛТЫ ҚАРЫС
Түсі сұсты, ызғарлы, қаһарлы алпауыт адам. ~ Шамасына қарамай, азуы алты қарыс халдайлармен тіресетін ойы бар.
Қ.Жұм. ~ Қашан сондай бір елшілік орысқа бара жатып, ойраттарға қолды боп кеткенше солай бола берді. Ал, әлгі бір оқиға
азуы алты қарыс әз Тәукенің ел алдындағы беделін шайқалтып жібергендей болды. Ә.Кек.~ Әкесі Тойшы Қаратал бойының
азуы алты қарыс арыстаны Жалмендемен алысып еді. Б.Тоғ. ~ Санжар мәнісін кейінше түсінді. «Тендер» дегенің қып-қызыл
ақша екен: осынау аузы алты қарыс алпауыттар гүлге үймелеген бал арасына ұқсап … өліп кете жаздайды. Д.Дос. ~
Өмірдің басқа өрісі тарылғаннан қанша ойланып бұлқынғанмен, енді босанып кету қолынан келмейтінін
ұғынған Майра қайратқа мінеді. Аузы алты қарыс күндестің аңдыған — баққан өсегіне, бай ауылының
бықсыған сасық әдет-ғұрпына қарсы тұрады. С.Бег.
АЙ БАҒЫП (ҚАРАП) ЖҮРСІҢ БЕ?
Не бітіріп жүрсің, не істедің, қайда болдың д.м. ~ Жәйі келсе құладынды сұңқар деп, пұлын өткізе алмай жүрген шығар бұл көк соққандар… Әйтпесе Айшадай аруды баяғыдан байқамай, ай бағып жүр ме сендердің Айтқалиларың? Ә.Асқ. ~ Құлынынан сол, қозысынан сол! Əжең саған ертегі ойламағанда ай бағып жүрді ма екен. С.Досж. ~ Өшiр үнiңдi! Қыз алсаң‚ баяғыдан берi ай қарап жүрсiң бе? – деп Көптiлеу ақырып, оны тиып тастады. О.Бөк.
АЗУЫ КЕРЕ ҚАРЫСТАЙ
Тегеурінді, күшті, айбарлы. ~ Саурық атының басын тежеп, Байділдаға: – Кеше осы әулеттің азуы кере қарыстай байлары менің үйімде қонақ болып отырғанда, қатыныңмен төбелескенің маған көмектескенің бе, болмаса менің болыстыққа сайлануыма бөгет болғаның ба? Ә.Шәр. ~ Артыңнан қуып мен жеттім Тұлпарымды жебелеп. Мен арғын деген арыспын, Азуы кере қарыспын. Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын. Бұхар ж.
АЗУЫН АЙҒА БІЛЕДІ
Айбат шекті, күш көрсетті, сұстанды. ~ Ақсақ Темір көреген, Азуын айға білеген, Дұшпанын саздай таптаған, Досын майдай
сақтаған, Алтын діңгек секілді, Патша өткен Тұранда. Д.Баб. ~ Тіпті бұдан екі он жыл бұрынғы сыртқы жағдайымызды
алайық. Ол уақытта аралдағы Англия азуын айға білеген арыстан еді. І.Жан. ~ … «қой, шайнап берген ас болмас, азуын
айға бiлеген өңкей қасқа өздерi-ақ апшысын қуырып шайнап тастар» деп, арқасын кеңге салған. Т.Сәу. ~ Кім дерің бар,
күнім… заманында азуын айға білеген азамат еді, ер еді нағыз еңіреген! Д.Әш. ~ *… азуын айға бiлеген ана қумүйiз
Романов, Тихонов, Гришиндердiң желке күжiрейткен дөң айбатынан iш жиып жүргенде, жау көбейтiп алам ба деп те
қауiптенедi. Т.Сәу.
АЗҒА ҚАНАҒАТШЫЛ
Барымен базар болып үйренген адам туралы. ~ Салон айтты: «Атнада бір кедей бар, Не қылсаң да болмайсың сен оған пар. Таза, еңбекшіл, азға да қанағатшыл, Халқына қиянатсыз қызмет қылар». Шәк.
АЗҒА ӨКПЕЛЕП, КӨПКЕ ТОПЫРАҚ ШАШТЫ
Біреудің кінәсін басқаларға жайған жоқ. ~ Не көрсем де артымда елім бар екен ғой, азға өкпелеп, көпке топырақ шашпайын деп, елде қала бердім. С.Жүн.
АЗҒЫНДЫҚ ЖОЛ
Адамды адамшылық қасиеттерден айыратын іс-әрекет, ілім, әдет-дағды. ~ Өңшең бәдбахыттар қазіргі күнде балаңды әкеден бөліп алып азғындық жолға түсірсе, күндердің күнінде жұрттың қойынындағы қатынын тартып алады әлі. С.Ом. ~ Басына қиын-қыстау іс түссе болды, ел-жұрт еріксіз екіге бөлініп кетеді. Бірі — нақұрыс пен надан. Ішінен іріп, ішімдікке салынады. Екіншісі — естісі мен ересегі. Дінге ділін аударып, ділмарлық жолға түседі. Алғашқысы азғындық жол-дағы, кейінгісі аз күндік алданыш. Әйтпесе, қазақ діншіл болса, бұрын қайда жүрген? И.Сап. ~ Денсаулықтарыңа тиімді деп, жап—жас жігіттерді азғындық жолына салатын кімдер? Солардың өзі. Созға шалдыққан соң барып, білгішсініп — бәлсініп, емдеп жатқандары өздерінше. Л.Тол.
