Қайтыс болған жақынын жоқтап, еске алатын, қайғы тұтатын мерзім. ~ Содан соң Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді. Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады. Ас өтті. Қаралы жыл толды. Енді азалы күндер бітті дегеннің белгісі. М.Әу. ~ Ел басына түскен азалы күндерде де, туысқаннан айырылған қаралы күндерде де қазақтардың қасынан екі елі қалмайтын зарлы жоқтау сияқты шерлі әннің ырғағы да түйе адымындай ақырын, баяу. Ә.Әл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЗАР БЕРДІ (КӨРСЕТТІ)
Жәбірледі, қорлық көрсетті, азапқа салды, запа шектірді.
~ Миллиондар жасаған байлық бір-ақ Күн ішінде таланды жоқ боп құрып. Нарық солай халыққа азар берді, Еңбек орным тамұқтай базар болды. Т.Абдр. ~ Әр түрлі жабір-жапа, зорлықпенен, Халықтың азар берді біразына-ай. Т.Ізтіл. ~ Жаста көрген азаптың тебіні қартайғанда азар береді. Б.Қыд. ~ Егер бұл елден ерек боп жаратылса … «халық қанаушысы, алдауыш» деп жала жауып, қаладағы түрмеге апарып жауып тастағанда, азар берушіге «кереметін» көрсетпес пе еді. О.Сәр. ~ – Бұл қалай, отағасы? Мына жігіттің меншікті малына азар көрсеткеніңіз рас па? О.Сәр. ~ Бірақ мені қабыл алды. Бәрі орыс демей. Балтасыз… Мен қонақпын! Құлдыққа сатпасына, азар көрсетпесіне көзім жеткен. Тегіміз бөтен болса да, түбіміз бір. М.Мағ.
АЗАЛЫ ТОПЫРАҚ ҮСТІНДЕ
Өлген адамды соңғы сапарға шығарып салу кезінде. ~ Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым… М.Мағ.
АЗАР БОЛСА
Көп болса, мықтағанда, асып кеткенде. ~ — Азар болса түбіңіз шикі шығар. Айта беріңіз. Бұл қалада түрлі адамдар бар. Ғ.Мұст. ~ Бізге сабақ берген марқұм Әміреқұлды оқушы біткен «Ойбай, балдақ келе жатыр» деп күлуші ек, азар болса енді мені де сөйтер, – Асыраубай әзер езу тартты. Н.Дәу.
АЗАЛЫ ҮН
Мұңды, шерлі, қасыретке толы ндыбыс, жылау, жоқтау үні. ~ Əр үйдің есігі оқыс ашылды. Əр үйден үрейлі əйел- еркектер ытқып шығып, əлгілерге азалы үн, аһ ұрған мұң қоса бастады. Бұл жалпы жұрт басына түскен ауыр қасірет үні болатын. З.Қаб. ~ Бала атасының қарлығып, қаңсып шыққан азалы үнінен селк етіп, ойға батқан басын көтеріп алды. Н.Дәу.~ Ауыл адамдары талай күннен бергі боз інгеннің жан күйзелісін сезген де, көңіл бөлген де жоқ. Сәбиді ақ жауып арулап қойды. Жетісі өтті. Міне, сонан кейін ғана оның азалы үніне ел құлағы түрілді. М.Сүн.
АЗАМАТ АТ ҮСТІНДЕ
Қиын-қыстау заман, қилы кезеңде ел іші алаңдаулы; ер адамдар не нәрсеге де сақадай сай. ~ Қартқожа жасаққа келсе, азамат ат үстінде екен. Төмпейдің бетінде топ. Басқылар ортада. Бір-екі кісіге жігіттер қамшысын білеп, ақырып, төніп-төніп қояды. Ж.Айм. ~ Ел жайлауда. Аспан шайдай ашық, күн ыстық, ұп еткен жел жоқ. Сонда да дала толқыған теңіздей астаң-кестең. Азамат ат үстінде. Ақсақал, қарасақал кеңесте. Аһлаған, жылаған, гөй-гөй тартқан әйелдер үні тұтасып, ауыр, азалы, әрі ызалы ғажап бір күйге айналып тұр. Ғ.Мұс.
АЗАН САЛДЫ
1. Діни адамдардың намаз алдында дауыстап, жар салып окитып дұғасы туралы. ~ Көземіз майға, Көзіміз жасқа кенеліп, Азан салайық: — Оянғын, баба, оянғын. Хан менен бектен, Молда мен шонжар, күштіден, Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп. М.Мақ.
2. Даңғаза қылды, даланы (үйді) басына көтерді. ~ Дәркембайға да қамшы жауып кетті. Әр үйдің есігінен қарап тұрған қатын-бала азан салды. М.Әу. ~ Әменді бар қазақ алқасының шарай тобы алдынан жыра тартып, осылайша жапа шектіріп алып бара жатқанда, жертабандатқан күйігіне шыдай алмай сол Мұстапа азан сала айғайлап: — Дүние қара — аң! Дүние қараң!!! — деп жіберді. Ж.Ахм.
АЗАН ШАҚЫРЫП, АТ ҚОЮ
Жаңа туған нәрестеге есім беру дәстүрі. ~ Мұртты қазақтың бүгінгі ұрпағы логикалық жағынан жұртты жеңіп кетті де, Әбдәшімнің баласы Бонапарт деп аталды. Той тойланды, азан шақырылды, ат қойылып, ресми бекіп кетті. Д.Ис. ~ Араға салатындары Бекболат. Бекболат дейтін — түркілік оқуы бар, кісі өлсе — жаназа оқып, бала туса — азан шақырып ат қойып, қыз ұзатылса — неке қиып, «молда» атын алып жүрген кісі. Б.Май.
АЗАН-ҚАЗАН БОЛДЫ
У-шу болды; айналаны басына көтерді. ~ Ауыл таң атпай жатып азан-қазан болды. Азан-қазан қылған ақшелек еді. Т.Әбд. ~ «Бұрындық!», «Бұрындық!», «Керей!», «Керей!» деп салған ұраннан, шапқан ат, айқайлаған дауыстан ауыл үсті азан-қазан болды да қалды. Б.Нұр. ~ Сәлім Малдыбайды арқалап үйге кіргенде Зейнептің зәресі ұшқандықтан: «Құдай-ау не болды?» – деп айғайлап жылап жіберді. Оған екі баланың шыңғырған дауысы қосылып, жел шулағандай үйдің іші азан-қазан болды да қалды. Ә.Шәр.
АЗАННАН (ҚАРА) КЕШКЕ (ІҢІРГЕ) ДЕЙІН
Күн ұзаққа; күні бойы. ~ – Азаннан кешке дейін төрт бүктеліп орақ орып жүрген сізге бір сәтке болса да бой жазып, жұрттың жүзіне қараудың өзі жүдә таңсық шығар. Қ.Най. ~ Одан кейінгі ұлдың есі бүтін сияқты еді, бірақ азаннан кешке дейін доп қуып жүріп, ақырсында әйгілі футболист атанып ол кетті. О.Сәр. ~ Малды, жанды, әйел мен баланы түгел ортаға салып, бір казаннан ас ішіп, жарлықпен жатып, бұйрықпен тұрып, азаннан іңірге дейін тынымсыз мехнатқа жегілетін өзгеше зұлмат. М.Мағ.
