У-шу болды; айналаны басына көтерді. ~ Ауыл таң атпай жатып азан-қазан болды. Азан-қазан қылған ақшелек еді. Т.Әбд. ~ «Бұрындық!», «Бұрындық!», «Керей!», «Керей!» деп салған ұраннан, шапқан ат, айқайлаған дауыстан ауыл үсті азан-қазан болды да қалды. Б.Нұр. ~ Сәлім Малдыбайды арқалап үйге кіргенде Зейнептің зәресі ұшқандықтан: «Құдай-ау не болды?» – деп айғайлап жылап жіберді. Оған екі баланың шыңғырған дауысы қосылып, жел шулағандай үйдің іші азан-қазан болды да қалды. Ә.Шәр.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЗАННАН (ҚАРА) КЕШКЕ (ІҢІРГЕ) ДЕЙІН
Күн ұзаққа; күні бойы. ~ – Азаннан кешке дейін төрт бүктеліп орақ орып жүрген сізге бір сәтке болса да бой жазып, жұрттың жүзіне қараудың өзі жүдә таңсық шығар. Қ.Най. ~ Одан кейінгі ұлдың есі бүтін сияқты еді, бірақ азаннан кешке дейін доп қуып жүріп, ақырсында әйгілі футболист атанып ол кетті. О.Сәр. ~ Малды, жанды, әйел мен баланы түгел ортаға салып, бір казаннан ас ішіп, жарлықпен жатып, бұйрықпен тұрып, азаннан іңірге дейін тынымсыз мехнатқа жегілетін өзгеше зұлмат. М.Мағ.
АЗАП АРҚАЛАДЫ
~ Ағалардан алған сол несие күні бүгінге дейін азық болып, қолыма қалам ұстай қалсам, соны өтермін-ау
деген үмітпен азап арқалап келемін. Ағадан аванс алғандар көп емес шығар. Ілгеріні қойып, біздің буыннан
олардың алдын көрмегендер де толып жатыр. Қ.Ысқ. ~ Бірақ сезімсіз тірліктің қасыретін аз тартты ма, жасандылық
пен азап арқалатқан махаббатты есіне алғанда, өзінің бақытын табу Шөкенің бақытын жандандыру деп білген. Б.Жұм. ~ –
Түкке түсінбеймін, неге жапа шегуің керек, неліктен азап арқалауға тиіссің? Құдай–ау, сен сәбидей бәкізе, жаһандағы ең
күнәсіз жансың ғой. Ж.Шағ. ~ Нүркен–ау, сенің бақытты болуыңды мен қаршадайыңнан армандап келемін. Бақытың алда,
дәл осы кейпіммен саған бақыт арнаймын деп азап арқалату мен үшін намыс. Б.Жұм.
АЗАП КӨРДІ
Жаны қиналды, бейнетке душар болды. ~ Елге батар ердің азап шеккені. Аз ба ақынның ауыр ойдан шөккені! Қ.Мырз. ~ Жоқ, мамасына айтпайды. Аза бойы қаза тұрып, жүрегі ауырып қалар. «Ақанжаным азап көріп жатқанда, сен не ай қарап жүрдің?» деп, көкесіне тиіседі. М.Қаб.
АЗАП ӨТКЕЛІ (ЖОЛЫ)
Қиындыққа, қайғы-қасыретке толы өмірлік жол. ~ Мен үшін, менің алғы күнім үшін Өткен-ді талай азап өткелінен. М.Мақ. ~ Елестейді Қарасаз құм-тасынан Әкемнің азап жолы жатқандай-ақ. М.Мақ.
АЗАП САЛДЫ
Байбалам салып, шатақ шығарды. ~ – Жанақ– ау! Біздікі қою сүт пісіріп жатыр! – деді Қабылтай. Жанақ қою сүт пісіріп бер деп анасына азап салды. Ж.Айм. ~ Ауылға қайтып келісімен әкеме азап салдым, мені сол ноғайдан орысша оқыт деп. С.Бег.
АЖДАҺАДАЙ ТӨНДІ
Айбат шегіп, сұсын көрсетті. ~ Ол неме де талай құқайды көрген қу екен, бұлтылдап қашып, атты тіпті шаужайлатар емес. Ақтөс болса аузын арандай ашады, аждаһадай төнеді. Қоя қал енді.Тер бойымнан андыздап ақты, жан алқымға тақалды. Д.Дос.
АЗАБЫН ТАРТТЫ
Қатты қиналып, қасырет шекті. ~ Он жыл ауру азабын тартып жатқан Есеней кейде қатты күйініп кетуші еді. Ақыл-ойы орнында, сана-сезімін де кінарат жоқ. Тек өз денесін өзі билей алмайтын болып қалғанына қатты назаланатын. Ғ.Мүс. ~ Иә, аттай алты ай! Сол алты айда бұл қанша оқиғаны бастан кешті? Сұм дүниенің адам түгіл, атан түйе көтермейтін ауыр бейнеті мен азабын тартты? Мына жалғанда бұл ішпеген у мен дерт қалды ма? Ә.Нұрп.
АЗ АЙТ, КӨП АЙТ
Не десең де, қалай болғанда да. ~ Аз айт, көп айт, мына біздер Алтыатаның қырғыз әйелінен тараған бел баласы боламыз. Д.Дос. ~ Сонымен аз айт, көп айт, бұйдаға бас ілген ботадай болып келіншегімнің соңынан мөнтеңдеп ілесе беріппін. Д.Дос. ~ Аз айт, көп айт, осы оқиғадан кейін көпке дейін Мансұр ақсақалдың фәнилік серігі – балбал кейуана қайғыдан қаусап, сөгіліп, еш оңала алмайды. Д.Дос.
АЗАҒА САЛДЫ (ӘКЕЛДІ)
Өлген кісінің үйіне көңіл айта барып, арнайы мал атау немесе дүние апару салты. ~ Бұл рас та еді. Кейбір шаруаның ұқыбын білмейтін керенау кедейлер жаздай байлардан алған сауын сиыр мен қойды сойып жеп, көлікті азаға салып, борышына беріп жіберді. І.Жан. ~ Бір тайыншам бар еді, оны қалқоз болмастан бұрын қатынның төркініне азаға салғам. Биыл тізбене де солай деп жаздырып ем ғой. Б.Май. ~ Күніне үш жүз қой, елу жылқы сойылады. Әрине, малды азаға әкелетіндер көп. Жүз-жүз саба қымыз ішіледі. Осылайша той он шақты күнге, тіпті одан да көпке созылмақ. С.Жүн.
