Әлдебір қауіпті іске аяқ басып, өміріне қауіп төндірді, ажал аузына тақады. ~ «Адам ба, осы отырған айдаһар ма? Ауылдан ажал мені айдаған ба? «Ақ көбек» күй айтқаны осы болып, Алдына жарлықпен хан байлаған ба? І.Ес. ~ «Ажал айдап келген шығар мені осында» — деді шал. Ажал айдап келді ме, адам айдап келді ме, ол да бір нағайбыл дүние ғой. Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЖАЛ АЛДЫНДА
Өмірінің соңғы сәтінде. ~ …бұл ыржиыс патшаға адал арын сақтап, ажал алдында намысын жібермей өле білетін орыс офицерлері мен төрелерінің ерлік салтынан жаңылып, жаза басқалы тұрғандығының нышаны. Ғ.Біл. ~ Тек шешесі шіркіннің ажал алдында да өзіне осыншалықты мұқалмас күш, қайтпас қайрат бергеніне қайран қалып, қатты таңырқаған… М.Бай.
АДЫМЫН ҚЫСҚАРТТЫ
Қарқынын басты; өрісін тарылтты; аяғына тұсау салды.
~ Бірішек енді адымын қысқартып, жеңіл шоқырақтап аялдай берді. Мұнысы қаншығы мүгедек болғалы істеп жүрген әдісі. С.Жүн.
~ … темiр шыбыртқының ауаны осқылаған ысылы мен иттiң ырылы iзiнен қалар емес, қайта сәт сайын адымын қысқартып, әне-мiне желкеден ала түсердей. Т.Сәу.
АЖАЛ АЛҚЫМНАН АЛДЫ
Өмірі құрдымға кеткелі тұр, апатты қауіп жанын қояр емес д.м. ~ О тоба, ажал алқымнан алғанда талай қырғында тебінгісіне тер мен қан қатқан Тайбурыл Мұзды мұхит түбіндегі Түменнен, көк шалғын жайлаудан шауып келіпті. М.Қаб. ~ Сол мезетте Тайбурылға тіл бітті, астыңғы ерні қыбырлап, үстіңгі ерні жыбырлап, бүй деді: «Батыр ием, ажал алқымнан алғанда, көкке әдейі алып ұшқанымды сездің бе, сезбедің бе? М.Қаб.
АДЫМЫН САНАП (ӨЛШЕП) БАСТЫ
Әр қадамын еппен, сақтықпен жасады. ~ Тіршілік атаулы тоқтап қалғандай тыныштық жайлаған дүкенге адымын санап басып бейқам қадаммен ілгері басып егде тартқан ер адам кіріп келді де жанталаса қыздың жанына барып… А.Әлт. ~ … олар қызба да ақжүрек, арлы және жұмыр басты пенде ретінде де әр адымын санап басып, әр сөзін өлшеп сөйлейтін, секемшіл де сақ, тілдейді білдей етуге құмар Васильевтен ешбір олқы соғып тұрған жоқ. А.Чех. ~ Сауыры бүлкілдеп, еш нәрседен үрікпей, қорықпай, әр адымын өлшеп басып, аяғын шапшаң алып, Бақтығұлдың боз аты сол өнерін көрсетіп келеді. М.Әу.
АЖАЛ АРАНЫ
Өміріне төнген өлім қаупі. ~ Бойына соңғы күшін жинап, жан ұшырып, алға еміне түсті. Ажал аранынан аулақтады, бірақ қара үзіп ұзап та кете алмады. мБойына соңғы күшін жинап, жан ұшырып, алға еміне түсті. Ажал аранынан аулақтады, бірақ қара үзіп ұзап та кете алмады. М.Мағ.
АДЫМЫН ТҰСАДЫ
Жүргізбей қойды, еркіндік бермеді. ~ Шөлге шығандап шығып кеткен жолаушы тырмысып жүре–жүре кенезесі кеуіп әбден шөлдемес пе. Тас төбеден аптап күн шыжғыра түседі. Сусыған құм адымын тұсайды. Бір шағылдан ассам мөлдіреген көлге кезігермін деп ілдебайлап ілгерілей береді. Д.Дос.
АЖАЛ АРАНЫНА ТҮСТІ (АРАНЫН АШТЫ)
Басына ажалды қатер төнді. ~ Тумай жатып, жарық дүниеге келмей жатып, ажал аранына түсетінін Жаратқанның берген түйсігі арқылы сезетін балақайлар сол сезім жетектеп, дереу теңізге жетуге асығады. Ш.Мұр. ~ Көзімді сол жұмдым дегенше, аранын ашқан Ажал қап-қара ғаламат алып қанатын жайып, ерсілі-қарсылы ұшып жүрген елестер әлеміне сүңгимін де кетемін. Э.По
АДЫРА ҚАЛ
Құрып кет д.м. кемсіту, қарғау. ~ — Шатпа, енді жетті, кеңеске менен дос шығарсың! — деді. Анау кекете күліп: — Адыра қал. Өмір бойы бай-кулакпен алысып, осы ауданның тап-жауын құртып келген мен емей сен шығарсың. М.Әу. ~ Адыра қал, еркек айтатын тәртіп қалған! Бастап жібер! І.Жанс. ~ Кемпірі одан жаман екіленді. Қолын шолтаң еткізіп: — Адыра қал! Кет жолымнан, ойбай! — деп жұлқына, баласын сүйрелеп үйден айқайды басып тысқа шықты. Тура Әзбергеннің үйіне тартты, бүкіл ауылды дүрліктіріп. С.Ел.
АЖАЛ АРҚАЛАДЫ
Талай жанның өмірін жұтқалы келе жатқан ажалды қауіп-қатер хақында. ~ Алты жүз пұт оғы бар зеңбіректер ажал арқалаған, ажал періштелеріндей шашылған тырнақтай дерт құрттарының жанында ойыншықпен бір есеп боп қалды. Ж.Айм. ~ Азап пен ажал арқалаған ауыр состав ышқына сартылдап, төбемді тесіп барады. М.Мағ.
