Жылт етіп көрініп қалды. ~ Қораның жоғарғы бұрышынан әйелдің жаулығы ағараң етті. Ұрқия екен. Ж.Айм. ~ Бақша күтетін шал бұ не деп жетіп барса — екеуі екі жаққа қаша жөнеледі. Бірдеңе ағараң етеді. Қараса — шолақ дамбал. Ж.Айм. ~ Ол түн түнегінің қап- қараңғы қойнына ағараң қағып сіңіп бара жатты. О.Бөк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҒАРАҢ ТАРТТЫ
Айнала ақшылданып, көзге көріне түсті. ~ Қараңғылыққа бой бермеген адыр- қыраттар ағараң тартып, қорқыныш ұялаған көңілге ес болғандай. О.Бөк. ~ Айнала ағараң тартты. Н.Сер.
АҒАРЫП АТҚАН ТАҢДАЙ
Сезімнің, көңілдің, адам жанының таңғы нұрдай саф тазалығының сипаты. ~ Жетінші қыз Кенжекей тіпті ерекше, Ойы – дана, көңілі – ақ, жаны да – ізгі. Ақылы болды биік асқар таудай, Адалдығы ағарып атқан таңдай. Сұлу жүзін көргеннің көзі тұнып, Таңдана тамашалап қаққан таңдай. БС. «Кенжекей…» ~ Темірқазыкты маңдайға алып соқтырта тартады. Екеуі де үнсіз. Ғұмырында бұңдай көңілді сапарды көрген емес Хансұлу. Бойын ағарып атқан мына таңдай уыз сезім билейді. С.Ел.
АҒАТ БАСТЫ
Қалт кетіп, қателік жасады. ~ … жазалауға басқалар үлгірмейді. Сол ағат басқан қадамды түзетуге қалған жылыңды сарп етесің. Алшағыр ауған көшін түзеген тәрізді. Ең қысталаң тар жол, тайғақ кешуін артқа тастапты. М.Қаб. ~ Кiнәсiн мойындап, ұлтшылдарды әшкерелеуге көмектессе, жас қой, арбауға түсiп ағат басқан шығар деп кешiрiм жасау жағын да ойлағанбыз. Т.Сәу.
АҒАТ БОЛДЫ
Біреудің әлдебір жаңсақ ісі, қате басқан қадамы туралы.
~ Жүгіріп бара жатқан аңның соңын ала тағы да атқан едім, ол тіпті ағат болды. Ә.Марғ. ~ … мына жігіттің дүние бір жақ, өзі бір жақ бейғам қалпы,»осылай, еттім-ау, ағат болды-ау» деп қиналудан гөрі қайта сол сүйегі қураған, тірі жүрген ақындарды, соларды туғызған мына сияқты жер-даланы әлі де кінәлауға даяр сыңайы оның ішкі азабын ауырлата түсті. Д.Иса.
ҮДЕРЕ КӨШТІ
Асығыс ауып кетті; қауырт, қопарыла көшті.
~ Олар Саурық іздеу салады, айналасын тінтеді деп үдере көшкен бойы Аякөз маңындағы орыс қаласының біріне барып орын тепкен болатын. Ә.Шәр. ~ Осы қызыл көзден құтылдық па, құтылмадық па дегендей анау- мынау еместен әккі құрылысшылар басқа объектіге үдере көшті.
К.Хамз. ~ Ана жылы бұл ауылдан бір күннің ішінде үдіре көшіп, Жетісу өлкесіне қоныс аударғанын, бала- шағалы боп өсіп- өнгенін, бизнесін жолға қойып байығанын… түгін
қалдырмады. Қ.Жиен.
ҰЗАҒЫНАН СҮЙІНДІРСІН
Қуанышың ұзаққа созылсын, жалғасын тапсын д.м. тілек.
* – Балаңды құтты орнына қондырып қайттың ба, шырағым, ұзағынан сүйіндірсін! Ж.Нәж. * Үзілісте лезде-ақ қоршалып қалдым. Жырқ-жырқ күлкі. Жымыраң-жымыраң жүздер. — Уа, ұзағынан
сүйіндірсін! — ЗАГС, әрине, құрметті мекеме. М.Қаб. * — Мінеки, енді сіздер де қолдарыңызды жылы суға малып отыратын болдыңыздар. Ұзағынан сүйіндірсін! Ж.Шағ.
ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫРДЫ
Алдап-сулап, айтқанына көндірді.
- Жігіт біткенді көзінің құйрығымен ұршықтай айналдырып қойған Лененің өнеріне қатындар сүйсінеді, қатты ұнатады, еркектер мұның арты қан болмай тарамас деп ішінен түршігеді. Ж.Айм.
- — Өй, қойшы. Мен онымен сөйлесті ғой дейсің бе? Тері — терсек жинап, ауылға келіп-кетіп жүретін. Әйімхан дейтін жақын жеңгем бар еді. Шығаннан шыққан жылпос. Қайдан тапқанын, сопы тауып алыпты. Сол Әйімхан күндіз — түні басымды ұршықтай айналдырып, қалай тиіп қалғанымды өзім де білмеймін. Б.Соқп.
~ Осы мезгілде, баяғы атажұрттан көшкен босқын елдің жолында өлі ананың емшегін кергілеп еміп жатқан Жолдыбай жиырманың үстіндегі атпал азамат болған. Сол тентек бұл күндері ауыл жігіттерін ұршықтай үйіріп, иірімінен шығармайтын. Т.Рыс.
ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ
Оқыс ашуланып, зәрін төкті. ~ Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз, қисынсыз быдыңдап, кәсіподақтың тура қарағайдай мүйізіне жармасты. М.Қаб. ~ Бисараның химия пәні бойынша жетекші мұғалім екенін есепке алды ма, әлде жалғыз бастылығын ескерді ме, ғылыми мүдір бұған алты сағатты артық бөліпті. Орынғайшаның талағын тарс айырып, шабына шок түсірген — сол сағаттар. Қ.Жұм. ~ Мына сөзге Айтқалидың жүрегі шым етіп, шабына от түскендей шамданып қалды. Сазарып қоштаспаған күйі шапшаң бұрылып атына мінді де, шапқылай жөнелді. Ә.Асқ. ~ — Сені сүймейді! — деді Артур шабына шоқ түскендей жер тепкілеп. — Сен просто алаяқсың! Оны алдағансың. Т.Сәу. ~ Қатты сынға ұшыраған Зейін Шашкин мен Темірғали Нұртазиннің повестері еді. Темкең үндемей құтылды. Қалғандары шабына от түскендей мөңкіді. Қ.Ысқ.
ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСТІ
Оқыс ашуланып, зәрін төкті. * Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз, қисынсыз быдыңдап, кәсіподақтың тура қарағайдай мүйізіне жармасты. М.Қаб. * Бисараның химия пәні бойынша жетекші мұғалім екенін есепке алды ма, әлде жалғыз бастылығын ескерді ме, ғылыми мүдір бұған алты сағатты артық бөліпті. Орынғайшаның талағын тарс айырып, шабына шок түсірген — сол сағаттар. Қ.Жұм. * Мына сөзге Айтқалидың жүрегі шым етіп, шабына от түскендей шамданып қалды. Сазарып қоштаспаған күйі шапшаң бұрылып атына мінді де, шапқылай жөнелді. Ә.Асқ. — Сені сүймейді! — деді Артур шабына шоқ түскендей жер тепкілеп. — Сен просто алаяқсың! Оны алдағансың. Т.Сәу. ~ Қатты сынға ұшыраған Зейін Шашкин мен Темірғали Нұртазиннің повестері еді. Темкең үндемей құтылды. Қалғандары шабына от түскендей мөңкіді. Қ.Ысқ.
