Асығыс, ойланбай жасаған іс, әрекет. ~ Қайсыбір жолдас-жорамыздың сәл-пәл ағат ісіне зілсіз кейіген кезде: «Өй, сен…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҒАЙЫНДЫ ҚОҢЫР ҚАЗ (ҚАЗДАЙ)
Қатар өскен құрбы-құрдас, тетелес, жақын адамдар туралы. ~ Ал, ағайынды қоңыр қаз, бірің таптың, екіншің табылдың.…
АҒАТТЫҚ БОЛДЫ (КЕТТІ)
Шалыс басқан қадам, ойланбай істелген іс туралы. ~ Апыр-ау, соншама не бүлінді? Ұрсам, өз баламды ұрдым.…
АҒАЛАП ШЫҚТЫ
Шеберлік танытты, айқын басымдылықпен жеңді, көш ілгері болды. ~ Екеуміздің достығымызды ұлғайта түсетін тағы бір әулекілігіміз…
АҒАТТЫҚ ЖІБЕРДІ (ЖАСАДЫ)
Қателік жасады, жаңсақ басты. ~ Анасының әлгі әңгімесі осы жасында емес, сегізінде айтылса, мүмкін, дәл осындай…
АҒАЛЫҚ АҚЫЛ АЙТТЫ
Өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, кеңес берді, дұрыс жолға тартты. ~ Жол-жөнекей менің барлық жайымды сұрап, істе жіберген…
ҮДЕРЕ КӨШТІ
Асығыс ауып кетті; қауырт, қопарыла көшті. ~ Олар Саурық іздеу салады, айналасын тінтеді деп үдере көшкен…
ҰЗАҒЫНАН СҮЙІНДІРСІН
Қуанышың ұзаққа созылсын, жалғасын тапсын д.м. тілек. * – Балаңды құтты орнына қондырып қайттың ба, шырағым,…
ҰРШЫҚТАЙ АЙНАЛДЫРДЫ
Алдап-сулап, айтқанына көндірді.
ШАБЫНА ОТ (ШОҚ) ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ
Оқыс ашуланып, зәрін төкті. ~ Сол мұң екен, Абыралының шабына от түсіп, шала бүлінді. Еш жүйесіз,…
