Posted in

САУЫН СҰРАДЫ

Сүтін сауып пайдалануға ауқатты үйден саулық мал сұрады. ~ Ағасы Мұса, «жетім қалған жалғыз қарындасымды жылатпаймын, еншісін берем» деп, Зейнепке әкесі Шорманнан қалған төрт түліктің бәрінен де үлес айдатқан «көшкенде көлігі» деп жиырма бес түйе, «кісіден сауын мен соғым сұрамасын» деп жүз шақты жылқы, «көгені де кем болмасын» деп бес жүздей қой берген. С.Мұқ.

Posted in

САЯБЫР ТАУЫП, САБАСЫНА ТҮСТІ

~ Кәмеш енді-енді өңіне кіріп өзіне келейін деді. Оның тосқан «сұмдығы» жоқтай көрініп, елең қаққан көңілі саябыр тауып, сабасына түскендей болды. С.Ғабб. ~ Осылайша басталған ең алғашқы шағын жиынымыз бірте-бірте саябыр тауып сабасына түсе бастады. Мен көпшілікке ризашылығымды білдірдім. С.Ғабб. саяз жүзді

Posted in

САУЫРДАН СИПАДЫ

Болар-болмас көңіл білдіріп, жылы жүз танытты; қошеметтің ырымын жасады. * Қытайға көрсеткен шоласыз еңбегіне Жапан жәй ғана алғыс алды, құрғақ алғыстан басқа Қытайдың берері болмады, құр жынқолаңымен Жапан адамдарын сауырдан сипап қоя берді. Ж.Айм.* Көзін алартып, кеңірдегін сығып алудың орнына сауырынан сипап, ескерту, қатты ескерту сияқты жұмсақ шаралар қолданған болады. Одан әріге бармайды. Б.Соқ. * Ал күштілер мұндайда оларды ебін тауып, сауырынан сипап жуасытатын, не ақкөз қанішер жендеттерін төгіп, қан-жоса етіп қыратын. Бірақ халық бұдан қорықпайтын. І.Ес. * Сондықтан, ол ресейлік ескі, жаңа екі үкіметтің ісіне араласпау жағын қарастырды. Келгенді кекілінен, кеткенді сауырынан сипады. Ғ.Біл. * Арсылдап қотан қорыған төбетке де сіңірлі сүйек тастайтын. Едірейді де сауырдан сипап қойып, қолбала қылып ұстау керек. С.См. ~ Әсіресе бұлардың бажайлағысы келетіні: Келіншек таудан келген қоңыр аттың Шаң тимесі, Әулиеатадан келген ысытының қайсы аяғы. Иіні келсе, Шоңбай құдасының Торы алаяғының да сауырын сипап өтпекші. Т.Әл. ~ Үзеңгісін қысқартып, тартпаларын нықтап тартты. Бәрі де сәйгүліктерінің сауырын сипап, жонын қағып, мәпелеп жүр. Шабандоздар сайланып біткен. Б.Мом. ~ Араға Жамаш түсті. Ол сипаңдап, қипаңдап, тарпан шалдың сауырынан сипағандай болды. Т.Әл.

Posted in

САЯҚ ЖҮРДІ

Елден бөлектенді, жалғыз жүрді. ~ Қош енді, қалдың кейін, Құлагерім, Тұрмадың жығылғаннан, жылап едім. Жалғанда саяқ жүріп, таяқ жедім, Көретін күнім шығар бұл да менің. І.Жанс. ~ Өзінің жастайынан қортық боп, бойының өспей қалғанын да, алапес тәрізді елге қосылмай, саяқ жүретінін де, тіпті әйелімен жаман тұратынын да өзінен емес, өзгелерден көреді. Н.Кел. ~ Содан Божекең қырғыздың беделді мырзасының қарамағына ілігеді де, төрт-бес жыл жат өлкеде саяқ жүреді. Ө.Кәр.

Posted in

САУЫРЫН СИПАДЫ

Көңілі түсті, ризашылығын білдірді. ~ Әсіресе бұлардың бажайлағысы келетіні: Келіншек таудан келген қоңыр аттың Шаң тимесі, Әулиеатадан келген ысытының қайсы аяғы. Иіні келсе, Шоңбай құдасының Торы алаяғының да сауырын сипап өтпекші. Т.Әл. ~ Үзеңгісін қысқартып, тартпаларын нықтап тартты. Бәрі де сәйгүліктерінің сауырын сипап, жонын қағып, мәпелеп жүр. Шабандоздар сайланып біткен. Б.Мом. ~ Араға Жамаш түсті. Ол сипаңдап, қипаңдап, тарпан шалдың сауырынан сипағандай болды. Т.Әл.

Posted in

САЯҚ ТІРЛІК (КЕШТІ)

Елден алыста, жұрттан бөлек өмір (сүрді). ~ Бұған бұйырғаны саяқ тірлік. Кезбелікпен өтіп жатқан ғұмырында нендей мағына бар? Өткенге өкінген- нен басқа қолынан не келеді. Ө.Кәр. * Тайганың тағысындай саяқ тірлік кешкен Қызылкөз бес үйлі займкеден басқа отан бар дегенді ойына алса нағылсын. Қ.Ысқ. ~ Жолаушы қам көңіл болатын. Саяқ тірлікті еншілегелі де бірқыдыру. Қайран бұлғақтаған бұла күндер-ай! Ө.Кәр.

Posted in

САУЫРЫНАН БАСЫП ЖҮРДІ

Мұқият таңдап, іріктеп алды. ~ Өріске шыққан қойдың иісін сезіп, желге қарсы тұмсығын төсеп, ішін тартып, жер тарпып, бет түзеп жота-жотадан қарауыл қарап, жортуылға шыққан қасқырдай, аш пейілді, жалаңқай саудагер боркемікті, батпан құйрықты албанды бекерге таңдаған жоқ. Сауырынан басып жүріп: семізі, момыны, тәттісі осы болатынын жақсы білген, әдемі таныған. М.Әу.

Posted in

САЯСАТ ТҮЗЕДІ

Белгілі бір мақсатты көздеді. * Бірақ келушілердің көбі таныс ауылдың адамдары болып, шеттен қос ат жегіп, саясат түзеп келетін қонақ бұл ауылға жат еді. Ж.Айм.

Posted in

САУЫРЫНАН БИТ ДОМАЛАП ТҮСКЕНДЕЙ

Күтімді, семіз. ~ Жылқыға келген апаттың сұмдық екеніне Нәшекеңнің көзі қоңыр айғырды көргенде жетті. Жайлаудан жалы жерге төгіліп, сауырынан бит домалап түскендей боп бара жатқанын көрген-ді. К.Қаз. ~ Дүрегей бірте-бірте бұл өмірге де көндікті, кешегі сабалақ жүнді жаман сары сауырынан бит домалағандай жуан сары төбет шыққан кезде қожайын арқасынан сипап: ─ Ал, Апай, сенің де бір іспен шұғылданатын уақытың жетті, — деді. А.Чех.

Posted in

САУЫРЫНАН СИПАТПАДЫ

Жақындатпады, көңілі жібімеді. ~ Алматы — Астана әрі үлкен қала. Сондықтан болар, ана тілді жаулап алған орыс тілділер өктем екен. Ауылдар ана тілге алақабдан көрінеді. Орыс тілі сауырынан сипатпайды. Т.Рыс. ~ Кербұғының басын жерге салғаны тағ-дыр талқысы алдында біржола тізе бүгіп, тек қана аспандап, тек қана асқақтап жүретін тәкаппар кеуденің жер болғаны: кебік шашар тентек көңілдің кер болғаны. Ал жылдар бойы мүйізін берсе, сауырынан сипатпаған тұз тағысының осыншалық жуасуы — қор болғаны еді. О.Бөк. ~ Иса жарық құйылған шығар ауыздың табалдырығында тоқтап, маған бұрылды да, метр де сексен сантиметр қара бағанаға айналды. – Сауырынан сипатпады сабазың… М.Қаб.