~ Арқадағы ақтүтек Айдағар жел бұл емес. Бұл емес шер көкірек, Қайда, кәне қараңғы үй? І.Жан. ~ Бұл жаңалыққа, жақсылыққа үрке қарайтын, талантты танығымыз келмейтін ежелгі әдетіміз еді. Осының бәрі шер. Шер көкірек қуысын мекендеп, берішке айналды, мезгілсіз дерт сыйлады. Ж.Шәк. ~ Алты жастағы баласы атқа қонса, апасы тақымын қысатын қазақы салтпен есейіп, шет жұртта шер көкірек болған талай ақын да ұлт азаттығын аңсап арманда көз жұмды. Ж.Шәк. ~ Адамдарға сақтана, үрке қарайтын сезіммен бұл әңгімелерді қаншама жыл жүрек түкпіріне бойтұмардай сақтап, жасырып жүрді. Соны айтқан, өлге-өлгенше «Сайқан-Сауырым» деп жылап өткен шер көкірек әкесі бұл пәнимен ерте қоштасты. Ж.Шәк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЕР КӨҢІЛ, ШЕМЕН ЖҮРЕК
~ Мына жатқан әлгі олжалап келген балама, е байқұс-ай бұл да жұдырықтай болса да шер көңіл, шемен жүрек байқұс ғой, әйтеу қарнын тойдырып, көз-құлақ болып жүргейсің! Б.Жұм.
ШЕР ҚҰМАРДАН ШЫҚТЫ
Көңілі кеткен, әуес болған ісіне армансыз беріліп, қанағат тапты, ләззат алды. ~ Ол жолғыдай емес, мынадай иен тау ішінде, оңаша жерде ойындағының бәрін құсып, шер құмарынан бір шықты. Не бір и ауыз жаман сөздермен балағаттап, жерден алып, жерге салды. Ж.Сәм. ~ — Ұр мені! Соқ! Әбден шер құмарыңнан шыққанша төпеште! Сенің сол таяғыңмен күнәдан ада боп, әбден тазарып алайын да мен де кетейін бұл моладан. Батырайын қарамды…Ж.Сәм. ~ Аңырып тұрды-тұрды да, ат басын кері бұрды. Қарасаздағы сиыр фермасына төтелей салды. Исекеңмен кәукілдесіп, шер- құмардан шыққанша асығады. Ө.Кәр.
ШЕҢГЕЛІН САЛДЫ (-Е АЛДЫ)
Қолына қаратты; уысына алды; өктемдік жүргізді. ~ Ол уақытта аралдағы Англия азуын айға білеген арыстан еді. Бес бөлек дүниенің барлығына шеңгелін салып, ондағы әлсіз ұлттардың жанын қинаған қаныпезер еді. І.Жан. ~ Мүмкін, ауа райының осы қарбаласын пайдаланып, зұлым жау елімізге қанды шеңгелін салмақ болар. Б.Соқ. ~ Қолында қомақты әскери күші бар Шың Шысай орайды пайдаланып өлкелік үкіметтің уақыттық әміршілігіне қол жеткізді. Әрі барлық әскери билікті деөз шеңгеліне алды. Ж.Шәк. ~ Шалматай ақшаны да, малды да аямай төгіп ақырында осы Нәзипаға шеңгел салған. Бірақ Нәзипа оң жақтағы кезінде Шалматайдың құшағын қуантқан емес. І.Жанс.
ШЕР ТАРҚАТТЫ
Уайым-қайғысын айтып, көңілін босатты. ~ Бұған құдай келген-кеткендерінде ішегінің бар қырындысына дейін ақтарып шер тарқатып қалатын бастас құда-құдағиды да қимапты. М.Жұм. ~ Жуық арада жойылып бітпесін білсем де, сойқан қылықтарға қарсы соғыс жарияладым: Мансапқор, жағымпаз, жалақор, жікшіл, парақор, жүзге бөлгіштерге нәлет айту барысында өзім де бір сыдырғы шер тарқатқан секілдімін. Х.Ерғ. ШЕРДІҢ ТИЕГІН АҒЫТТЫ (ӘҢГІМЕНІҢ, ТІЛДІҢ т.с.с. ) Ұзын-сүре әңгімеге кірісті. ~ Түтіндей булыққан іштегі шердің тиегін ағытып, көпке мұңын шаққандай үш-төрт ауыз өлең айтты. С.Көб.~ Екеуі Нарғазыны тірідей жоқтап ұзақ жылады. Кеудені кернеп, кептеліп қалған шердің тиегін ағытып жіберді дейсің. К.Қаз. ~ Ақсұр шапанын арқасына желбегей жамылып, ақ күмістей сақалын салалы саусақтарымен саумалап қойып, төр басында малдас құрып отырған ол небір әдемі әңгіменің тиегін ағытып еді. Д.Әш. ~ Белгілі ақын Сабыр Адаймен кездесе қалған сәттерде өткен-кеткен әңгіменің тиегін ағытатынымыз бар. О.Көш. ~ Дәмді тағам, бапты шай талай тілдің тиегін ағытты. М.Сүн.
ШЕҢГЕЛІНЕ ІЛІНДІ (ІЛІКТІ)
~ Ол қалың ағынның ортасында Бақтығұлдан екі-үш адымдай ғана жерде қанды судың құтқармайтын шеңгеліне ілініп, жұтылып бара жатты. М.Әу. ~ Қызылжар қаласындағы досым Марғаскин Махметтен кеше хат алдым. «Аса сақ болыңдар, байқаусызда «кәрі қыранның» шеңгеліне ілініп қалып жүрмеңдер»,- дейді. С.Ом. ~ Дәрменсіз ата-ана еңіреп, жылап-сықтап қала берді, жас Майра бөрі алып қашқан лақтай рақымсыз қара күштің шеңгеліне ілінді. С.Бег. ~ ~
ШЕРІ ТАРҚАДЫ
~ Сөйтіп, Қожақын жауды шері тарқағанша қырып, көш бөгеуден ағытылған судай жөңкіле жөнеліпті. Ж.Шәк.
ШЕҢГЕЛІНЕ ТҮСТІ
~ Мағаштың үлкен дертке ілігіп, қатты қауіптің шеңгеліне түскенін іштей егіліп білген Абай, енді тым болмаса жаңағы айтқандай жайларды медеу етеді. М.Әу. ~ Әкем нашар адам еді, жастай малға сатты — атағы бәленшенің қатыны болғаным болмаса, жас болып, жеке базар қызық көріп, жарық сәуле сезінгенім жоқ. Көк аю күндестіктің шеңгеліне түстім. І.Жан.
ШЕРІНЕН ШЫҚТЫ
~ Қасіретті де, ащыны да жеңетін көңіл екен-ау! Бір жағы әлгі қытай секратарға айтарымды айтып, шерімнен шыққандай болғамын. Көкірегім аз да болса босап қалған… Т.Рыск.
ШЕҢГЕЛІНЕ ҰСТАДЫ
~ Шинжиаңды шеңгеліне ұстаған Шиңшысәй үкіметінің құйы бұзылып, өзі шығарған "әділетті алты саясатынан" жалтара бастаған кезі еді. Т.Рыс.
