Қанша болса да д.м. ~ Адам бірақ ұрысқанмен жөнделе ме? Мың жерден ұрыс, егер өзіне — өзінің жаны ашымаса, ақыл қонбайды. І.Ес. ~ Жаңағы қара пәле мың жерден кірлемек болса да, құдай біледі, Ақбала да арын аттап жүрмеген шығар. Иә, ол байғұста не сын бар. Ә.Нұрп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
МЫҢ ЖАСА
Ұзақ өмір тілеу. ~ Бұқара байтақ халықтың Болды Жүсіп қалқаны. Қуанған байтақ балаша: «Мың жаса, Жүсіп, мың жаса!» — Деп шуылдап алқады. М.Жұм. ~ — Мың жаса, тентегім. Ауруымды шынында жұлып алдың-ау деймін. Қайдан келді бұл ойыңа? К.Қаз.
МЫҢ ДА БІР ШҮКІР (ЕТТІ)
Жаратқан Иеге ризашылығын білдірді. ~ Салтанат үндемеді. «Сен де тексіз екенсің. Өзім де сезуші едім. Сенің әке атыңды алмағаныма мың да бір шүкір». Қ.Түм. ~ Мың да бір шүкір ете бер хаққа, Жер ауып кетпес еңбегің жатқа. Қарағай мектеп қайтадан орнап, Мәңгілік қалса Шекеме жақта. Б.Раис.
МЫҢ ДА БІР ТӘУБЕ
Тағдырына шүкіршілік ету. ~ — Сізге кездестірген Құдайға мың да бір тәубе! — дейді Есенбол. Т.Рыс. ~ Құшағыңды нұрға толтыратын, апыл-тапыл басқан әр қадамына емпеңдетіп қоятын, балдыр-бұлдыр тілімен емешеңді үзетін құдірет иелеріне ләппай қызметші қылған Жаратушы бұйрығына мың да бір тәубе! Ж.Кем.
МЫҢ ДА БІР РАХМЕТ (АЛҒЫС) (АЙТТЫ)
Шын жүректен алғыс айтып, ризашылығын білдіру. ~ — Келгелі өзіңізден кейіс естіп көрген жоқ едім. Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. Мұныңызға мың да бір рақмет, ата. Б.Мом. ~ Сіздің қайырымдылығыңыз үшін мың да бір рахмет! Жақсылығыңызды ешқашан ұмыт пан. Ч.Пав. ~ Үнсіздікті ақырында Махамбет бұзды: — Қайтеміз, достар, мүмкін, шынында да уақыт жеткен шығар. Бәрін, де боссыңдар. Адал қызметтеріңе мың да бір рахмет. Ә.Әл. ~ Құдайға һәм күллі әлемге деген разылығымда шек болған жоқ, кереуеттің алдында тізерлеп отыра қалып, Жаратушымызға бүгін таңда көрсеткен асқан қайырымдылығы мен шарапаты үшін мың да бір алғыс айттым. К.Гамс. ~ Мың да бір алғыс айтқан майорға хан меселін қайтармай, қайта келгені үшін қуанышты екенін, мұны үлкен жұрттың өкілі ретінде аға деп құрмет тұтатынын, орыс елінің бұлардың тілегін де далаға тастамай, қабыл алатынына сенім білдірді. С.Ақт.
МЫҢ ДА БІР ДӘРІ (ЕМ, ДАУА)
Әлдебір сырқатқа қарсы бірден бір шипа, таптырмайтын ем. ~ Әсіресе, керосин мен сынап мың да бір дәрі екен: бит біткенді қасқыр тиген қойдай дүркіретіп, ана шаштың да, мына шаштың да түбінен андағайлатып айдап шықты. Ж.Айм. ~ Бертін келе: «Ойбай, аюдың өті көп ауруға мың да бір ем дейтін үрдіс шыққалы жыртқыштың ішін ақтармалап, өтті бауырымен ойып алатынды, одан шипалы сұйықты тұз салынған шөлмекке құйып алуды үйренді. К.Сег. ~ Маңдайына бұрқ етіп шыққан терді білегінің сыртымен сыпырып тастап, бидонды бізге қарай итерді: «Тауысып тастаңдар, ішке түскен ыстыққа мың да бір дауа». Сыра ма, квас па, әйтеуір, тіс қақсататын мұздай суық сусын екен. М.Қаб.
МЫҢ БҰРАУҒА ТҮСТІ
Оый сан-саққа кетті. ~ «Өз атыма жазғызамын. Ұл болса Олжабек‚ қыз болса Жiбек қоям» дедi мың бұрауға түскен ойы ушығып. Қ.Түм.
МЫҢ БҰРАЛЫП, ЖҮЗ ҚҰБЫЛДЫ
Ирелең-ирелең етіп, сан құбылды. ~ … жарды ұрған теңіз толқынындай күшейе қарқындап, ал әлден уақытта барып, қара тасты әзер жарып шыққан тас бұлақтай ақырын ғана сылдыр қағып әлсірей, мың бұралып жүз құбылды. І.Ес.
МЫҢ БҰРАЛДЫ
Ирелең қақты, сан бұрылыс жол салды. ~ Ерке су тап- таза күміс моншақтарын күнге шашып, мың бұралып, сылдырап, сылқ- сылқ күліп, сылқым ағады. З.Қаб. ~ Арудай әсем еркелеп, Мың бұралған Ақбұлақ, Атырауға ынтық боп, Сан сыланған Ақбұлақ. Сегіз с.
- Сылаң қақты. ~ Солардың арасында Бозғылтым деген қыпша бел бойжеткен сылаңдап бұның алдынан шыға келсін. Қылмыңдап күлсін, «олжалы оралыпсың, батыр, сауға тастап кет!» — деп мың бұралып жанаса берсін. Ә.Тар. ~ Мың бұралған қыз еркін билеп жүр. Сахнадағы сиқырлы би құдіретінің құшағына оранғандай көрермен жұрт тым-тырыс. Ф.Оңғ.
МЫҢ БОЛҒЫР
Игі тілек, бата ретінде айтылатын алғыс сөзі. * Қыстаудың сыртында Күләйім қолын бұлғап тұр. Мәтнияздың қызы. Екі үйдің отын-суы он бір жасар Күләйімнің мойнында еді. Өзі бір мың болғыр бала… З.Шүк.
* Талғар оқымай қалған кісі. Колхозда бригадир қай жұмысқа жұмсаса сол жұмысқа бара беретін, тіл қайырмайтын, мың болғыр кісі. Б.Қыд.
