Posted in

ПІКІР ТАЛАСЫ

Ойларын ортаға салып, айтысу. ~ Бірден қостаған Зерде ғұлама: — Пікір таласына тежеу жоқ. Неғұрлым еркін, ақылға сия бермейтін идеялар болса, тіпті қызық болатыны сөзсіз. С.Ғабб. ~ Ол кезде пікір таласы қит етсе «анау пәлен, мынау түген» деген жалалы аттар қоп болатын. С.Бег. ~ Осы тұста көпшілікке қозғау түсіп, пікір таласы басталды. Ө.Кәр. ~ Айтпақшы, Әспетжан, сенің «Пікір таласта бедел қару бола алмайды» деген өз сөзің де бар екен-ау.Х.Ерғ.

Posted in

ПІКІР ТАЛАСТЫРДЫ

Өз ойын, ұстанымын дәлелдеу мақсатында айтысты. ~ Отызыншы жылдардың аяғында осы жыр төңірегіне марқұм Мұхтар, Әуезовпен баспасөз бетінде пікір таластырғаным бар. С.Мұқ. ~ Жәррайды, әрі қарай кеттік! «Меніңше, суйіктім, біреумен хат жазысып, өмір жайлы пікір таластыру дүниедегі ең керемет нәрсе емес пе?» Не дейт? Не деп кетті? Бұл енді… Н.Гог. ~ Сауық-сайран, уақыт боста шахмат ойнау, киноға бару, біреумен пікір таластыру, көркем әдебиет оқу дегендерің Әбеннің күн тәртібіне енгізілмейтін. М.Мақ.

ПІКІР ҚАЛЫПТАСТЫ

Әлдебір мәселе бойынша көшілік ортада орныққан ой туралы. ~ Мұны айтып отырғаным, бір адамның әр басқан қадамын, тіпті мінезіне дейін қазымырланып зерттей берсең, құдай түйсіксіз қылып жаратпаған соң, ол туралы әйтеуір бір пікір қалыптасады екен. Т.Жұр. ~ Жеке сөздер сияқты фразеологизмдер де көп мағыналы болып келеді. Алайда, тіл білімінде фразеологизмдер көп мағыналы бола алады немесе фразеологизмдерге полисемия құбылысы жат нәрсе деген екі жақты пікір қалыптасқан. Г.Сырл. ~ Өзбек ханы Шайбани (1451 — 1510) заманында, оның қарамағындағы ғұламалар (дін идеологтары) қазақты мұсылман емес деген пікір қалдырған. Д.Айд.

ПІКІР БӨЛІСТІ

Ойларын ортаға салды. ~ АЭС: Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары пікір бөлісті. БАҚ. ~ Тәрбие сағатында студенттер Қазақстан Республикасының дамуындағы жетістіктер мен елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті. БАҚ.

ПІКІР БІЛДІРДІ

Ойынан хабар берді. ~ Кезінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» туралы зерттеуімізде (1998) біз өз тарапымыздан бұл мәселеге азды-көпті пікір білдіргеміз. Г.Смағ. ~ Соңғылары — көбіне ауыздарын бағып, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екеніне пікір білдірмей, Назарды жамандаушыларға да үнсіз басын изеп, Назарды жақтаушыларға да басын изеп, осы арқылы өзін үлкен пайда тауып жүрмін деп ойлайтын жолбике топтар болатыН. Т.Әбд. ~ — Бұл жағын сіз білесіз ғой, әрі десе ғалым адамсыз, — деп пікір білдірді Едіге.- Біздің депода өткен митингіде де осы ойлар айтылды. Ш.Айт.

ПІКІР АЛМАСТЫ (АЛЫСТЫ)

Өз ойларын ортаға салысты. ~  Олардың қай уақытта келіп, қашаннан отырғандарын кім білсін. Әйтеуір қызу пікір алмасу үстінде екен. С.Ғабб. ~ Олар қыранның түр, тек, тұқымы, бүркіттің сынсипаты, құс бабы, құс салу әдіс-айласы, аңкөстік сырлары туралы ой толғап, пікір алмасқан. Қ.Бег.

ПІКІР АЛЫСТЫ

Ой бөлісіп, әлдебір мәселені талқылады. * — Төңкеріс ақынын жолықтыра алмай жүр едім: жақсы киліктің ғой. Олай болса әңгімелесейік, пікір алысайық, әлде бір-бірімізден пайдаланып қалармыз, – деді. Ж.Айм. ~ Бұл мәжілістің мақсаты: алдымен қазақ оқығандары болып пікір алыспақ, бұдан әрі қамдай жолға түсулерін кеңеспек. І.Ес. ~ Мен Есенбекті университетке түскен күннен білемін. Әшейін көз таныс емес, көңілдеспін.  Ара- тұра пікір алысып та қоямыз. Өзі бір үйірсек жігіт. З.Қаб.