Posted in

ПІКІР АЛМАСТЫ (АЛЫСТЫ)

Өз ойларын ортаға салысты. ~  Олардың қай уақытта келіп, қашаннан отырғандарын кім білсін. Әйтеуір қызу пікір алмасу үстінде екен. С.Ғабб. ~ Олар қыранның түр, тек, тұқымы, бүркіттің сынсипаты, құс бабы, құс салу әдіс-айласы, аңкөстік сырлары туралы ой толғап, пікір алмасқан. Қ.Бег.

ПІКІР АЛЫСТЫ

Ой бөлісіп, әлдебір мәселені талқылады. * — Төңкеріс ақынын жолықтыра алмай жүр едім: жақсы киліктің ғой. Олай болса әңгімелесейік, пікір алысайық, әлде бір-бірімізден пайдаланып қалармыз, – деді. Ж.Айм. ~ Бұл мәжілістің мақсаты: алдымен қазақ оқығандары болып пікір алыспақ, бұдан әрі қамдай жолға түсулерін кеңеспек. І.Ес. ~ Мен Есенбекті университетке түскен күннен білемін. Әшейін көз таныс емес, көңілдеспін.  Ара- тұра пікір алысып та қоямыз. Өзі бір үйірсек жігіт. З.Қаб.

Posted in

ПИҒЫЛЫНАН ТАПТЫ (ТУДЫ)

Адамның пиғылы, ойы, ниеті оның тағдырына әсер етеді деген ұғымнан туындайтын тіркестер. * Әзімге қосылу қашанғы арманы еді; Құдай бұған бір жапырақ бақытты да қимады. Сондай-ақ, бұл не жазды? Не пиғылынан тапты? Қара кемпірдің қарғысына ұшырады ма? Әлде сорлы баланың көз жасы жібермеді ме екен? Ә.Нұрп. * — Біз — аң емес, адамбыз ғой. Христиандық мейірім-шапағатты ұмытпаңыз! — Бұл — адам өз пиғылынан тапқан кесепат, оған христиандық аяушылық жүрмейді. Т.Сәук. * Егер біздің игілікті, үлкен, социалистік-әлеуметтік шараларымызға кейбіреулердің зияны тиді десек, жолымыздағы сол дере жаны ұсақ, адымын аршындап, алшаңдап баспай, мимырттаған, адамсыған адамсымақтардың пиғылынан туған қылықтар еді. Б.Қыд.

ПИҒЫЛЫН ТАНЫТТЫ

Түпкі ойын, арам ниетін білдіріп қойды. * Көп ұзамай Түгелдің үйімен судай сүзісіп жүріп, Сақар арам пиғылын таныта бастаған. Ү.Жәл. * Міне, осының өзі-ақ оның халық жауымен табақтас, жемтіктес, ым-жымы бір екенін білдірмей ме? Аманжолов әу бастан-ақ өзінің жат пиғылын танытып келеді. Т.Сәук. ~ Жас жігіттің жат пиғылын танытпаған, әрі байыпты мінезі қыздың үркек көңілін басқан сияқты. К.Жүн.

ПИҒЫЛЫН СЕЗДІ

Біреудің ойлаған арамдығын аңдады. * Қарақшылардың қастаншықпағыр пиғылын сезген Өлеуін-үжін құдай қосқанқосағына: «Сен бұл үшеуінің пиғылын сезген шығарсың. Өздерінің сұсы жаман. Т.Жұрт. ~ Мінезін әкесінің ұнатпады,Батынып айта алмады бірақ тағы. Қызының бұл пиғылын сезген патша, Ниет етті өзін бір сынатқалы.»Кенжекей…» ~ Солкүні сұмдық әңгімені Ұлжан да естіп келген екен.  Бірақ ол сенер- сенбесін білмей, дал болып отырса да, аулаға ыржалақтайбасып кіріп келе жатқан қайнысын көріп, оның жамап пиғылын сезіп, ауыр денесін көтере алмай, сүйрелеңдей тұрып, отау үйге ол да барған. Ә.Тар.

ПИҒЫЛЫН ТАНЫДЫ (ҰҒЫНДЫ)

Біреудің не ойлап, не істемек екенін біліп қойды. * Әйел залымның сезбейтіні бар ма, манағы машина үстіндегі алғашқы көзқарасынан-ақ бұл офицердің пиғылын танып қалғанмын. Т.Ахт. ~ Қара шал, зәлім емес пе ол, кемпірдің осы пиғылын танып қойды, дереу тілін тартып, жөніне көшті. Ж.Нәж. ~ . Халық — бала, халық — дана. Сол дананың пиғылынтанып, шәлдуар баланың айтқанын  істеу бір кісіге аз жүк болып па. Кітаптағы суретін күнде көріп жүрсіңдер ғой. Д.Дос. ~ Ойы — қалтарыстағы бөлменің терезесінен секіріп түсіп, бой тасалау. Оның бұл пиғылын ұғынған Бiдiрәлi мен Дайрабай да алды-арттарына қарамай әңгiнiң соңынан арбаңдай салды. Ә.Ыб.

ПИҒЫЛЫ ТҮЗУ

Ойы, мақсат-мүддесі дұрыс, ниеті оң. ~ Ал, адам кемелденген сайын жүрегі ізгіленіп, пиғылы түзеледі. Пиғылы түзудің тірлігі түзу, қоғамы ізгі. Адамды адам етудің бұдан басқа жолы жоқ. Өйткені бұл ілімнің тамыры — Ақиқаттың өзі. Е.Әл. ~ Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады. Мына Бойков діні басқа да, көңілі, ниеті бір, пиғылы түзу, жақсы дос еді. С.Ом.

ПИҒЫЛЫ ТЕРІС

Ой-ниеті, мақсат-мүддесі бұзық. ~ Өзінің жақын туысы Малтай Жантаевтың куәлігі бойынша, өкіметке пиғылы теріс, қоғамға қатерлі адам деп танылған екен. Іс қағаздарының арасында сот үкімі жоқ болып шықты. М.Мағ. ~ Мырқы мырза: шуламаңдар, миымды ашытпаңдар. Өскенбайұлы Құнанбайұлы даланың тынышын кетірген, орыс пен қазаққа жік салған, пиғылы теріс кісәпір адам. Кісәпір болмаса біліп, білмей істеген күналарымды жуамын деп Меккеге сабылып бар малын шашып әуреге түсер ме еді. Д.Дос.