Дайындады, пысықтады. ~ Көптiлеу маңғаздана түстi. Ол бүгiн сенiмдi-сенiмдi деген кiсiлерiне сәлем айтып, әңгiменi алдын ала пiсiрiп алған-ды. Б.Алд. ~ «Құдайдың мені басқалардан мүлде ерекше етіп жаратқаны, ал жазатындарымды бір күн бұрын ойлап, миымда әбден пісіріп алатын талант бергені дұрыс болды» деп үш тұжырды. Ғ.Қаб. ~ Баламыздың үйі еді, қазір келіншегі екеуі Мәскеуде… Көшіп келе беріңдер, қарақтарым,— деді. Ақы-пұл жағын пісіріп алғым кеп қипақтап едім. Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПІРГЕ ҚОЛ ТАПСЫРҒАЛЫ ОТЫРҒАНДАЙ (БОЛДЫ)
Қатты қобалжыды, әбігерленді. * Күйеу соғымға соятын өгіздей, мойнын ұсынып, тымағын көзіне түсіре киіп құдиған, Шәмши де пірге қол тапсырғалы отырғандай бүгжиіп, сүлкиген. Ж.Айм.

ПІРГЕ (АРУАҒЫНА) ҚОЛ БЕРДІ
Тағзым етті, бас иді, жолын қуды. ~ Әлібек. Қыздың байы жылқы еді, ел жорасы, тапқаның сол ма, қу Жарас?.. Би етіп табынам ба пірге қол бергеңдей. Қызға еркімді бергелі қаңғып жүр ме екем осында? М.Әу. ~ Жиырма жасар Ардақ Бағдатта медресе бітіргеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың аруағына қол бергелі Мекеге келген. І.Ес.

ПІР ТҰТТЫ
Табынды, жоғары құндылыққа балады. * Біздің ата-бабаларымыз рухтың күшімен қайсар, жау жүрек болған. Намысты пір тұтып, кең даласын сақтап қалған. Т.Рыск. * Біз, жас талап әдебиет әуесқойлары, талантына табынып, пip тұтатын Қасым ақын қатты сырқат. Б.Соқ. ~ Небір ұстаздар, ардагерлер жүздеген, мыңдаған шәкірттер оқыттық, тәрбиеледік деп мақтан етті. Ал шәкірттері болса ұстаздарын пір тұтты. Ж.Аяз. ~ Әлбетте, Әуезовты пір тұтады, қатарласы Әбішті мойындайды. Г.Бель. ~ Тiптi олар «рэкет» деген сөздiң өзiн пiр тұтады. Өйткенi осы тәсiл арқылы бiраз нәтижеге қол жеткiзiп отыр. Ә.Ыб.

ПІКІР ТҮЙДІ (ТҮЙІНДЕДІ)
Әлдебір мәселе жөнінде ой қорытты. ~ Үлкен оқиғаларды бастан кешетін, пәрменді шешімдер жасайтын азаматтыққа аяқ артыпсың. Ал бес айға созылған тағдыр талқысы саған қандай ой салды, нендей пікір түйдің, сараладың ба, жоқ па? М.Қаб. ~ Енді осы төрт шығарма бойынша пікір түйейік. Б.Нұрж. ~ М.A.Рыбникованың “мақал — түрі жағынан пайымдаудың бейнелі де мәнді бір элементі” деген пікірін Л.A.Морозова да қостап, “мәтел — адамның белгілі бір жағдайын немесе белгілі бір құбылыстың жекелеген қасиетін сипаттайтын, сөйлеу тілінде кең қолданылатын тұрақты бейнелі сөз тіркесі” деген пікір түйеді. Ә.Қайд. ~ Жұрт арқа-жарқа күліп. бас терілері кеңіп қалады, онымен қоймай: «Әй, Абыралы ма, Абыралы өзіміз ғой, көңіліне кір жолатпайды»,- деген оң пікір түйеді. Ол өстіп мысық табандап ұпай жинайтын. М.Қаб. ~ Мұндағы кейіпкердің мені — жазушының өзі. Егер құмырсқаның өзін жазса қазіргі оқырманның оған өресі жетпейді, оқы-майды. Құмырсқаның іні де, илеуі де жоқ, яғни, жер сатылып кеткен. Ертеңгі өмір, жер жегісі, түптің түбінде жүйкеңді жейтін болады! » — деп пікір түйіндеппін. Т.Жұрт.

ПІКІР ТАЛАСЫ
Ойларын ортаға салып, айтысу. ~ Бірден қостаған Зерде ғұлама: — Пікір таласына тежеу жоқ. Неғұрлым еркін, ақылға сия бермейтін идеялар болса, тіпті қызық болатыны сөзсіз. С.Ғабб. ~ Ол кезде пікір таласы қит етсе «анау пәлен, мынау түген» деген жалалы аттар қоп болатын. С.Бег. ~ Осы тұста көпшілікке қозғау түсіп, пікір таласы басталды. Ө.Кәр. ~ Айтпақшы, Әспетжан, сенің «Пікір таласта бедел қару бола алмайды» деген өз сөзің де бар екен-ау.Х.Ерғ.