Posted in

ПИҒЫЛЫ ТЕРІС

Ой-ниеті, мақсат-мүддесі бұзық. ~ Өзінің жақын туысы Малтай Жантаевтың куәлігі бойынша, өкіметке пиғылы теріс, қоғамға қатерлі адам деп танылған екен. Іс қағаздарының арасында сот үкімі жоқ болып шықты. М.Мағ. ~ Мырқы мырза: шуламаңдар, миымды ашытпаңдар. Өскенбайұлы Құнанбайұлы даланың тынышын кетірген, орыс пен қазаққа жік салған, пиғылы теріс кісәпір адам. Кісәпір болмаса біліп, білмей істеген күналарымды жуамын деп Меккеге сабылып бар малын шашып әуреге түсер ме еді. Д.Дос.

Posted in

ПИҒЫЛЫ ТАРЫЛДЫ

Көңілі бұзылды, сараң тартты.  ~ — Иә, бұл тегін емес, бұнда қандай да бір сыр бар. — Апырай, бұл теңізге бірдеңе көрінді ғой! Жарықтықтың пиғылы неге тарылды? Ә.Нұрп.

ПИҒЫЛЫ ЖАТ  

Ниеті, мақсаты бөтен. ~ Емхананың жатырмын төсегінде, Шақырса да қол бұлғап көше күнде. Ағып бара жатқандайсезінемін Пиғылы жат біреудің өзенінде. Р.Ниязб. ~ «Кездесуді қалап тұрса, неге кездеспеске, — деймін өзімді-өзім үгіттеп. — Мен қорқатын ештеңе жоқ. Мақсаты күмәнді, пиғылы жат жандар жүрексінсін, жүрексінсе.» Т.Әбд. ~ Нұржан: Пиғылы жаттың бәрін ата берсек адамдарды азайтып алармыз… О.Бөк. ~ Тройбализммен айналысады, пиғылы жат, мемлекеттік тілге жаны ашымайды, маңайына кілең жөйіт жәркеленші әмпайларын жинап алған, мына түрімен қазақты көгертпейді», — депген мағынада арыз жөнелтем деп бұрқылдап бара жатты. Д.Дос.

ПИҒЫЛЫ ЖАМАН

Арам ойлы, теріс ниетті адам туралы. ~ Енді бақса — тегін емес. «Мынау қасиетсіз болып шықты, пиғылы жаман екен»,— деп түйіп біраз уақыт үйренісіп, жақын тартып қалған адамын бірден жатсынып, қатты түңілді. Т. Ахт. ~ Сендердің, әсіресе жазғыштардың, жазушысымақтардың, ақынсымақтардың пиғылы жаман. Сары уайымшыл, көткеншек шеттерінен. Ө.Кәр.

ПИҒЫЛЫ БҰЗЫЛДЫ

Оң жолдан тайды. ~ Күн орнынан шығып, ай орнына батқанмен бұл күнде заманның өзгеріп, жұрттың пиғылы бұзылғанын жалғыз бұл ғана білмепті. Ә.Нұрп. ~ Өйткені аузымен періштені аңсап аңыраған Пенденің пейілі тарылып, пиғылы бұзылған. Екі аяқтылардың бәлесінің бәрі осыдан басталады. Е.Әл. ~ Қайта күн санап осы баладан көңілі қалып жүр. Көкесі түзде жүргенде жалғызілікті анасына қолғабыс берудің орнына, осы шірік неменің өскен сайын пиғылы бұзылып барады. Ә.Нұрп.

ПИҒЫЛЫ АРАМ (БҰЗЫҚ)

Жымысқы, теріс ниетті. * Байқап жүрмін, кейінгі кезде осы қасиетті храмға кім көрінген, ойы пәс, пиғылы арам, қаламақыны ғана көксеген көксоққандар еніп кететін болыпты. Д.Досж. ~ Бірақ бұл ойына да табан тірей алмады. Кім де болса пиғылы арам, ниеті бұзық біреу. Ө.Кәр.

Ойы, ниеті жаман. ~ Өзіңіз түсініп тұрсыз, ұят емес пе. Пиғылыңыз бұзық екен, ағай. Айтып еді-ау, бәсе. Екіншіден, Көкжалдың арқа басында ақ тікенді сай жоқ, жыңғылды сай бар, кге-кге-кге. Ж.Нәж. ~ Құдай қосқан қосағым еді ғой ол.  Жалғыз ат мінген, жалғыз тазы ерткен жарлы едім, үкіметке пиғылы бұзық деп жала жапты, ашу үстінде үкімет өкілін жазым қылып, енді менің жүрісім мынау. Ә.Тар. ~ Бізді ақымақ қылған. Әйтпесе, осылай бірден тұрып кетуге бола ма? Бізді ақымақ қылып жатқан. Пиғылы бұзық, бұл бүгін қашады, Түнғатарға қашады.» Ә.Тар.