Жабырқау, құлықсыз. ~ Үйге келген соң тайдан айрылып қалған пәс көңілін жұбатқысы келгендей «Соттың өзі Қабекеңе шығынды өндіріп беріңдер» — деді», — деп дауысын әуелете созып дастархан басында бір желпініп алды. Б.Сәр. ~ Автомобиль ұзай беріп, тырқ етіп тоқтады. Сэр Рэдгрейв кабина есігін ашып, қолын бұлғады. — Бір минутке! Пәс көңілде санап басып, машинаның қасына келді. М.Қаб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПӘС КӨҢІЛ
Жабырқау, құлықсыз. ~ Үйге келген соң тайдан айрылып қалған пәс көңілін жұбатқысы келгендей «Соттың өзі Қабекеңе шығынды өндіріп беріңдер» — деді», — деп дауысын әуелете созып дастархан басында бір желпініп алды. Б.Сәр. ~ Автомобиль ұзай беріп, тырқ етіп тоқтады. Сэр Рэдгрейв кабина есігін ашып, қолын бұлғады. — Бір минутке! Пәс көңілде санап басып, машинаның қасына келді. М.Қаб.
ПӘС БОЛДЫ
Басылып қалды; көңілі түсті. * Әкеңнің… сол Қоңқайдан бастап, бүкіл әлемді трактормен таптап өтер ме едім. – Көңілі қанша пәс болғанымен, Аманжанның сөзіне еріксіз күліп жіберді… О.Бөк. ~ Хан сайланбай, көңілі пәс болып жүрген де шығар. Алаң көңілді адам алаңдап соғысады. Б.Нұрж. ~ Бесбұлақ жайлауын, Қара-үңгір тауын қимай тұрғам. Көңілім пәс сияқты. Тек Баршатаста ағаңмен бірге тұрамыз деген сөз ғана көңіл аулаған. М.Мағ.

ПӘРУЕЙІНЕ КІРМЕЙДІ (КІРСЕ НЕ ҚЫЛСЫН)
Мән бермейді, қаперіне алмайды. ~ Мінеки, қазақ ағайын дайын дүниені ғана көре алады, көреді де қызғаныш етеді. Оған дейін пәруейіне де кірмейді, тіршілік жасасам деп ойлайтындар аз, көбісі ұйықтап жүреді. Ә.Асқ. ~ Амал қанша, талай жақсы жігіттер сөйлесіп еді — ау. Қиылып еді — ау бір қаншасы. Қамида кезінде олардың бәріне де шекесінен қараған. Ол кезде кейін осындай болып қаламын — ау деген нәрсе пәруәйіна кіріп шығып па еді? Ж.Сәм. ~ Өзiнiң ынжықтығымен қоймай, соншама тексiздiгiне бүгiн нақты көзi жеттi. Осы уақытқа дейiн пәруейiне қалай ештеме кiрiп-шықпағанына қайран. Ә.Ыб. ~ Дұшпаны жоқ, жаттың кім екенін білмейтін Қарашелектің пәруейіне ол кезде тинамдай түйсік кірсе не қылсын. Қ.Ысқ.

ПӘРУЕЙІНДЕ ЖОҚ
Қаперінде, ойында жоқ. ~ Қырсық адамның соңынан қашанда қырсық ере келетін әдеті, Мешекең бүгінгі жанжалдың кесірін кепкен шалдан көріп отырған. Асекеңнің әдейі болмаса да айдап салғаны пәруейінде де жоқ. Қ.Ысқ. ~ Көшет өсірудің орнына бақша еккені, орман баптаудың орнына егін сепкені, мал асырап, жан асырағаны түткіш шалдың пәруейінде жоқ деймісің, бүгінгі бір-екі табан сиыр, жарты мың жылқы, бір-екі отар қой да Ақсу жұртының сол бір кездегі табан ақы, маңдай терінен құрылғаны жадында жатқан шығар-ау. Қ.Ысқ.

ПӘРУАНА БОЛДЫ
Біреуге мейірін төгіп, бәйек болып, сол үшін жанын пида қылуға дайын тұрды д.м. ~ Қу бауыры қия алмай, Қайрылып келді қасына. Сансызбайдың Төлеген Пәруана болды басына. «Қыз Жібек». ~ Ақжалын атты тұсай сап бір дөңге шығып, Пәруана болып жоғалам гүлдерге сіңіп. С.Нұр. ~ Оны өмірінің мәні де, сәні де деп біледі, ол үшін пәруана болуға, бұл дүниеде бір ғана сол үшін өмір сүруге әзір сияқтанады. Дж.Лонд. ~ Құшақтап сүйді қатын қысып-қысып, Балаға пәруана боп мейірі түсіп. От болып өртенуге жақындайды, Жүрегі қуанғаннан алып-ұшып. М.Ж.Көп.