Posted in

ӨТКІНШІ ӨМІР (ҒҰМЫР, ДӘУРЕН)

Мәңгілік ештеңе жоқ, өмірдің де көзді ашып-жұмғанша өте шығатын баянсыздығын бейнелейтін тіркес. ~ Қанаты бүтін сұңқар жоқ, Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.Алладан үкім келген соң Өткінші өмір сұрау жоқ. «Қыз Жібек». ~ Советханның өткінші өмір туралы философиясы, «оралыңның барында күліп-ойна» деген өлеңді еске алуы, айналып келгенде, оңай ақша табу мәселесіне тірелгенде ол не дерін білмей қақалып қалды. Б.Тоғ. ~ Балаларым, сендер өткінші ғұмырдың қиын-қыстау кезеңінде боран-шашында өскен қарағайдай қайсар мінез таныттыңдар.  Ж.Шәк. ~ Сүйтіп Ақанның жанына сусын болған Көкшенің екі аруы – Ұрқия мен Ақтоқты өткінші дәурендей өте шықты. Ақан зарлап жалғыз қалды.  С.Жүн. ~ Шын поэзия, осылайша, мәңгілікпен тексеріледі. Егер өткінші ғұмырдай белгілі бір мезгілдің туындысы болса, ол поэзия болмағаны. Ф.Оңғ.

Posted in

ӨТКІНШІ ЖАУЫН (ЖАҢБЫР, НӨСЕР)

Тез басталып, төпелеп жауып, тез өтіп кететін жаңбыр. ~ Табандарының астында жатқан мені мазақ етеді. Кенет тысырлап өткінші жауын жауа бастады. Б.Соқ. ~ Мамыр. Биыл бұл айдың басы жиі-жиі төпелеп жауған өткінші жауынмен басталған. С.Жүн. ~ Іле төмен құдиып, өзен жағасына келдім. Әлгіндегі өткінші жаңбыр молайтқан сияқты, тау суы тасып кетіпті. С.Үс. ~ — Тықылдамай аттарды айда, — деді, Аба айтқан жағдайды жақсы білетін, бірақ оның шешенсуін ұнатпай қалған Шыңғыс. — Бұндай өткінші нөсердің аумағы тар болатын, мүмкін біз қашып үлгерерміз. С.Мұқ.

ӨТКЕНДІ КӨКСЕДІ

Бағзы өткен заманды, қайтып келмес күндерді аңсады. * Тарих өзенін теріс ағызатын қандай «әулие»? Қай құдай?! Бұ күннен түңіліп, өткенді көксеп, мәдениеттен қашырған қайдан шыққан пайғамбар?Ж.Айм. ~ Досқожаның елеңін жариялағаны үшін Сәкенді саяси қырағылық таныта алмады деп айыптадық. Оларды «ұлтшыл», кертартпа», «өткенді көксеуші» ақындар деп айып тағып, қолдан қоңырау байлап, әдебиетіміздің тарихынан ысырып біраз жыл аластаттық та. Т.Кәк.

Posted in

ӨТКЕН МЕН КЕТКЕН

Артта қалған күндер, бастан кешкендер. ~ Өмірдің өрін едәуір жүріп келіп, Абай енді айналаға көз тастап, өткен мен кеткенге, бүгін мен болашаққа өз кеудесіндегі танығанын, шынын ашпақшы. М.Әу. ~ Мұнарытқан көкжиекте қылт-қылт асыр салып жүрген көп бұлдыр көк сағым емес, өткен мен кеткеннің көкейден өшпей тұрған, қапелімде, өше де қоймайтын көлең-көлең көп елесіндей. Ә.Кек. ~ Сол бір көлкіген көк сағым бұның қиялын тағы да өткен мен кеткеннің көл-көсір хикаясына бастағандай. Ә.Кек.

ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ ЖОҚ

Болған іс болды, өтті-кетті, ұмыт болды. * Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз… Ж.Айм. ~ Еркі желдің еркінде, Ел емес едім, ебелек. Өткен күнде белгі жоқ, Айтып — айтпай не керек. І.Жанс. ~ …Бәрі ұмыт болды. Өткен күнде белгі жоқ. Мына мені бұл оқиға бір сілкіндірді, жүдеп жүрген көңілді нұрландырды. К.Қаз.

ӨТКЕЛЕКТЕН  ӨТТІ (ӨТКЕН)

Талайды көріп, небір қиындықты бастан кешіп, небір ауыртпалықты артта қалдырды. ~ Ұят та болса айтайын,— қу Қайрақбай мен оның қу қатыны — Қатираның жетегінде жүріп, «бозбалашылық» аталатын мектептің, «әлібі» мен «биін» мен алдақашан үйренгем. Сондай өткелектен өткен менің, Бәтеске де бозбалаша көз тастауымды, бұл «сабақта» білімі менен әлдеқайда көп Қалиса сезіп қапты. С.Мұқ. ~ Ауызда тіс жоқ, қабағы жарылған. Бет-аузы көлкілдеген ісік. Шәуәлидің өзінің де оңып тұрғаны шамалы. Бұл бейшаралар да сол өткелектен өткен ғой. Т.Сәу. ~ Зүлжиладан асқаннан кейін де талай тар жол, тайғақ кешулерден, нелер өткелектерден өтіп Мұзафар қалашығына қоныстандырылдық. Ғ.Біл. * Сол қазақ кедейінің өткелектерден өтіп, жаңалық атаулыға біртіндеп жылжуын Мырқымбай аталатын кедей типі арқылы жинақтап көрсеткен, типтендіріп берген де Биағаң. Қ.Ерг.

Өмірдің небір қиындығын көріп, шыңдалған, жырынды. ~ Біз неткен ер, Неткен ер, Аза тұтып ел үшін Азап-бейнет шеккен ер, Өкпелетпей Өз елін –Өткелектен өткен ер, Өкіметін орыстың, Ұлықтарын патшаның Өті жарылып кетсе де, Өкінішін көп айтып, Өтінішін дөп айтып, Көрместей боп кеткен ер. С.Тұрғ. * Сылти басқан екінші хатшы ұнады. Көп адам кем, мүгедекті іш тартады, ондай мехнат көрген, өткелектен өткен пенде дүниенің арзан, қымбатын, кімнің кім екенін түсінуге тиіс, тірі жанға обал жасамайды. М.Қаб. ~ Жұмысын қатардағы таратушыдан бастап еді, қазір «Яманың» бастығы. Небір өткелектен өткен жырынды. «Яманың» жұмысын жандандырып, табысын еселеп өсіріп отыр. Т.Сәу.