Posted in

ӨКІМ СӨЙЛЕДІ

Басына, бұйыра сөйледі. * Одан жаман әкіреңдеді. – Танымасаң танытармын. Одан да шыныңды айт! – Өзің қалай өкім сөйлейсің? Өзің кімсің? Партийный белетің бар ма? – деп қоқан-лоққыға салдым.  Ж.Айм. ~ — Иә, солдатпын, — дедім басымды көтеріп. — Солдат болсаң, бері кел, — деді өл маған көмандирімдей-ақ өкім сөйлеп. Ә.Нұрш.

Posted in

ӨКІЛ АТА

Әке орнына әке саналатын үлкен кісі. ~ Мен әкім көрмей жүр ме екенмін?! Жиенімнің бөлесінің жездесінің өкіл атасы Қалмақхан — әкім!  Ғ.Қаб. ~ Алыста Жалайырдан келіп отыр, Ордасын Аламанның көріп отыр. Кербез бен Кенебайға өкіл ата, Ертіп кеп, жоқты тауып беріп отыр. К.Әзір.

Posted in

ӨЙТПЕГЕНДЕ ШЕ!  

Енді қайтсін; сонысы дұрыс қой, неге өйтпесін д.м. * Оның мұнысы өзгеге ерсі көрінгенімен өзіне таптырмайтын ақыл сияқты. Өйтпегенде ше! Кейбіреу молда, ұстаз алдында бірнеше жыл отырса да ұқпайтын харыпты небәрі он бес күнде жаттап алу оңай ма. Е.Мұхам. * Ал мен аман қалғаныма қуана алмадым. Бар тілегім кесілгендей, қасірет жамылып тұр едім. Өйтпегенде ше! Болашақ тірлігімді, зор үмітімді осы казактарға байланыстырып едім ғой. М.Мағ. * … оның диплом жұмысын Игнатов деген үздік студент жолдасы жазып берген. Өйтпегенде ше?! Ол Мықаңа 570 сом борышты болған. Ғ.Қаб. * Шойқара әңгіме үстінде қалайда еркін кете берді. Өйтпегенде ше? Бұл ауылда Шұнақтан жоғары бастық жоқ. Б.Қыд.

Posted in

ӨЙДӨЙТ ДЕРСІҢ (ДЕГЕН)!

ӨЙДӨЙТ ДЕРСІҢ (ДЕГЕН)!Ал ендеше! Міне, керемет! д.м. мысқыл мақтау. * Қойды ауылға таман сыра тастап, біз де барушы едік. Өйдөйт дерсің! Ж.Айм. * Есептеп отырсақ — он жылда қырық жеті бас ұлылы-кішілісі бар, елу сегіз мың бір дүз де жиырма сегіз бас болады екен… – Өйдөйт дерсің!— деп қалды біреу.  С.Жүн. * — Өйдөйт деген!.. Ай-хой атақ! Содан шықты шатақ!  Ғ.Қаб. * – Бәрібір сол партия емес пе!.. Бәрін айт та бірін айт, бізге жетер ешкім жоқ, бәйбіше! – деймін ескі орындықты сықырлата шалқайып. – Өйдөйт деген!  Т.Сәук.

Posted in

ӨЗІҢДЕЙ КӨР

Басқаны өзіңе теңе. ~ Зиба. Айып демеймін, бірақ… (Aз тоқталып күрсініп.) Өзгені де өзіндей көр: намысқа шаптым деген боп Қазына келініңе қол артқалы жүрген жоқсың ба? Б.Май. ~ – Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. Мені де өзіңдей көр! — деп қалды. М.Әу. ~ — Ендеше, әркімді де өзіңдей көр. Сенін, ішің балаңа уылжығанда, Ескендірдің шешесінің іші уылжымайды дейсің бе. Жүдә обалына қара оның, жылатпа, қарғатпа!.. С.Мұқ. ~ Ал сен өз балаңды ғой жақсы көресің. Басқаларды да өзіңдей көр. Өз балам мектепке баратын жылы, келесі күзде бітер дегенді қой сен! С.Бақб.

Posted in

ӨЗІҢ ДУАНАСЫҢ, КІМГЕ ПІР БОЛАСЫҢ

Алдымен өзіңе қарап ал д.м. *… менен осыдан артық не тілейсің, Бағыш? Осыдан артық жарымжан ақын жартыкеш жаныңды несімен жұбатқандай? Өзің дуанасың, кімге пір боласың деген екен. Қ.Ысқ. ~ Сонда сіздің кірген ұйымның артықшылығы неде?! Неге тәуелсіз би болып жүрмейсіз сонда?  Екі күннің бірінде ауызыңыздан авария боп жүргеніңіз анау! Өзің дуанасың, кімге пір боласың деген, қайтесіз жұртқа тиісіп», — дейді ақын. А.Елг.

Posted in

ӨЗІНЕН-ӨЗІ ТҮСІНІКТІ

Айтпаса да түсінікті жағдай туралы. ~ Бірақ қыс қыстап, жаз көшіп кететін бұл қыстауларда су жоқ. Ал суы жоқ жердің орманы қанша қалың болғанымен, тұрақты мекен бола алмайтыны өзінен-өзі түсінікті.С.Шайм. ~ Келешектерінің жарқын болары айдан анық секілді. Ол турасында тіпті шүбәлары жоқ, өзінен-өзі түсінікті жайдай көрінген. Ш.Бейс.  

Posted in

ӨЗІНЕН-ӨЗІ ҚУЫСТАНДЫ

Әлденеден секем алып, сезіктеніп, қысылып, жайсыз сезініп, қобалжыды. ~ Ержан Кәкібайдың сырын енді түсіне бастағандай болды. Бірақ Кәкібай жайын ойлаған сайын, неге екені белгісіз, тынышы кетіп өзінен өзі қуыстана берді. Т.Ахт. ~ Осыдан кейін Бек сасқалақтай бастайды. «Менің көзім бұл капитанға неге ұнамайды» деп, өзінен өзі қуыстанып есі шығады. Ә.Нұрш. ~ Қанаттың бұған дейін білетіні, естігені жастық романтикасы болатын. Сондықтан, оған «өткен түндегімді бұл кісі қайдан білді екен?..» деген секілді бір жосықсыз ой келе қойып, өзінен-өзі қуыстанып, қызарып кетті. Ғ.Слан. ~ Көршісі мұның балтасын ұрлап алып, содан өзінен-өзі қуыстанып келе жатқандай көрінді. Ж.Аяз.

Posted in

ӨЗІНЕ ӨЗІ СЕРТ БЕРДІ

Әлдебір іске бел байлады. ~ Қайта оралғанда Бүбітайдың басына белгі қойдым. Өзіме өзім серт бердім. Білесің бе — бір адамды өлтірмей өкінішім қайтпайтындай көрінді. С.См.~ Әскерде жүргенде сіз жәйлі көп ойлаушы едім. «Барғаннан кейін бар ынтамды салып асырамасам ба!» — деп, өзіме өзім серт беретінмін… Б.Тоғ.

Posted in

ӨЗІНЕ ӨЗІ КЕЛЕ АЛМАДЫ

Есін жинай алмады, сабасына түсе алмады. ~ Сен «Бәтіш, қорықпа. Бұл қоян ба, түлкі ме, сондай бір аң ғой»,– деп жұбатсаң да, ол бірақ жуық арада өзіне өзі келе алмады. Ә.Нұрп. ~ Көңілі қатты қабарған. Өзіне-өзі келе алмай шала бүлініп жүрді.  М.Қан. ~ Екі апта бойы өзіне өзі келе алмай, есі кіресілі– шығасылы, күндіз– түні қызуы түспей, сандырақтап жатқан Лима беті бері қарап, алғаш рет көзін ашқанда, үстіне төне түсіп, әлдене айтып жақындай берген күйеуін көріп, шыңғырып жіберді. Ә.Тар.