Posted in

ОЙЫ ТАЗА

Ниеті, пиғылы ақ, адал ойлы адам туралы. ~ Қайта оқысам, ішкі жансарайым ашылып, зіл басқан дүниеден тазарамын. Ойы таза адамның – жаны да таза. Жаның тазарса шабыттанып кетесің. Ә.Ысқ.

Posted in

ОЙЫ САН-САҚҚА ЖҮГІРДІ (БӨЛІНДІ)

Басына сан қилы ой келіп, дағдарды. ~ Ойы сан-саққа жүгіреді. Кім біледі. Өмірде мандайынан жан шертіп көрмеген Пахраддиннің еркебұлан қызы ашу үстінде суға секіріп кетті ме? C.Ел. ~ Әрбір адамда арман бар. Оқушы кездің өзінде оқу екпіндісі, үздігі болсам деп армандайды. Кейін ойын сан-саққа жүгіртіп, бірде ұшқыш, бірде дәрігер, бірде мұғалім, бірде журналист болуды мақсат етеді әркім. Ә.Ысқ. ~ Егордың ойы сан-саққа жүгірді. Шынын айтса‚ мылтығын тартып әкеткендей, жалғыз қақпанын алып қояр… Өтірік айтса ма екен? А.Алт. ~ Бөкен атасын қатты аяп кетті де, жылдам киініп, ауыл шетіндегі совхоз кеңсесін бетке алды. Жолда ойы сан-саққа бөлінді. Көз алдына қала елестеді. Көше бойына сән түзеген зәулім үйлер… Сыңсыған саялы парктер… Әсем театр… Үлкен кітапхана… Ал мұнда ауылда?.. Д.Әш. ~ Тілшілер тірегіне келген оныншы класс оқушысының қылығы ойымызды сан-саққа жүгіртті. Киген киіміне, жүрген жүрісіне қарап оқушы деп айта қоюдың өзі қиын. Ә.Ысқ.

Posted in

ОЙЫ ПЫШЫРАДЫ

Басына неше түрлі ой келіп, санасы сан-сапалақ болды. * Алда-жалда кездесіп қалғанда «сен жер астында қорқақтық көрсеттің» деп аты-жөні жоқ өзіңнен-өзің оған қалай тиісерсің. Сөйтіп бірте-бірте жер астындағы берік ойым пышырай бастаған. І.Ес. * Бір ойдың ұшығын ұстап, жинақтайын десем, ойым сан- саққа пышырап, қырдың қызыл түлкісіндей ұстатпайды- ау, ұстатпайды… Ә.Асқ.

Posted in

ОЙЫ ОРНЫҚТЫ

Өз ойына, ниетіне берік д.м. ~ Сол баяғы өршіл де, шамшыл мінезінің ба¬сылмағанына қарап: «Е, ағамыздың көңілі күпсіз, ойы орнықты екен. Сағыныштың сар жалқыны жүрегін алмапты…» Т.Жұр.

Posted in

ОЙЫ ОНҒА, САНАСЫ САНҒА БӨЛІНДІ

Неше түрлі ой басына келіп, сан сапалақ күйге түсті. ~ Ұлан-байтақ сақарада үдере көшіп-қонып жүріп ұлы Қазақ Ордасын құрған алаштың алып хандары ел үшін бейнет кешті. Жаудан жағасы босамады. Бейбіт өмір үшін алысты. Жұлысты. Ойы онға, санасы санға бөлінді. Абай жарықтық айтқандай, ақыл алтау, ой жетеу болды. Д.Аман. ~ Күнбала көпке шейін ләм- мим демей, ат үстінде томсарумен келеді. Ойы онға, санасы санға бөлініп, алдағы күндерінің не боларын, артта қалған бейбақ шешенің ендігі тағдырын толғайды. С.Ом.

Posted in

ОЙЫ ОНҒА БӨЛІНДІ (КЕТТІ)

Сан қилы ойдан басы айналып, дағдарды. ~ Мыстанның бұл сөзі Тайшық ханды дал қылды. Ойы онға бөлініп, бір өзінен басқаға сенбейтін күйге түсті. А.Сей. ~ Алдында ылғи ашық кітап жатады, мынау соған қарайды, бірақ көрмейді. Ойы онға бөлінеді, жүрегі аттай тулайды, кәдімгідей демігіп, тынысы тарылғандай. Ш.Айт. * Жарының жұмсақ қылығы, ыстық демі қанша қытықтағанымен ақтарыла айтқан сөзінде көп шындық бары ойын онға бөле берді. О.Бөк. ~ Ойы онға кетіп, әбден сарсаңға түсті, өзегі өртеніп барады. А.Смай.

Posted in

ОЙЫ ОН, САНАСЫ САН БӨЛІНДІ

Әр нәрсені бір ойлап, әбден басы қатты. * Адамның осындай дүние шеңберінен шығып, ойы он, санасы сан бөлінетін сәттерінде оған жай ғана тіл қатудың өзі қиын да, қиянат та. Б.Қыд. ~ Ол соры қайнаған қашан, қай жерде жүріп, шеттің адамымен жолығысқан. Марғуаның ойы — он саққа, санасы сан саққа бөлініп келеді. Ш.Бейс.

Posted in

ОЙЫ ОН САҚҚА ЖҮГІРДІ

Басы қатты, не ойларын білмей дел-сал болды. ~ Әрине, әйелдің екіқабат болуы өмір заңы екенін бала жасыңнан білсең де, өз басыңа түскенде ойың он саққа жүгіреді екен. Т.Ахт. ~ Осы кезде ойы да он саққа жүгіріп, не бір бәлелер келді басына. Е.Әл.

Posted in

ОЙЫ ОЙРАН, АҚЫЛЫ — АЙРАН

Не қыларын, не ойларын білмей, дал болды д.м. * Неге екені белгісіз, бұлардың арасында Қаракөз роліндегі Кәмила жоқ. Көрермендер аң-таң. Қапалбайдың ойы-ойран, ақылы-айран. С.Досан. ~ Ол қазір өздерінің қай тұста екенін, құрлықтан алыста ма, жақында
ма, теңізде ме, жоқ әлде дауыл оларды мұхитқа айдап әкетті ме сол арасын ажырата алмай ақылы айран, ойы ойран болып отыр. Ш.Айт.

Posted in

ОЙЫ ОЙРАН БОЛДЫ

Ойы сан-саққа жүгірді. * Сондықтан ол өзі бір тұтынған шешімді қырық қайтара кесіп-пішіп жатпайтынды. Бүгінгісіне түсіне алмай келеді. Бұрынғы жорықтарында қанша шаршаса да тап мынандай ойы ойран болмайтын. Ә.Кек.