Күл-талқан қып қиратты, құртып жойды. * Есін жиған Ботагөзден сұраса, патша өкіметінің жазалаушы отряды Амантай тобының ойранын шығарып, қырғыннан, қашқаннан қалғанын тұтқынға алған. С.Мұқ. * Күніне қырық ұйтқыған лақаптың саятыны баяғы сол бір түйін: екі хан тіл табыспады, жер қайысқан қолмен барып, азғантай жаудың ойранын шығаруға Қайыптың өнері жетпеді. Ә.Кек.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОЙРАНЫ ШЫҚТЫ
ОЙРАНЫ ШЫҚТЫ Быт-шыты шықты, қирады. * Ал бір жанды бет-жүзіне қаратпай, жолындағы қайрат көрсеткендердің бәрін қырып-жойып, жаныштап, тапап келе жатқан қызылдар осы мына ойраны шығып жатқан дүниенің ертеңгі анық қожасы. Ә.Нұрп. * Есікті сырт ашып әлгідегі ойраны шыққан, диванның іші түскен, майдан даласына айналған бөлмеге енген. Д.Досж.
ОЙРАН САЛДЫ
Қырып-жойды, қанға бөктірді. ~ Қойлыбай қобыз алсаақ қалбалаңдап, Қақаман жалғыз көзді жынның ері, Ерегіссе таутасқа салған ойран. М.Жұм. ~ Алашты алып шығып ел қылмаққа, орысқа аш бөрідей ойран салды. М. Жұм.~ Жолдас Степнов, яғни Далабаев. Сiз өзiңiз өскен далаға баруыңыз керек. Ақтар ойран салып жүр Сiздiң далада. Қол құра, күрес. Қ.Жарм. ~ Ет асымға созылған соғыстың соңын ала, кеш бата мұрша тауып байқаса, топты бастап қалмаққа тоқтаусыз ойран салған Абылай ханның тақымындағы таңы мен бауырында сабалақтаған ақ жүні үкінің балақ жүніндей үлпілдеген, ақтан кер тұлпар барлығыңқырап қалған екен. Ж.Ахм.
ОЙРАН ҚЫЛДЫ
Тас-талқан қылып қиратты. * Таудан от шыққан кезде «Ява» аралының бір бөксері жоқ болған; үш қаланы ойран қылған; қиратылған ауылдар тіпті көп, бірнеше күнде 40 мыңнан аса халық қырылған. А.Байт. ~ Көкетай сонда сөйлейді: — Аз күннен бері ұғамын, «Отыз ұлды қырғыздың, Ойығынан шықты деп, Он бір шаһар төбетті, Ойран қылып жықты деп, Алтайдағы қырғыздан, Аты Манас мықты» деп. Б.Әлім. («Манас»)
ОЙРАН КӨРДІ
ОЙРАН КӨРДІ Бүліншілік, әлек, қым-қуыт қарбалас, аласапыран айқастың куәсі болды. * Сарамды ақи-тақи талқандаған Күлеке батыр, міне, осы үрдістің ініне біржола су құйып кетуді көздеген сияқты. Оған дейін де Сайрам сан рет ойран көрген-ді. Ә.Кек.
ОЙРАН КІСІ
Сойқан адам, жетесіз, бетімен кеткен. * Сүндет деген комсомол құдай жоқтар ұйымының басшысы болып, алтын-күмістерін өздерімен бірге жасырған деп бақуатты адамдардың моласын қаздырғанда, оны өз әкесінің жанына өзіне көр қаздырып, басын қылтитып шығарып тірідей көміп кеткен, ойран кісі еді ғой, жарықтық. Н.Дәу.
ОЙРАН ЕТТІ
Күл-талқан қылып бүлдірді, астан-кестенін шығарды. ~ Шаңырағымды отын ғып. Отауымды топыр ғып, Отанымды қоқыр ғып, Ойран етті, әулие! М.Мақ. ~ Тойыңды ойран етемін! Өкінесің, жас қыршын! – деген сөзіңді естіп едім. К.Тоқ. ~ Қарс айрылып кеудесі, қасіретті үн атылды: «Ойран етіп ойымды, онда несін шақырдың?» М.Мақ.
ОЙРАН-ТОПЫРЫ ШЫҚТЫ
Тас-талқан, астан-кестен болды. * Екі дүркін жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Адамдардың бұрынғы көзқарасының ойран-ботқасы шығып, мінез-құлықтары да қырық құйқылжыды. Ә.Кек. * Сөйткен әсем дүниенің бір кеште ойран-ботқасы шықты: атам мені тұңғыш рет еркелетпеді, қасына шақырмады. Ж.Нәж. * Ол топ өзге топтың да үрейін ала үркітіп, ат біткеннің ойран-топырын шығарды. С.Досан.
ОЙРАН-ТОПАЛАҢ БОЛДЫ
Алай-түлей, әлем-тапырық халге түсті, бүлінді, ойраны шықты. * Теңі қисайған, бас үзген түйелер, иесі аударылып түскен, ерін мойнына алған аттар, әйелдердің шулаған, балалардың аңыраған, үлкендердің өкірген үні — аспан асты ойран-топалаң болды да кетті. М.Мағ.
ОЙРАН-БОТҚАСЫН ШЫҒАРДЫ
Күл-талқан қылды, быт-шытын шығарды; аяғын аспаннан келтірді, берекесін кетірді. ~ Осыған дейін өзім жақсы көріп келген кісімнің жаза басқан бір ісін кешпесем,онсыз да шиеттей балалары бар жанды-жақты жүдеу семьяның ойран-ботқасын шығарып, шаш ал десе, бас алардың өзі болып шықпаймын ба? С.Шайм. * Әскерге шақыртылатындардың тізімін тартып алып, өртеп жіберген. Жергілікті билік тарауларының іс кеңселерін талқандап, ойран ботқасын шығарған. Ғ.Біл. * Шабылған жердің шөбін ұшырып ойран-ботқасын шығарып жатқаны мынау. М.Сүн.
