Біреудің қалжыңын көтере алмау туралы. ~ Ол – ақымақтың iсi! – дедi ойнап түрткенге шындап тулап. – Карелияда әскерде жүргенде үш солдат ұйыққа түсiп кеттiк. Бетiн мүк басып көгерiп жатқан құйбатпақты байқамай қаппыз. Т.Сәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОЙНАҚЫ КӨЗ
Жалт-жұлт етіп, сан құбылып, жымың қаққан көз. ~ Ел қазағы нұсқынды біреуі: «Әлік» алды. Аятында орысша етігі бар ықшам шапанды, жекей қара тымақты, аузы-басы пияздай, қожаға айтқан нияздай, қара сұр жігіт ойнақы көзі жалтаң етті де, ернін қыбырлатты, Бекболат амандасты. Ж.Айм. ~ Қарсы жолыққан гимназияның қыздары тон киіп, мойындарына шәлі ораған, бастарында әдемі бөрік, аяқтарында қысқа қонышты етік, қырау қонған кірпіктерінің астынан ойнақы көздері жалт-жұлт етеді… Ф.Дост. ~ Денесінің жалындай ыстық лебімен де, қарапайым киімімен де, сөзімен де, жаудыраған ойнақы көзімен де дуалап есіңді алады. Ф.Дост.
ОЙНАҚТАП (ОЙНАП) ЖҮРІП ОТ БАСТЫ
Асыр сап, еркінсіп жүріп апатқа ұшырады. * Торыққан тұста есіне Азелла түседі. Театр алдында еш қимыжықсыз еркін кездесіп, армансыз ағынан жарылуы, сүйкімді қоштасқаны — бәрі-бәрі көз алдында. Сол сәттерді елестеткен сайын Қарашаштың орнына Азелланы қойып көреді де, ойнақтап жүріп, от басқандай шошып кетеді. М.Қаб. ~ Достарыңның алдында да ұялатыныңды білемін. Бірақ, ойнақтап жүріп от басқан мендей бейбақтың бар кінәсін кешіре біліп, маған үйленсең, бетіңе жел боп тимес едім. «Әкем болса…» ~ Сол сәттерді елестеткен сайын Қарашаштың орнына Азелланы қойып көреді де, ойнақтап жүріп, от басқандай шошып кетеді. М.Қаб.
ОЙНАҚТАҒАН БОТАДАЙ
Асыр салып, еркінсу, құтырыну хақында. * Бұрын да өстіп аяқ астынан құбылып, артынша ойнақтаған ботадай құтырып шыға келетініне еті үйрене бастаған серіктері ештемені мәнзүр қылмай, қайта құлақтары тыншып қалғанына қуанысқан. О.Сәрс. ~ … ебелектей ұшып-қонып, ессіздікке еліктеп, есерсоқ көңілшектік кездерің ғой, абайламай тірлік жасап, аңдаусызда шоқ басып алған, ойнақтаған ботадай болып қалмаңдар, дегім келеді, қарағым, — деп Исмайыл Мәделіге ағалық ықыласпен қарады. «Арпалыспен…»
ОЙНАҚ САЛДЫ
Ойына келгенін істеп, құтырды; асыр салды; әлем-тапырық қылды. ~Үскірік, аяз, боран араласқан, Екі үйдің арасында жан адасқан. Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт, Салды ойнақ сахараға уытын шашқан. Абай. ~ Құздарда найза қия құстар шулар, Төменде тасты сабап толқын тулар. Аланың ақ төсінен орғып түсіп, Сайларда салар ойнақ асау сулар. М.Жұм. ~ Өткен күн ертегімен таласқандай, Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?! Ой-қырдан орғып-қарғып еріккенде, Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай. М.Жұм. ~ Адамның жанын, қанын азық еткен, Борандай ойнақ салды өлім билеп. С.Мәу. ~ Кіндік қаны
тамып, төсінде ойнақ салған туған жері есіне түссе ет–жүрегі елжіреп, мазасыз күй кешеді. Д.Рам. ~ Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. Б.Қыд. ~ Қас қағымда ауаны арайлы сәуле – торғын талшықтар үлбірей торлап, жалт-
жұлт ете ойнақ салды, сансыз нәзік алтын жіпшелер шымылдық болып толқыды. Ж.Шағ.
ОЙНАҚ ҚАҚТЫ
Сұлу мүсінді. ~ Кері бұрылып, кетіп қалуға оймақтан өткендей сыптығыр кірекейді қимаған, екіншіден, осы маңайдағы тіршілік атаулының ешқайсысына бет қаратпаған Ақтөс аты бола тұрып, әлденеден қорқып, қайтып кетуге намыстанған. К.Сег.Бет-жүзін сан құбылтып, жайнаңдады, жалт-жұлт етті. ~ Аяғындағы біз өкше бәтеңкесі жылт-жылт етіп, басына қызыл орамал тартып, мөлдір тұнық көк барқыт көзі ойнақ қағады. І.Жан. ~ Шашубай үш сабауды саусағының басына қондырып ойнататын өнерін осы Алматыға 1943 жылғы айтысқа келгенде де көрсетті. Ал, тақиясын басын шын айналдыра ыршытқанда ойнақ қағып, көз тұндыратын-ды. С.Бег. ~ — Білмеймін… Басқаға айналып кетпесе… – деп дүдәмалданған Кәрім шал оның ойнақ қаққан шегір көзінен ешқандай жылылықтың ізін аңғара алмай әуре-сарсаң боп отыр. С.Ғабб.
- Асыр салып ойнақшыды. ~ Құнан, байталдар құйрығын тіге ойнақ қағып, мама биелер қар теуіп жүр. М.Мағ.
ОЙМАҚТАН ӨТКЕНДЕЙ
Сұлу мүсінді. ~ Кері бұрылып, кетіп қалуға оймақтан өткендей сыптығыр кірекейді қимаған, екіншіден, осы маңайдағы тіршілік атаулының ешқайсысына бет қаратпаған Ақтөс аты бола тұрып, әлденеден қорқып, қайтып кетуге намыстанған. К.Сег.
ОЙМАҚҚА ҚҰЙҒАН СЫНАПТАЙ
ОЙМАҚҚА ҚҰЙҒАН СЫНАПТАЙ Мөлдіреп, тұнып тұр д.м. * Кекілін үрлеп жіберіп еді, жалт еткен тана көзі оймаққа құйған сынаптай екен. Қ.Ысқ. * Кекілін үрлеп жіберіп еді, жалт еткен тана көзі оймаққа құйған сынаптай екен. Қ.Ысқ.
ОЙМАҚ (ОЙМАҚТАЙ) АУЫЗ
ОЙМАҚ (ОЙМАҚТАЙ) АУЫЗ Кішкене келген сүйкімді әдемі ауыз. * Қандай керім! Қасы, көзі, кірпігі — өзгелерде дәл әлгі арудікіндей әрі көркем, әрі әдемі боп үйлесіп тұрмайтыны неден екен? Бір кемшіні болсайшы! «Оймақ ауыз» деп осындайды атайтын шығар! С.Смат. * Сымбатты көркі ғана емес, әрбір қимылы, мінезі де осы уыз қымыздай ләззат берді Мейрамға. Енді лебізін естуге ынтық. Сөзге оңтайлы оймақ ауыз, жұқа ерін сөйлемеді бірақ. Ғ.Мұст. * Одан еңкейіп келіншектің бетіне ұзақ үңіліп қарады. Қасы қияқтай, оймақ ауыз, қап-қара шашы жастықтан асып жерге салбырап тұр. С.Досж. ~ Бұларға жакындай бере оймақтай аузы оқыс ашылып, отты жанары жарқ ете қалды. С.Досан. ~ Ұлтарақтың кей сөзіне маңдайы тыржиып күдіктене қараса, кей сөзіне оймақтай аузын ашып, күлген мен күлмегеннің арасында отыр. Қ.Түм.
ОЙМА ТАЗ
Шашы әр тұстан ойық-ойық боп түсіп қалған таз. ~ Бағынышты елге Қоқан салық салады екен. Оның салықшылары ел аралап жүріп: − Ойма тазға − он теңге, қырма тазға − қырық теңге! − деп жар салады екен. Ш.Мұр. ~ Оқыс бұрылғанда ойма тазы күнге шағылысып, сағым жалаған айдын бетіндей жалт–жұлт ете қалды. Қ.Ыс. ~ Өзіңіз де білесіз. Жасымда басыма қотыр шығып, содан ешкім емдемеген соң ойма таз боп, басымнан қара тақия түспеді. Сондықтан қызға сөз айтпастан бұрын басымды емдетсем деймін. А.Жақс.
