Posted in

ОЙДАН ОРЫП, ҚЫРДАН ҚЫРЫП

Күн көріс үшін жанын аямай қарекет ету туралы. ~ Әйтеуір қырық күн ішінде ойдан орып, қырдан қырып, жоғын жонса да тауып, қарнын аш қылған емес. О.Бөк.~ Балам, пысысаңшы. бір. Сонау түк білмейтін, түгі жоқ, Нашарбек, Ақбас Жұмабек, Ақанайларға дейін атқа мініп, алдына мал салып алды. Мал таппаған жігіт жігіт пе! Сендей күнімізде ойдан орып, қырдан қырып тастайтынбыз. Міне сәті түсті, қимылдап қал. Білдің бе… Ғ.Мұст. ~ Даудың басы неден өрбіп еді өзі… Е-е, ол айтқан: – Сен пысық емессің, елдің еркегі секілді ойдан орып, қырдан қырып табыс таппайсың деген. О.Бөк. ~ Ағасы Сәлім жарықтық ыспор, іске орамды жігіт еді… Ойдан орып, қырдан қырып тұрып екі үйді сол бағар еді. Ал өзі сал-сері болғысы келді… Қ.Мүбар.

Posted in

ОЙДАН ОЙЫП, ҚЫРДАН ҚЫРДЫ

Әлдебір жұмысты тып-типыл қылып тындырды; қырып-жойды. ~ «Қарасудағы» ойдан ойып, қырдан қырып жатқан жас шопандарға — бір-бір қара тон!»— деген секретардың сөзі күні бүгін құлағымда. М.Қаб. ~ «Иә, мама, өлесі боп шаршап жүрмін. Айран ұйытып қойдыңдар ма?» деп, ойдан ойып, қырдан қырып келгендей алдына қисая кетеді. Өтірік айтқан қайбір жақсы. М.Қаб. ~ Ағасы Сәлім жарықтық ыспор, іске орамды жігіт еді… Ойдан орып, қырдан қырып тұрып екі үйді сол бағар еді. Қ.Мүб.

Posted in

ОЙДАН ҚАШҚАН, ҚЫРДАН ҚАШҚАН

Әр жерден жиналғандар д.м. ~ Ағы, алашы қосылып, ойдан қашқан, қырдан қашқан зұлымдарды топтап, еңбекші халықтың басына заман ақыр орнатып жатқандары да маған белгілі. С.Ом. ~ Ойдан қашқан, қырдан қашқан екі-үш неміс келмесе, Россия ел болудан қалатындай, өзіміздің шот желкелер тек солардың ауызына телміреді. Ә.Кек. ~ Ойдан-қырдан қашқан қырық мергенді жинап алыпты. Созақтан да, Қарсақбайдан да отряд шығып, ұстай алмай қайтқан көрінеді… Б.Тоғ.

Posted in

ОЙДАН КЕТПЕДІ

Есінен шықпады. ~ Мен жүрмін дүние қуып, әлі жетпей, Жас жетсе де, балалық ойдан кетпей! Зер танитын зергердің жоқтығынан, Алтын басым тот шалып, қалдым өтпей. М.Ж.Көп. ~ Іштей булыға жылап, көз жасымды шығармай еңіреп мен кеттім. Есуастың санасынан шықпайтын елестейін сонда да ойдан кетпейсіз. М.Бай.

Posted in

ОЙДАН-ҚЫРДАН ЖИНАЛДЫ (ЖИНАДЫ, ЖИЫЛДЫ)

Әр тараптан бас қосты. ~ — Түк те емес! — деді Володя, — ойдан-қырдан жиналған бандит сияқты. Сен патшаның урядниктерін көріп пе ең? Ғ.Мүс. ~ Ойдан-қырдан жиналған аттылы, жаяу қазақтардың ішінен Темірбек Айтқұлды кездестірем деп ойламаған. Б.Тоғ. ~ Бір күні Дулат — Шапырашты бас қосқан үлкен топқа Шыбыл ауылының нарты, өз туыстарын ойдан-қырдан жинап ел қылған Тәжі шақырылды. Б.Қыд. ~ . Ойдан-қырдан жиылып жәрмеңке басында тоғысып, балуан күрестіріп, ат жарыстырып, ақын айтыстырып, өнер базарын қыздырып, өз алдына думандатып жататын көңілді топқа көп те үйір. Ү.Жәл. ~ … Сол Біржан – осы Біржан, қайран Біржан, Келе сап Қояндыны қайран қылған. Біржанды «келеді деп» күтуші көп Жиналған исі қазақ ойдан-қырдан. К.Мырз. ~ Ойдан-қырдан жиналған әлгі значоктардың бір уысын Нұрланға сыйладым. Ш.Мұрт.

Posted in

ОЙДА ЖОҚ (ЖОҚТА)

Қаперінде еш күдік жоқ, алаңсыз. * Кек қуған жорықтың аяғы бұлай жаугершілікке айналар деген ойда жоқ, Жанқожаның есі шықты. З.Шүк. * Еркінсіп, тіл білмейтін қазақтарды басынып алған Николаев ұрады деген ойда жоқ, бос тұрады ғой, ұшып түсті. Б.Қыд.

ОЙДА ЖОҚТА (ЖОҚ ЖЕРДЕ)

Оқыстан, күтпеген жерден. ~ Мына жігіттің ойда жоқта табыла кеткеніне іштей қуанып, жақын тартқысы келді. Б.Тоғ. ~ Жоғалғаны рас еді, біржола, мүлде жоғалтып ем, ойда жоқта алдымнан неге шықты? К.Қаз. ~ Қалжыңның да шегі бар, ойда жоқта әбігер шығарған Бекетке кейи бастап еді. Қ.Ысқ. ~ Ойда жоқ жерде майданға аттандым да, сонан соңғы жұмыстар менi сiздiң және сiздiң семьяңыздың тағдыры жайлы ойлауды шорт үздi. Р.Рай. ~ Ойда жоқ жерде ойсырай шығынға ұшыраған үлкен шеру жаралыларын арбаға тиеп, қираған дүниелерін жолда қалдырып, ілгері қозғалды. Ә.Кек.

Posted in

ОЙҒА ШОМДЫ

ОЙҒА ШОМДЫ Ойланып-толғанды, терең ойға берілді. * Шалқытып салып отырған ән де, қоғадай жапырып шалдырмай отырған әзіл де бетімен қалып, Теріс таңба алыстағы бір ойға шоматын. Ғ.Мүс. * Қилы-қилы ойларға шомып, шылым тартып отыр едім, кенет есіктің қоңырауы бажылдап қоя берді. Міне, қызық! Бұл кім екен? Т.Берд. * … жан-жағын тарғыл мәрмәрмен көмкерген хауыздан көкке шапшып шығып, орта жолда қайтадан омырыла құлап түсіп жатқан ақ түтек суға қарап, үн-түнсіз ойға шомып отырған Әміршіге бастады. Ә.Кек. * Қыз машинаға отырды. Жол үстінде Шәкен қилы-қилы ойға шомды. И.Жақ. * Әрқайсысы өз бетімен шұқынғасын бірге отырып жеке-жеке ойға шомады. Ү.Жәл. * Жез сақалын желге таратып, қалың ойға шомған әкесіне сонда Жошысы артық тіл қата алмай жаутаңдап қарай берген. Р.От.

Posted in

ОЙҒА ТҮСТІ

Терең ойға берілді, ойға шомды. ~ Ол екеуі осылай қайраттанса да әлденендей бір ауыр ойға түсіп, үнсіз тұнжырап келе жатыр еді, арт жақтан біреудің:— Кімсіңдер, ей?— деген даусы шықты. Ә.Әб. ~ Талайлы ойға түсіп түпсіз терең, Сырласып табиғатпен мылқау, керең. Тыншымай махаббаты ыстық жүрек, Дөңбекшіп оңды-солды отырды әрең. » БС. Талайлы құл..»

  1. Есіне түсті, жадына оралды. ~ Есім жиналған соң, көп ұзамай философиядан сабақ беретінім ойға түсіп, сасайын дедім. Қалай сабақ беремін, не деп лекция оқимын? Б.Тоғ. ~ Былтырдан бері қыста қой қоздату жөнінде берілген материалдарды бірінен соң бірін ойға түсірді. К.Қаз.
Posted in

ОЙҒА ТҮЙДІ (ТҮЙІЛДІ)

Қорытынды жасады, есінде сақтады. * Осы ретте мен екі нәрсені ойға түйемін: біріншіден, колхоздасқаннан бергі жиырма -жиырма бес жыл адам табиғатын мүлде өзгертіп жіберген. С.Шай. * Шығармашылық жолында осылай өнімді өрісті көрінген ол «Сұлушаш» романынан бастап жазушы үшін тақырыптың кәделілігін, жауапкершілігін ойға түйген. Қ.Ерг. * Қырық сегіз сағат ішінде ойға түйгенін іске асыру үшін қандай әрекет жасауы керек? Ч.Дик. * Халықтан халыққа жетер қасиет бар ма?!.» – деп, тағы бір ойға түйіле бергенде, Абай сүйсініп жадырай түсті. Езуінде сәл ырзалық белгісі пайда болды. М.Әу.