Posted in

ОЙ КӨЗІМЕН (ҚАРАДЫ)

Зейін сала, ынтамен. ~ Адамзаттың табиғатқа ұқсастығын сезгім кеп, Сыр көзімен, ой көзімен кең даланы кездім көп. Қ.Бұғ. ~ Айналаңа ой көзімен қарайтын, ғылымға бейімің бар адамсың, өзіңді-өзің қайдағы бір Виндси секілділер үшін қажытпа. Дж. Сэл. ~ Есей Күлмәшпен тұрмыс құрған жылдар парағын ой көзімен оқып көрді. Бәрі күні бүгінгідей есінде. Көкейінде сайрап тұр. Ө.Кәр.

ОЙ КӨЗІМЕН ҚАРАДЫ

Терең ықыласпен, ынта қойып, оцлана назар салды. * Бұл күй айналадағы бар дүниеге ақынның дағдыдан тыс дәл бүгінгідей ой көзімен үңіле қарауына жетекші болады. М.Әу. * Айналаңа ой көзімен қарайтын, ғылымға бейімің бар адамсың, өзіңді-өзің қайдағы бір Виндси секілділер үшін қажытпа. Дж. Сэл. * Поэманың қырық қыртыс, қат-қабат қалтарыстарын ой көзімен тінте қарайтын болсақ, біз осы жайларды амалсыз аңғарамыз. Қ.М.Әлі.

Posted in

ОЙ КІРДІ

Әлдебір ой санасын биледі. ~ Ол босаңсыды. Әзәзіл ой иектегенін сезсе де, аңсаулы сезімін ірікпей, қиялына еркіндік берді. А.Байт. ~ Басына «Таңатардың қосы не болды екен?!» деген ой кіргенде, Шоқанның жүрегі өрекпіп, миы айналып кетті. Ол қысылғаннан терлеп қоя берді… С.Мұқ. ~ Таң атып қалса керек, жарық сәулемен бұның санасына жарық ой кірді: «Анау өлсе, мен жауап берем ғой. Ұят– ай, масқара– ай! Ә.Тар.

Posted in

ОЙ КЕШТІ

Толғанды, ой сабақтады. * Тыныш ымырт қараңғысында жұлдызды алқара көк аспанға қарап осылай ой кешеді Пахраддин. С.Елу. ~ Мұңлық тұмау қайта тигендей қалтырап — дірілдеп төсегіне жатып қалды. Іші суың қалтырап жатып, алуан түрлі ой кешті… Н.Сер. ~ Екеуі де үнсіз. үнсіз-ақ отыр сөйлесіп, Іздейді бірге, іңкәрі бірге ой кешіп. К.Мырз.

Posted in

ОЙ КЕРНЕДІ

Әлдебір ой билеп алды. * Жастар билеуге кірісті. Менке мен Лене екеуі бір бұрышқа барып отырды. Ленені қалың ой кернеген: көзі қызарып, еріні жыбырлап, бойы қалтырап барады. Ж.Айм. ~ Таңат: «Мына сөздің астарында сұмдық кілтипан жатқан жоқ па?»- деп ойланды. Ой кернеуіне шыдай алмай, жұтынып-жұтынып қалды. М.Қаб.

Posted in

ОЙ ИЕКТЕДІ

Әлдебір ой бойын билеп алды, еңсесін көтертпеді. ~ Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. А.Алт. ~ Саятшыны қапелімде не қилы ой иектеді. Сәтте сан айны- ды. Ө.Кәр. ~ Ол босаңсыды. Әзәзіл ой иектегенін сезсе де, аңсаулы сезімін ірікпей, қиялына еркіндік берді. Ө.Кәр.

Posted in

ОЙ ЖҮГІРТТІ

Пайымдады; ой елегінен өткізді. ~ Әлде құрт-құмырсқа, бақа-шаянға ұқсап, топыраққа араласып, із-түссіз кете барамыз ба? Осыған бір ой жүгіртіп көрдің бе өзің, ә?!. О.Сәр. ~ Бұған алғашқыда мән бермеген Әсия есейе келе шеше сөзінің мағынасына ой жүгірте бастаған. Б.Тоғ.

Posted in

ОЙ ЖОТА

Долбар, жорамал, болжам. ~ Құнанбай бұл жолы тұспалмен, ой жотамен соқтыққан жоқ. Бұрынғыдай емес, дәл мынау тұста кінәсі орынды болатын. Жігітектің бірнеше жігіттері шын айыпкер еді. М.Әу. ~ Әскери мектепті бітірген Ысқақбек Әкбардың қыр қазағы ретінде ой жота жасаған соғыс картасына шынымен таңданған. Ғ.Біл. ~… осындай тиянақсыз «кәрі құлақты» көлденең тартып, «саралап көргенімізде» деген ой жота берілген айғақтан кейін қалай күмәндаспаспыз. Ж.Шәк.

Posted in

ОЙ ЖІБЕРДІ

Әлдене жайында толғанды, ой қорытты, қиялданды. ~ Кейіне күн, кейіне сусын жетпей, Жемісі тумай қояр туа алатын. Өмірді ой жіберіп ойлау деген — Нәрсе ғой бал орнына у алатын. С.Тор. ~ Сенбіден жексенбіге қараған түн. Енді бір түндік өмірі ғана қалды. Ол осыған ой жіберіп болғанша, жексенбінің күні келген. Ч.Дик. ~ Еңбек жөніндегі устав пен заңдардың тармақтарына ой жіберіп алды ма, қалай, Әбдіжапар ұзақ ойланып барып үн қатты… Ә.Әб.

Posted in

ОЙ ЖЕТПЕЙДІ (ЖЕТПЕС)

Тым алыс қашықтық немесе тым күрделі, адамның қиялы да жетпейтін құбылыс хақында. ~ Сонымен мен Ленинградқа келдім. Барханның айтқаны рас болып шықты. Ленинград дегенін ой жетпейтін өзгеше бір дүние екен. Ә.Нұрш. ~ Он жеті шақырым жерде қалған Подлипки ауылы Любомирге қазір, ойласаң, ой жетпейтін шыған шалғайға айналды. М.Кәр. ~ Киіз үйде жатып түндіктен қарағанда, түнгі аспан соншалық биік, ой жетпес тұңғиық көрінеді, ал жұлдыздар болса сол күйі сыры шешілмес жұмбақ тәрізді. Ә.Әл.

Posted in

ОЙ ЖЕТЕГІНДЕ

Қалың ойға берілген адамның кейпі туралы. ~ Сансыз, мыңдаған ойлар мазасыздыққа жетелейді. Тіпті табиғаттың өзі ой жетегінде жүргендей. Ә.Ысқ. ~ Ой жетегінде тұрып жаурағанын аңдамай қалған Еркін, оты жылтыраған үйлерге жақындаған сайын тісі сақылдап, өне бойын діріл билеген… О.Бөк. ~ Коля да ой жетегінде келе жатқан-ды; селк еткендей басын көтеріп, серігіне бұрылды … З.Төл.