Posted in

ОЙ ЖЕМІСІ

Терең ойдың нәтижесінде пайда болған тұжырым, шығарма. ~ Соңғы жылдар жазу өнеріне тыңнан қосқан бір үлгісі «қара сөз» еді. Сондай кенеулі ой жемістерінен де жаңағы жайын жеңіл танытатын. М.Әу. ~ Қазіргі ззаманның технрлогиясымен жабыдықталған оқу орынында білім алу-көп мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады» деген ой жемісі оқу ордасының кемел келешегі һам нұрлы ертеңі туралы ақиқат болмақ. БАҚ.

Posted in

ОЙ ЖАДЫ (БОЛДЫ)

Терең ойға берілді, әлдебір ойдан арыла алмай қойды. * Сөйтіп, ой жады боп ойсырап жүрген қиын шақта Ералы деген досым оқыс көшеде кездесе кетсін… Ә.Асқ.

Posted in

ОЙ ЕҢБЕГІ

Интеллектуалдық, миға, санаға қатысты жұмыс. ~ Көркем мінез иесі Әйгерім ендігі тірлігінде Абайдың осылайша мұның өз қасында, оңаша ой еңбек үстінде отырғанын өзгеше қадірлейді. М.Әу. ~ «…оның сылтың сауыққа әбден әккіленіп алғанын, бұқараның көңіл күйін түйсіне білмейтінін, ой еңбегіне орайы келмейтінін атап көрсетеміз…». Ғ.Қаб.

Posted in

ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗДІ

Ақылға салды; ой қорытты, өткен-кеткенді сарапқа салды. ~ Көп ұзатпай бастап кетпекші боп жүрген тәжірибенің кейбір жағдайларын пысықтай қарап, бірсыпыра уақыт ой елегінен өткізіп отырып қалсам керек. С.Ғабб. ~ Көп сауалды ой елегінен өткізіп болғанша директор орнынан тұрып та кеткен екен. Қ.Ысқ. ~ Кім білсін, бүгінгі күннің терең толғаныстары мен тебіреністерін таразылап, ой елегінен өткізер сәтіне де жетермін. Ә.Ысқ. ~ …өткен-кеткенді ойлап отырып, ділімде жүрген, күпті-күмәнды қылып жүрген бірсыпыра істеген жұмысымды сарапқа салдым, ой елегінен қайта өткізіп, жіберген қателерімді де қарастыра кеттім. Б. Қыд. ~ Бір жағы танданыспен, әрі өз күнін өзі көруге жараған екен деген тілеулестікпен Боғаш досымның күлдіргі қылықтарын ой елегінен өткізе бастадым. Ө.Кәр.

Posted in

ОЙ ЕЛЕГІНЕ САЛДЫ

Өткен-кеткенді, әлдебір мәселені іштей сарапқа салып, ой қорытты. ~ – Сөзді осымен бітірейік. Мен де ой елегіне салып көрейін. Ә.Шәр. ~ Әйткенмен, ой елегіне енді салып қөрсем, ойланарлық сәттер бар сияқты. С.Ақт.

Posted in

ОЙ ДҮНИЕСІ

Ішкі сыры, руханияты. ~ Көпжасардың көзі соған түсіп, ақшам болғанын енді білді. Ол өз қылығына ма, өзгеге ме мырс– мырс күлді. Оның жымқырылған езуінде әлденендей сыр жатыр? Ой дүниесі ойпыл– тойпыл, шерменде. Т.Рыс. ~ Қиырсыз құдіретпен бетпе– бет отырғанда қалтылдақ қайық үстіндегі адам дәрменсіз бишара екенін ол жақсы біледі. Бірақ адам — ой дүниесі ғой. Әне содан соң ол Теңіз бен Тәңірінің ұлылығына пара– пар. Ш.Айт.

Posted in

ОЙ БӨЛІСТІ

Пікірін ортаға салды, ақылдасты. ~ Осы бір кішкене сейіл уақытындағы әңгімелесіп ой бөлісу, танысу осымен аяқтап табиғат тамашаларын көріп бой жазып демалыс етісті. С.Бег. * Ақыл таппай сасқалақтағанда медет тұтар жалғыз тiрек өзiңiзсiз. Сiзбен ой бөлiсейiн деп келдiм, не ақыл қосасыз? Т.Сәу. * Сырт дүниемен байланысы үзілген, ешкіммен сөйлескісі, ой бөліскісі келмейді. Д.Досж.

Posted in

ОЙ БӨЛДІ

Ынта қойды, назарын аударды, көңіл бөлді. * Оспан көңiлсiз едi, сондықтан күлкi еткен жоқ. Бiрақ Абайдың қора салу жөнiнде бел ауыртып қимыл қып, бас қатырып ой бөлмегенiн салған жерден аңғарды. М.Әу. * Үй ішінде көңіл бөлетін басқа ештеңе болмағасын бағанағы бір құшақ газеттің қалған жағын қарап еді; бұнан да ой бөлетін ештеңе таппады. Ә.Нұрп. ~ — Рұқсат, айтып көр, білгенімше жауап берейін, — деп Мұқаметқали оның сұрақшылдығына ой бөле жымиды. С.Бег.

  1. Көңілін басқа жаққа аударды. * Сол сүрлеумен барып Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз, — деді. Әңгіме азырақ ой бөлейін деді. Аттың жортысына шайқалып ауырып келе жатқан іш те ұмытылғандай болды. Б.Май. ~ Құнанбайдың Құлақкескенді көруге ой бөлуінің себебі, анада қолға түсіп құлағын кестіріп, тіл қатпай кеткен, Тобықтың Көкше руының ұрысы екен. С.Бег.
Posted in

ОЙ БИЛЕДІ

Терең ойға шомды. * Ой билеп, үйден, елден безіп кетіп, Жұрт оны әуезі ғып жынды дескен. М.Жұм. * Бармасқа шараң жоқ.Бұйрыққа бағыну, тапсырманы орындау — біріншікезекте тұрады. Санаңды, әрекетіңді осы ой билейді. А.Жақс. * Күміс табақтай боп қарамақпал аспан төрінде ақырын жүзіп келеді. Кенет ханды бір кездейсоқ ой билеп кетті. І.Ес.

Posted in

ОЙ БАУРАП АЛДЫ

Әлдебір ойға беріліп кетті. * Көңілсіз ой баурап алған Еламан көше шетінде белуарынан жерге кіріп кеткен бәкене үйлердің іргесімен ілбіп келеді. Ә.Нұрп. * – Тыңда! — дедім бір қаңғыбас ой баурап алып. — Басымыз ауған жаққа кетейік. Дж. Сэл.