НӘПСІ ЗАРЫН ТАРТТЫ

Жыныстық құмарлық билеп, әуейіленді. ~ Кімнің аулы екен? Танитын сыйлас біреу боп жүрмесе қайтсін? Апыр–ай, ә? Кім де болса айлап, жылдап әйел көрмей нәпсі зарын тартып келе жатқан мына үсті–басы кір–кір, ебіл–себіл, аш кісілерді қандай бақытсыз сорлылардың үстінен құлатты екен? Ә.Нұрп.

НӘПСІ ЖОЛЫНА ТҮСТІ

Жеңіл жүріске салынды. ~ Ішінде Сұлтанмұрат та, Ақан да бар. Олардың да жүзі қатулы. Аз уақытқа шыдамай, жасырын нәпсі жолына түскен азған әйелді олар да жазғыра қарайды. С.Жүн. ~ Жаза басып, осалдық етсе, табан тіреген мұз ойылып, өзі суға қарық болмақ. Қарық болмас үшін шариғат тарикатын биік ұстап, нәпсі жолына түскен Қадишаны құрбан етуге керек. Аяныш жүрмейді бұл арада. С.Жүн.

НӘПСІ ЖЕТЕГІНЕ ЕРДІ (ЖЕТЕГІНДЕ КЕТТІ)

Құлқынын тежей алмады. ~ Әйел сорлы қай қорлыққа төзбеген. Әлем-жәлемге қызығып тойымсыздықтан нәпсі жетегіне ергені емес. Жалғызымның болашағы үшін, басымның бостандығы үшін арам тәнімді итке тастадым деген. Т.Сәу. ~ Домбай, домбыт сөз жерге қаратты. Нәпсі жетегінде кетті алаң көңіл, тынышсыз жүрек. Намысты таптар, шатақты шаптан түртер сөз атылды. М.Азд.

НӘПСІ ЖЕЛІГІ

Құлқын қызуы, тән құмарлығы. ~ Махаббат ойыны шектеулі болған- да қайтер еді, аз күнгі нәпсі желігі көңілге тойымдық ұялата ма. Құмарлықсыз тірлікте нендей мағына бар?! Ө.Кәр. ~ Қандай бір нәпсі желігі жас қанын дуылдата тасытып, еркін алса да, бауырына басқан баласына еміренген мейіріммен өзіне өзі тыйым салушы еді. С.См. ~ Осындай арсы-гүрсі төсек ойнағы біресе жұбатып, біре- се сыңсытып, нәпсі желігін тежеусіз қоздыра түседі. Ө.Кәр. ~ Тамақ ішпесең, аштан қатасың, нәпсі желігін баспасаң, қу ағаштай қурап шыға келесің. Ө.Кәр.

НӘПСІ БИЛЕДІ

Соқыр құмарлық иектеді. ~ * Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі? Абай. * Әйтеуір бір мезет жан- дүниесі босап бара жатты. Бұл кезде еркін нәпсі билеген ұрғашыға бәрібір еді. Қ.Түм. ~ Есірткі, арақ-шарап ішкенде рух тәннен қашады, тәнді нәпсі билеп, сайтанның сыбырына еріп, «батыр» болады. С.Ыб.

НӘПАҚАСЫН АЙЫРДЫ

Табыс тапты, күнін көрді. ~ Судың тапшылығына қарамастан егін егеді. Жер тырмалап, несібесін теріп жеп, нәпақасын айырады. Қ.Бегм.~ Қойындарынан өрбіп жатқан қара домалақтарының нәпақасын айырып қара жердің бетінде әйтеуір бастары қарайып жүрсе де, шүкір… Ә.Кек. ~ Нәпақасын табан ақы, мандай терімен айыруға кергеген, жан сақтауға икемсіз өңшең нан соғар жатып ішерге алланың жіберген зауалы да бұл! Ө.Кәр. ~ Әлі есінде, ол шақты ұмыту мүмкін емес, анасы қолына ұстатқан он сом ақшаның он күнге жетпейтінін ойлама- стан тайраңдай сапарға шығып кеткен. Ондағы ойы – нәсібін жолдан теру, қалаға жетіп, содан жұмыс тауып, нәпақасын айыру. Т.Әлж.

НӘПАҚА ТАПТЫ

Дәм-тұзын тауып жүр. ~ Қабылақ деген бір досым бар, кезінде Мәскеуден суретшілік білім алған, қазір Алматыда… Мемлекетке керегі жоқ. Жылда Австрияға кетеді: көше суретшісі… Қазаққа да керек емес. Нәпақасын Европадан тауып жүр. А.Алт. ~ Үстеріне баса-көктей құлаған малды-жандылардан осындағы кедей-кепшіктер, аз-мұз нәпақа да табатын. Ұ.Досп. ~ Ендігі қыста соғым да жоқ. Ал жазда мал сойылмай-ақ нәпақа табылған. М.Мағ. ~ Кейін әлдекімдерден Әлібектің қаладағы үйсіз-күйсіз, қаңғыбас жандар бомждарға барып қосылғанын, қалалық паркте өткен-кеткендердің сурет, портреттерін салып, нәпақа тауып жүргенін естиді. С.Жәм.

НӘҺӘН ӨЛІМІ

Шариғат жолына қайшы келетін, тосын ажал. * Сол тұстағы ауылдың кішкене молдакештері Әбікәрімді Нәһән өліміне душар болды деп таратады… О.Сәрс.

НӘЛЕТ СОҚҚЫР

Қарғыс тигір. * Сол кездемесі құрығырды үйге неге әкелдім осы? Нәлет соққыр, мойыны үзілгір Атымтай ит- ай! Қылдың- ау қылықты! .. Әй, ит- ай! М.Дәу.

НӘЛЕТ ЖАУҒЫР

Қарғыстың астында қалғыр. * Сағат сайын тосқандары сол Мына нәлет жауғыр жауыз тұманды тоз- тоз етіп қуалап әкететін желді күтуде. Ш.Айт. * Кәрі қаншықтың ызасы келді: «үніңді шығарма нәлет жауғыр, әйтпесе, өзім- ақ буындыра саламын! » деп ырылдады. Қ.Жиен. * Байсалдылығынан жантүршіктірерлік бедірейген көздерді, алдамшы сиқыр жүздерді, картаның шетін қайырғанда оны жеп жіберетіндей сұсты көзқарастарды сіз нәлет жауғыр осы бір сағатта кездестіресіз. О.Бальзак. (Х.Өзд.)