НӘР АЛДЫ

Рухани азық алды, дамыды, қуаттанды. * Мен әбден сілем қатып шаршағанымды сезсем де, әкем мен көкемнің мақтауынан нәралып қуаттана бердім. Б.Мом. ~ Қазақ ауыз әдебиетінен нәр алып, оны жаңа заманның әдебиетімен қауыштыра білді. Ж.Шәк.

  1. Қоректенді, күш алды. * Өзіңнен шәрбат су алған. Жан- жануар сусаса, Балқашыңда салқындап, Суыңды ішіп нәр алған. Сегіз Сері.

НӘПСІСІН (НӘПСІ) ТЫЙДЫ

Құмарына ерік бермеді, арам пиғылын тізгіндеді. ~ Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан әуесқой — шайтан ісі, Кәні, біздің нәпсіні тыйғанымыз? Абай. * Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі? Абай. * Бұрынғы өткен ашықтай Ақылың сенiң керек-тi! Бөтен жарға қайрылмай Нәпсiң тыйсаң керек-тi! «БС. Бозжігіт» * — Не бар сондай- ақ аңғарын ашып? — дейді апам. — Адамның көзі өлгенде топыраққа да тоймайды деп еді. Әркім өз нәпсісін тыйып, тежеп жүруі керек қой! Ү.Жәл. ~ Нәпсіңді тиып, қанағатшыл, қайрымды бол. Сәждеге жығылып, мына Кітаптың хикматына шүбәсіз ден қойсаң, иман өзі-ақ көкірегіңе ұялайды! — деп Құранды қолдарына ұстатады. Т.Сәу.

НӘПСІНІҢ ҚҰЛЫ

Құлқынның құлы, әуейі. * Онан ауысса қу нәпсіңнің құлы боп ана ауыл, мына ауылдағы қыз-қырқынға әукеңді салып ақ көйлектің етегін қуалап жүрдің. Ә.Нұрп. ~ Ай-ай, ақымақ! Асқабақты айнала, аласұра, жанталаса жанұшырғанымен, қолын, сұғанақ қолын босата алмайды, нәпсінің құлы. Адамның несі артық со шіркіннен?! Неміз әулие?! С.Сағ. *Сақып-Жамал тек нәпсі құлы әйел емес еді, ол жүрегінің таңдауы, мөлдір бұлақтай таза тілегі бар әйел болатын. І.Ес. ~ Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлқын қамымен өткізеді. Бақыт дегенді нәпсінің құлы болып ләззат қуу деп біледі. Бірақ, ләззат — тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. С.Елу. * – Қойшы, жаным… Егер мені жәй нәпсінің құлы, жар төсегін қорыған көп ақ жаулықтың бірі деп ойласаң, ренжимін, — деп Демежанның қызу аптығын тез басып тастады. Қ.Жұм. ~ Бұл не, махаббат па еді? Иә, бұл да махаббат, бірақ, бұл арын, ұятын, адалдығын бәрін тек нәпсіге бағындырған, адамгершілікке ырық бермес дөрекі, қиқар, жарбағай – жаңғалақ сезім еді. Тек хайуан ғана нәпсі құлы. І.Ес.

НӘПСІГЕ ТЫЙЫМ (ТЫЮ) САЛДЫ

Жыныстық қатынасқа деген құлқынын тыйды. ~ Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? Жұрты сүйген нәрсені о да сүймек! Ішің берік боп, нәпсіге тыю салып, Паңсымай, жайдақсымай ірі жүрмек. Абай. ~ Бір қадақ балық үшін жыл үстіне жыл жамайды. Нәпсіге тыйым салмаған адамның араны ашыла беретін сияқты. Ү.Жәл. ~ Тар төсекте қатар жатқанда да бет қарып тұратын қыз ұяты нәпсіге қатты тыйым салып тізгіндеп қала беретін. Ә.Нұрп. ~ Құлқынға да, нәпсіге де қатты тыйым салып, қары- сумен бес жылды түгестім. Сөзге сараңмын басынан, күлкідең де тыйылып, күлместің өзі болып алдым. Ө.Кәр.

НӘПСІГЕ ТІЗГІН (ЕРІК) БЕРМЕДІ

Жыныстық желігін тыя білді. ~ Мен шыдамсыз ер ме едім?! Нәпсіге тізгін бермедім. Қиындық қанша кез келсе, Инедей көңіл бөлмедім. М.-Ж.Көп. ~ Илансаңыз да, күлсеңіз де көз жұмудың себебі осы. Өкінішке орай өсе келе нәпсіге тізгінді беріп, жалғанның шырмауына шырмалып, жарқылдақ қу тірліктің қызығына арбалып жүрек көзін жәйлап тұмшалаймыз. Ж.Жайл. ~ Ораза жанды кірден тазартып, мінезді көркемдікке тәрбиелейді, нәпсіге ерік бермейді. БАҚ.

НӘПСІГЕ ҚҰЛ БОЛДЫ (ТАБЫНДЫ)

НӘПСІГЕ ҚҰЛ БОЛДЫ Құлқынның айдауында кетті. ~ Мен олай санамаймын. Алла салаған таза жолмен адал өмір сүреміз. Сенің айтқаның нәпсіге құл болған зинақордың сөзі. АҚ «Дара сезім». ~ Қарақан басының қамын ғана ойлаған саясаткерлер мен ұятсыз капиталист байлар дүниені басқарып отыр. Нәпсіге құл болғандар поэзияны түсіне ме?! А.Файз. ~ Сонда сездім бұл қыспақтың алапатты қылығын, Ақыл-есін сатқандарға салған бұғау құрығын, Қу нәпсіге құл еткендер парасаттың тұнығын. М.Мақ.

НӘПСІГЕ ТАБЫНДЫ Құлқын қызығын бәрінен жоғары қойды. ~ Арнасынан асып лықсыған ыстық қан екпінінен айрылып, ортая түсті. Құпия дүниені қызықтап, жолбарыс нәпсіге табыну — бишаралық жағдай екенін мықтап сезіндім. Т.Бер.

НӘПСІГЕ ЖЕҢДІРДІ

Ашкөздігі, құлқыны, тән құмарлығының құрбаны болды. ~ Көп адамдардың аузында иманды сөз айтылғанмен іс жүзінде адалдықтан тайып, нәпсіге жеңдіреді, шайтанның жетегінде кетеді… Б.Тоғ. ~ Бізде басы артық дүние-мүлік, мал да болмайды. Басы артық дүние нәпсіге жеңдіреді, қомағайлыққа, мешкейлікке жетелейді. С.Жүн. ~ Бір де біреуі маңынан жүрмесе қайтер еді. Мына құдықта бұлқынған да дәмелі біреу. Жарайды-ақ, нәпсіге жеңдірген шығар ол да өзін. Ө.Кәр.

НӘПСІГЕ ЕРДІ (ЕРІК БЕРДІ)

Құлқынына ерік берді, желігін баса алмады. ~ Жарандар бұрынғы өткен аулақ кетті, Тақ – халас, жасы жуды саулап бетті. Сенің де ғұмырың тәмәм – нәубет жетті, Тәуба қыл күнің үшін ей, пәтшағар! Не істемес ит -нәпсіге берсең ерік?! Қ.А.Иас. * Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Абай. * Мінеки! Нәпсіге еріп елді жеген Зарлайды қарғыс айтып талай неген. Шәк. * Жалғаншыл пасық іске орда толып, Падиша ақылы азып, нәпсіге ерді. БС. ~ Нәпсіге ерген молдаңыз, Кітапты жақсы білмейді. Кітап ұстап айтқан соң, Жалған сөзі шынмен тең. Д. Баб. ~ Әдейілеп солай ет деп біреу жасырын тапсырма берді ме екен? Нәпсіге ерік беріп, зұлымдыққа барған әлгі сұмның өзі емес пе? Бұл арада жазымыштан көретін түк себеп жоқ. Құныкерлер кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам. Ө.Кәр.

НӘПСІГЕ БЕРІЛДІ (БОЙ АЛДЫРДЫ)

Желігін тыймады, құлқынның айдауымен кетті. ~ «Сайын Мандухай нәпсіге беріліп, ләззәтқа құмартса, жас ноян Болаттың дегеніне көнер еді. Алайда, ол мемлекеттің мүддесін жоғары қойды». Т.Жұр.

НӘПСІГЕ БОЙ АЛДЫРДЫ

Желіктің айдауымен кетті. ~ Адам баласы осы жаста нәпсіге бой алдырғыш. Бойында оянған өмірпаз сұрапыл сезімнің итермелеуімен желөкпе жас некесіз байланыстарға барғыш. С.Ел.

НӘПСІ ҚҰМАРЛЫҚ

Жеңіл мінезділік, құлқын тойымсыздығы, жыныстық қатынасқа құмарлық. ~ Аз сәттік нәпсі құмарлық, жүректің кіршіксіз таза махаббатына зақым келтірді. Бұл мәселені кейін аңғардым. Т.Бер.~ Мұратханмен болған әрбір сағаты өтіп болмайтындай. Мүмкіндігінше баяғы нәпсі құмарлықтың бәрін қолдан тізгіндеуге тура келер. Қ.Жиен. ~ Ондай адамдардың қысқа қызық, шолақ шаттыққа аңсарлары ауып тұрады да, бара-бара нәпсінің құлына айналады. Ондай жандар өздерінің осы нәпсі құмарлығын өзгеге махаббат деп ұсынады. Ә.Нұрш.

НӘПСІ ҚҰМАР

Құлқынның құлы. * – Өшікпейді, тәйірі! Өшігетін ол оған ғашық деймісің. Жәй, көрсе қызар, нәпсі құмар офицерлігінен елтіп жүргені емес пе. С.Мұқ. * Сондықтан сұм құшбегі Мәделіханды жар басына итере салуға дайын, өйткені Қоқан ханының біраз мінезі оған аян… Әсіресе қызба, нәпсі құмарлық қасиеттері. І.Ес.