НАЗАРЫН АЛЫП ҚАШТЫ

Тура қарай алмады, көзін тайдырып әкетті. * Рай да кездескенде көз тоқтатып қараса күнәкар болатындай, назарын алып қаша берді. Ә.Нұрп.

НАЗАРЫ ТҮСТІ

Көңілі ауды, ықыласы түсті. * … көбісі-ақ қыздың жайдары, ашық еркіндігіне қарап жеңіл тоят іздеп алуан түрлі сиқырлығының торына ілігіп емескі үмітпен желбуаз болса керек, әйтеуір бұған назары түспеген жігіт сирек болды. Т.Ахт. * Жаратқан Иенің назары түскен сирек дарын иелерінің бір-бірімен жолы қиылыспайды дейді білетіндер. Д.Дос.

  1. Көзі түсті. * Оң жағына қарай назары түскені сол, жүрегі су етті. С.Елу.

НАЗАРЫ ТӨМЕН

Көңілі пәс. * Кешеден бері осы бала асыр салып еркелеу тұрсын, ойыннан да қалды — тіпті назары төмен. Б.Май. ~ — Мен биылша қозғала алмаспын. — Мәтнияздың назары төмен, ақырын үн қатты. З.Шүк.

НАЗАРЫ ТАЙДЫ (ТАЙДЫРДЫ)

Көзін алып кетті, көңілі басқа жаққа ауды. * Бәкизат қозғалуға қорқып тұр. Назары сәл тайса да, тарпа бассалғалы тұрған пәлемен арбасып кірпік қақпай қатты да қалды. Ә.Нұрп. * Паром үстіндегі қалыңдық қасындағы жігіттен назарын тайдырып: — Сәуле- апа, сау бол! — деді дауыстап. М.Сүн.

НАЗАРЫН ТАЙДЫРДЫ

Көзін алып кетті, көңілін басқа жаққа аударды. ~ Басықараның онсыз да қысық көзі мүлдем тарылып, шүйіліп кетті. Бір сәт
Сәкенмен көз алысып қалды. Басықара шыдап тұра алмай, назарын тайдырды. Т.Әл. ~ Өзі де қорғалақтап тұр. Несібелі
жорта назарын тайдырды. Т.Әл.

НАЗАРЫ СЫНЫҚ

Көзінен көңілсіз екені байқалады. ~ Кең дүние түп-түгел серпіліп, сергіп шыға келіпті. Тек Еңсептің ғана назары сынық. Ә.Кек. ~ — Қатира! Қатира! — деп дауыстап, ас үйде жүрген әйелін шақырды. Назары сынық арық қатпа әйел етегіне сүріне жүгіріп келді. С.Ел.

НАЗАРЫ СЫНДЫ

Көзін тайдырды. ~ Хан иені қайдам, бұл күйеуін сол үшін де ардақтайды. Ол үшін жанын қиып беруге бар. Хан да мұның назары сынатындай, бәсі түсетіндей рай танытқан емес. Ә.Кек.

НАЗАРЫ СҮРІНДІ

Көзін тоқтатты, зердесін салды. * Кіндігінен келетін тереңдікте тұрып, тұла бойынан домаланып үзіліп жатқан тамшыларға назары сүрінді. С.Елу. * Балқып келген ет сүйегіне шым — шымдай салқын тарап жатыр. Аш белін, иық — мойнын алақанымен ысқылап тұрып, едірейген қос анарына назары сүрінді. С.Елу.

НАЗАРЫ СУЫҚ

Ұнатпай қараған, жағымсыз көзқарас туралы. * … менің әкем Сүгір — мұрны қос жұдырықтай, күректей үлкен сақалды қара сұр шал. Назары суық, шүңірек көз адам. Н.Сер. ~ Көлеңкесіндей ербиген біреу мұны сыртынан ба- ғады. Әлгінің
суық назарынан қалай жалтарса да құтылмай-ы. Ө.Кәр.

НАЗАРЫ ПӘС

Жүзін төмен салды, ренжіді, көңіліне қаяу түсті. ~ «Масқара… Масқара» дегендерін құлағым шалған. Шешем Шынарға көзінің астымен мүсіркей қарап қойды. Шынар назары пәс, тура қараған жоқ. Н.Сер. ~ Әнуар мен Сұңғат сөйлей кіреді. Әнуардың назары пәс. Қ.Мұх.

НАЗАРЫ ҚАТТЫ

Көзқарасы жаман, ауыр. * Қарт басын шайқады. «Бәйбішенің назары қатты, туысыңмен ренжіспе…» Жәнікеңнің сол сөзі қолын байлап отыр… З.Шүк.