НАЗАРЫ ЖАМАН

Көзқарасы жаман, сұқ. * Биылғы қыс мал баққан шаруаның таңдайына татыпты. Бөгенбай балалары жылқыдан қол жуып, қара жаяу отыр. Былтыр енші алысқанда шал қатты налып еді. Біздің тұкымның назары жаман ғой. З.Шүк.

НАЗАРЫ АШЫЛДЫ

Көзі ашылды. ~ Жүдеу өңіндегі жабырқау ажар сейіліп, назары ашылып барып қайта төменшіктей берді. С.Смат.

НАЗАРЫ АШ

Қомағайлана, құмарта қарады. ~ Пәре үддесіне келгенде әмір бүйірі шықпайтын, назары аш сұрақшыға Мамозы «Абдолла жайын қозғамай-ақ қояйық» деп айта алған жоқ. Ж.Ахм.

НАЗАРЫ АУДЫ

Көңілі түсті. * Енді Мәстәттің басындағы кыстауға назары ауды. З.Шүк. * Және мына бір түн бұның да титығына жетіп әлсіреген кезде көзіне көрінген тірі жәндік болғасын ба, Жәдігердің назары осыған ауды. Ә.Нұрп. * Есіркеп (Қазынаға). О қалай, Қазына, бөтен кісі демеп пе ең? (Қазына сасып төмен қарайды, басқалардың назары соған ауғандай болады.) Б.Май. * Дес берісі, осы сәтте біреу дүбірлете жүгіріп келіп, сартылдата бөлменің есігін қақты да, жұрттың бәрінің назары солай қарай ауды. Ә.Нұрш.

НАЗАРЫ ТИДІ

Көзі өтті. * Пайғамбарды алпыс үш жасында ауыртпай, сырқатпай о дүниеге алып кеткен пенделердің қатты тиген назары-дағы». Д.Досж.

НАЗАРДАН ТАСА ҚЫЛДЫ

Көзден жасырды. ~ Көрмегенiне бiр жылға тақау уақыт болып қалған бауырына Жапар ұмсынып барып, iркiлдi. Өйткенi қас пен көздiң арасында жасақ оны назардан таса ғып үлгерген де едi. Ә.Ыб.

НАЗАРДАН ӨТКІЗДІ

Көз алдына елестетті. ~ Шақырайған күнді шекеге алып қой соңында ілбіген Шеге сол көріністі түгел назардан өткізіп келеді. С.Ел.

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫ

Еленбеді, ешкім керек қылмады. ~ Асаудың бұл болмашы әрекеті көшеде ерсілі- қарсылы етіп жатқан әсем сөмкелі ақ білекті келіншектердің, қалпақтары шекелерінде осқырысқан еркектердің, сауырларына жарты шоқы май бөксерген жеңгелердің назарынан тыс қалды. С.Ел. ~ Өйткені, тақырып етіп алып отырған кезеңнің көптеген ақындары зерттеушілердің назарынан тыс қалған. Ш.Сар. ~ Кейде аудан басы айлар бойы, облыс төрі жылдар бойы ат ізін салмай кетсе, клуб меңгерушісі күллі әлем назарынан тыс қалғандай, жайсыздыққа буылатын. М.Байғ.

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ (ҚАЛДЫРМАДЫ)

Елеусіз қалмады. ~ Тіпті қай газет қай газеттен көшірді деген де назардан тыс қалмаған. Бұл да Сәкен шыншылдығының бір көрінісі. К.Ахм. ~ Солай болғанымен де, айтулы оқиғадан сыр шертетін «Цзиньши» кітабындағы біраз мәліметті назардан тыс қалдыруға да болмайды. Ж.Шәк. ~ Сондықтан Ханға баба мекені, түрікмен зираттарындағы құлпытастар, Шерқала, Ақмыш, Айрақты секілді оқшау бейнелер суретші назарынан тыс қалмады. Ү.Жәл.

НАЗАРҒА ІЛІКТІ

Біреудің көзіне түсті, көңілін аударды, көзін тікті. * Сап-салқын мөлдір сумен бетін шайып отырып, шашылып жатқан маржандай тамшыға назары ілікті. С.Елу. ~ Содан кейiн барып назарына қызы iлiктi. Қимылсыз сұлқ. Асыға басып жанына таянды. Өңi әппақ қудай бозарыпты, әбден әлi құрыған. Ә.Ыб.

НАЗАРЫНА ІЛІКТІ (ІЛІНДІ)

Көзі түсті, ықыласы ауды, аңдап қалды. . ~ Қарашығының түбінде әлдене уытты зат көзі көргенді көкейіне оздырмай, өшіріп жатқандай назарына іліккен бар нәрсе, әдеттегісіндей, жүрегіне дарымай, сағымға айналып, ғайыпқа барып батады. С.Үс. ~ — Үлкен бастықтың көзіне түсіп, назарына іліктің. Бірге жолға шығатын болдың. Байқа, бұл сапар — саған үлкен сын. Ауа жайылып, бетіңмен кетпе, — деп, ескертіп, екеуі екі жақтап ақылдарын айтып жатты. А.Жақс.

НАЗАРҒА ІЛДІ

Көңілін салды. ~ Әркім білгенін, назарға ілгенін айтып жатыр жаным, күнім, айым, жұлдызым … деген сияқты. И.Сап.~ Қайсыбірде кінә мен күнәнің аражігін ажырата алмай жатамыз. Кінәліні кешіруге болады, ал күнәліні… Ілуде біреуі болса да назарға ілер деген үмітпен мұсылманшылық ұғымындағы ең ауыр күнәға жататын жайттарды жіпке тізуді мінәжіп көрдік. И.Сап.