Тез арада, әне-міне дегенше. ~ От басынан ұшқан қоламта түсіп көкіректі өрт шарпыды. Тұтас денені жалақтаған жалын тілі жалады. Лезім аралықта нөсер құйып толастады. Ғ.Біл. ~ Жарқ беріп, лып сөнеді. Сол лезім аралықта көз алдында жайнап тұрған жарық әлем түпсіз тұңғиыққа, меңіреу қараңғылыққа шым батып жұтылып ғарқ болады Айналаны көрдей қараңғылық басады. Ғ.Біл. ~ Айтқандай, лезім аралықта жалдың арғы бетінен бір көкше қоянды салақтатып іліп алып келе жатқан қыран қайта көрінді. Салып ұрып ұяға жетті. Ғ.Біл. 6 Шыңжан жағдайынан сыбыс алып қайта оралған Ма Жұңиың лезім аралықта Алтай мен Тарбағатайды тартып алды. Ғ.Біл.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЛЕЗДІҢ АРАСЫНДА
Сол екі ортада, жылдам. * Оларды құтқаруға шамасының келмейтінін сезген ол қауғаны бар күшімен құлаштай тартып, суды құя берді. Лездің арасында үсті–басы сығып алғандай тер төкті. Т.Әбд. * Көзге көрінбей кеп көңілге кірбің, жанарға перде тұтып, лездің арасында араға ала мысық жүгіртті. Д.Досж. * Мысық лездің арасында Тотыны арқасына қондырып әкеліп Арыстанның қарсы алдына отырғызып қойды. С.Омар.
ЛЕБІЗ БІЛДІРДІ
Пікір айтты, ой қорытты. * — Бас қалай? Сеспей қатып ұйықтадыңыз, отамалы сізді де сансыратып кеткен-ау, шамасы. Алматыны сағындыңыз ба? — деп жан жылытатын лебіз білдірді. М.Қаб. * — Ей, ауызын буған екі өгіз. Сендерді де қазақ дейді-ау. Бір ауыз лебіз білдіруге шамаларың келмеген соң несін адаммын деп жүрсің ей, сен Шұнақ.— Б.Қыд. * Жаған мырза үстіне сауыт киіп жүрген Сегізге: «Батыр, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық бір лебіз білдіріңіз»,— дейді. Сонда Сегіз сері көп іркілместен былай дейді … Н.Әбут.
ЛЕБІ БОРАН, ДЕМІ ЖЕЛ
Сұсты, қабағынан қар жауған адам туралы. * — Сұлтан, – деді ауыр денесімен Бөленге бұрылып, сенің лебің боран, демің жел болып, асығың алшысынан түсіп тұрған кезің екені белгілі. Ә.Шәр.
ЛАУЛАП ЖАНҒАН (ЛАУЛАҒАН) ЖАЛЫНДАЙ
Өрттей лапылдаған, маздап жанған сезім туралы. * Бұл шақтағы барлық сезімі құр ғана жас тіршілік белгісі емес, кеуде тола лаулап жанған жалындай. М.Әу. * Қаздар болса жүнiнiң ақ-қарасы, қызғылт сарымен күн сәулесiнiң астында соншалық шапшаң жарқ-жұрқ етедi. Лаулаған жалындай. М.Әу.
ЛАУАЗЫМЫ ҮЛКЕН (ЖОҒАРЫ)
Қызметі, шені биік. * – Нұрта-за-а! – Коноваловтың мысық көзі сығырайып, орнынан тұрып кетті. «Енді волостной упраиительдер конокрадствомен айналысатын болған ба?».. – Сонда қалай, лауазымы үлкен адам да ұрлық жасаған ба? С.Жүн. * Екіншісі – оқыған зерек ұлы Шоқанның тірі кезінде қанша әрекет еткенмен, кейбір дұшпан саналатын Фридрихе сияқты әскери шені, лауазымы жоғары адамдардың бөгесінімен, Ерден сияқты ел сұмдарының арыз-шағымының кесірінен ала алмай қалған князьдік титул. С.Жүн.
ЛАУАЗЫМ ИЕСІ
Әлдебір шенді қызмет иесі. * Содан соң барлық солдаттан, лауазым иесi адамдардан бастап, жұрттың барлығына жаңа патшаға, үшiншi Александрға адал қызмет ету үшiн ант бергiзген. М.Әу. ~ Мемлекеттік жұмыспен жүрген адамдарды, хат- хабарды бір бекеттен екінші бекетке ат-көлікпен жеткізіп тұрған қызмет түрі. С.Ақт. ~ Сонда полисмен Киттің әр қадамын аңдып жүрмесіне кім кепіл! Қылмысқа жанама қатысушы! Ол — лауазым иесі Кит Даррант, Корольдіктің адвокаты! Дж.Голс.
ЛАУАЗЫМ АЛДЫ (БЕРДІ)
Шен алды, қызметке орналасты. * Абай онымен жай амандасты. Үлкен лауазым алғанына қайырлы болсын айтты. М.Әу. ~ ҚАЖ комитетінің төрағасы жаңа лауазым алды. БАҚ
ЛАУАЗЫМ БЕРДІ
Атақ, шен берді, үлкен қызметке тағайындады. ~ Сонан да болар, бүгінде хан көтерілген Жақыпбек оны зор құрмет көрсетіп қарсы алып, үлкен бір лауазым беріп, өлген баласының әйеліне үйлендіріп, оны да ұлым деп атады. С.Ақт. ~ Сөйтіп ем, албасты, екі рет аямай таякпен, жотамнан тартып-тартып жібергені! Жоғарғы лауазым берерде осылай рыцарьларды соққымен сынайтынын талай көргем, сондықтан да үнсіз шыдадым, тістеніп тұрып. Н.Гог.
ЛАУ МІНДІ
Ауыл арасында қызмет бабымен жүргендерге арналған көлікке отырды. * Елге келе лау мініп, қой сойғызып, жүрегін шайып алуға, кейде басынан асыра мылтық атып, қызметке кірісе бастадым. Ж.Айм. * Жол бойынан лау мінгенде, дегбірсізденіп: «Үкілі», «үкілі почта» деп қолды-аяққа тұрмай, дігір салып мінетін! М.Әу.
ЛАУ ЖАНДЫ
Лапылдай жанды, өрттей тарады. * Бір ауық дүние түп-түгел жалындап жанып бергендей. Не өзі лау жанып, сол дүниені өртеп жіберердей. С.Елу. * Дүние ұят оты мен құмар отының шарпуынан лау жанып, жалындап бергендей. Келіншек көзін жұмды. С.Елу.
