ЛӘМ ДЕУГЕ ЖАРАМАДЫ

Қарсы сөйлей алмады, өз ойын білдіруге батылы бармады. * Дүймағамбеттікі де он бес сом, сен де он бес сом алым төледің. Бір ауыз ләм деуге жарадың ба? Аузың кепердей боп, қара басып отыруың… Ж.Айм. * Бірмаған отырып: – Керегі не сондай сөздің!— деп қатынын тоқтатты. Бұл сөздің бәрі «Бозінгенге» жарадай тиді: ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жаялық ернін жымыра берді. Ж.Айм. * Көрiп тұрған дүйiм жұрттың бiрi араша түсiп ләм деуге жараған жоқ. Т.Сәу.

Аузын ашып, бірдеңе айтуға, пікірін білдіруге шамасы болмады. * Бұл сөздің бәрі «Бозінгенге» жарадай тиді: ләм деуге айтары болмай, тымырайып, жаялық ернін жымыра берді. Ж.Айм. * Басқаларда ләм деуге дәрмен жоқ. Мылгун болса, кішкентай сәбилерінің атын айқайлап шақырып, солқылдап жылай берді, жылай берді. Ш.Айт. ~ Қосыл ләм деуге уәж таппай, қатты да қалды. Рәжіпхан да, Момбек те үн шығармай жым отыр. М.Әбд. ~ Катерина Ивановнаның теріс айналып, перденің сыртына тез жоқ болғаны соншалық, Алеша тіпті ләм деуге үлгірмеді, — ал оның бірдеңе дегісі келіп тұрғаны. Ф.Дост.

ЛӘМ ДЕМЕДІ

Ауыз ашпады. * Балхадиша күлімсіреп, жай ғана қарады да, ләм демеді. Жеңгесі тықырши бастады. С.Жүн. * Бекзат соңынан тұра жүгірді. − Тым құрыса барар жеріңді айтып кетсеңші. Жігіт ләм демеді. Қайырылып бір қарамады да. Н.Дәут. ~ Сақан ләм деген жоқ. Бастан-аяқ қыбыр-қимылсыз үндемей тұрды. Басын көтеріп, Разияның бетіне қарап
та қоймады. Ж.Сәм.

ЛӘМ-МИМ ДЕМЕДІ

Үндеген жоқ, ештеңе демеді. ~ Баланы тіпті еркіне жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай беру баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады. М.Жұм. * Кейінгі кезде бөлмеден аттап шығуды қойды. Әмірші ие де тым-тырыс жатып алды. Күнде ертемен киіндіруге келетін қызметшілерінің аузына жәудіреп қарағанмен, ешқайсысы ләм-мим демейді. Ә.Кек.

ЛӘЙЛІП ЖҮР (ОТЫР, КЕТТІ …)

Мас болып, не істеп, не қойғанын білмеді. * Сөйтіп, өзі мас, ананы тонаймын деп жүріп мүлде ләйліп болады да, ілгері қарай, жарым квартал жүріп барып, о да құлайды. М.Әу. ~ Әлгі әйелі түскір «жерікпін, желін жегім келеді» деп аузының суы құрып болмаған соң, күзетшіге көрсетпей шалбарымның ішіне тығып алып шығып едім. Ләйліп жүріп ұмытып кетіппін ғой!.. Т.Сәу. * Айлық, ақшаны ала келем деп еді. Бір жоғалса, мол жоғалып, ләйліп жүр тағы да. М.Қаб. * Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. * Бір үйді қырғыз алды — Шабдан манап, Оязы Қараөткелдің Измаилов Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. І.Жанс. * Күнде өстіп түс уақтында бір мезгіл жүз грамдатып тамақ жібітіп алатындары болмаса, бригадада салынып ішіп, ләйліп жүретіндер жоқтың қасы. Т.Сәу. * Дінсіз, құдайсыз жұртта қасиет қала ма. Қалса, аузында арақ, езуінде шылым, ләйліп жүргені қалай, мына елдің. Н.Дәу. * ― Осылар-ақ жынды қылатын болды. Көзін қарашы, көзін! Түк жоқ, түк. Әлгі наша деген пәлесін тартып алып, ләйліп келеді, ― деген ақикөз адамның аттанға бергісіз айғайы Балтаны подъезге қуып тықты. С.Смат.

ЛӘЗЗАТ АЙЫ

Үйленгеннен кейінгі алғашқы, ерекше атап өтілетін ай. ~ Екеуі қосылғалы бірігіп саяхат жасамаған екен, ләззат айын өткізбеген екен, соған бір саяхаттап қайтсын деп біреу телеграмма берген болар,— деймін мен. Ольга жымияды. Өйткені қатты күлуді біз Марлен өлгелі ұмытып қалдық қой. Б.Қыд.

ЛӘББАЙ, ТАҚСЫР!

Айтқаныңыз орындалады, құп болады д.м. мағынадағы қолпаштау сөз. * Кешегi пленумда “бұл қалай?” деп айғайлап шыққан кiм бар? Бәрi ләббай, тақсырлап бас шұлғысты. Т.Сәу. * — Бұрынғы қожайыным да генерал Рыбалконың «ләббай тақсыры» болған екен. Қ.Түм. * Мақұл, ләббай тақсыр деп немере ағасының ақылын Құран сөзіндей көреді бұл көкең. Д.Досж.

ЛӘББАЙ ТАПҚЫЗБАДЫ

Есін жиғызбады. ~ Ұзын ақ сойылды дөңгелек ойнатып, ысқыртып келіп, қуғыншыларды жөпелдемде ләббай тапқызбай, есінен адастырып, біреуімен салысып кеп өтті. Сойыл тиген қуғыншы жалпақ бет қара жігіттің сойылымен бірге тымақша ұшып түсті. Аты ойнап шыға берді. Жалпақ бет қара жігіттің соңына қуғыншының өзге екеуі түсіп, «жау мұндалап» қамалай қуа берді. C.Сей.

ЛЕПЕС БІЛДІРДІ

Пікірін айтты; өз ойын жеткізді. *… «уаллаһи алланың атымен көркемдеймін, ақиқатында алла бір» деп сөйлемді нұрлы лебізбен әдемі әуезбен қайырып келтірсе — әлі де алла атына күдігі жуылмай, ырғасып әбден шаршатқан теріс ниет кісіге күрсіне отырып лепес білдіргені. Д.Досж.

ЛЕП БОП ТИМЕДІ

Қабақ шытпады, жылы жүз танытты. ~ Бұлар бала күнінде Пахраддиннің еңселі ақ боз үйіне бас сұғуға жүрексінетін. Мінезі жібектей сызылған бәйбіше бұлардың бетіне леп боп тимейтін. Сөйте тұра бұлар, ауыл балалары, сол үлкен ақ боз үйдің есігін сирек ашатын. С.Ел.

ЛЕП БЕРДІ

Рухтандырды, жаңа күш қосты; желіктірді. * Ендi байқаса, оның жүзi бiр ағарып, бiресе көкшiл тартады. Кей уақыт қызғылт нұры, жас сұлу жүзiне сәл ғана леп берiп, бiр толқып шығады да, лезде қайта сөнедi. М.Әу. * Айдың -күннің аманында аспан — жерді әлекке алдырып жүру сенің ата салтың ба?! Неғылды бұл? Айтшы кәне?! Айт тез! — деп Керімбек астындағы атына леп беріп өз тобының алдына таман шыға берген-ді. Ж.Ахм. * Қасқа бедеудің тізгінін біраз босатып леп берді де, сыдырта жөнелді. М.Әу. * Дуылдасқан көпшілік қайрау сөзді әр тұстан лақылдата леп беріп, осындайда өз руының ұранын жамыраса айқайласып қалады. С.Смат. * Әсіресе, сәті түсіп оны биге тарта қалсаң, жүзіне болымсыз қызғылыт бояу жүгіріп, ақырын ғана жымиып алатын да, ершімді бір қимылмен леп беріп, толқынша үйріліп, дөңгелене жөнелетін. Ж.Сәм.