БӨРІ ҚҰРСАҚ

Бірде аш, бірде тоқ жорту. ~ Бала бөрі құрсақ айшылық алыс жолда жападан жалғыз жортты. Қу медиенде басына құс қонбаған балбал тастар кезіксе, үміті маздайды. А.Кем.

БӨРІ ҚҰРСАҚ Read More

БӨРІ ҚАРАС

Сұстана, айбаттана көз тігу. ~ Тақа ағаны папам шақырады,- деді Қаршыға дүңк еткен тоқпақтай қатаң үнмен. Қай уақытта да жай сөйлесуді білмейтін қарақұс кейіпті, бөрі қарасты Қаршығаның үнінен бүл жолы ызғар есіп кеткен сияқтанды. Қибат сәл жол беріп шетірек шықты да, таңырқап тоқтай қалды. Х.Ес. ~ Дәл осы атты мақтамаса, жын ұрар. Маңдай жалпақ, Бөрі қарас, көз — жалын. Ту ғып шайқар шапқан кезде жез жалын. Сом тұяқпен жер ойғанда дүбірі Кете берсе шығып сонда өз жаның… C.См.

БӨРІ ҚАРАС Read More

БӨРІ КӨРГЕН СИЫРДАЙ МӨҢІРЕДІ

Шошына дауыстады. ~ Кеше «Әзімбай мен Жігітектің ана бір өңшең сіңірі шыққан көп кедейі неғып тілге келіп тіресетін болды?!» деп те таңғалып ем. Өздері, тіпті, бас құрасып, шуласып, бөрі көрген сиырдай мөңірейді дейді. Ырғызбайдың жуаны Әзімбай болғанда, Жігітектің сімілтірі солар екен. Кіммен кім шайқасады?— дегенде, Дәрмен күліп жіберді. М.Әу.

БӨРІ КӨРГЕН СИЫРДАЙ МӨҢІРЕДІ Read More

БӨРІ КЕУДЕ

Жауырын кең, иықты. ~ Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан, Дүниеге ерлігімен танылған. Кең жаурынды, Талғардай тік шықты, Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан. С.Мәу. ~ Сонда да өмірі таяққа сүйенбеген қарт иілмеген қалпында бөрі кеудесін тік ұстап, қаламын тістене сығымдап, ақ қағаздың бетіне жорғалатып із салудан бір танбайды. Ж.Шәк.

БӨРІ КЕУДЕ Read More

БӨРІ БҮЛКЕК

Екпіндеп, бүлкіл қаға, алға ұмтылу. ~ Ендеше, ел болып, соңыма шырақ алып түскен, соғыстан қашқан Бандыларың мен боламын. Түсе берсін, бірі қалмай бәрі де түссін соңымнан. Бірақ көзімді қарға- құзғынға шоқытып, өлігімді бір далада қалдырғанша бөкен желіс, бөрі бүлкек тірлігімді артық көрдім… Ал қойыңды, сөз айтпай берген жақсылығыңды тірі жүрсем бір қайтарармын. К.Сег.

БӨРІ БҮЛКЕК Read More

БӨРІ АЯҢДАДЫ

Жымысқылап жүрді, абайлап басты. ~ Кұрман сол той ішінде аялдады, (Бәйгі аттар оралуға таяу қалды). Бай отырған төбеге бетін түзеп, Кәнігі кәззәп бөрі аяңдады, Барды да, байға былай баяндады. М.Мақ.

БӨРІ АЯҢДАДЫ Read More

БӨРІ АЙБАТ

Сұс, қаһар, айбын. ~ «Мына жаман қайтеді, әй?» деді Әзім ішінен… Сөйтсе де, сыртындағы салқын қандылықты сақтап, бөрі айбатын алдыра қойған жоқ. Ә.Нұрп.

БӨРІ АЙБАТ Read More

БӨЛІП ЖАРМАЙ

Түгел, тұтастай; бөлмей, ешкімді алаламай. * Бұл қауесетті көшті ыдыратып бөліп жармай, тұтас алып өтуді мақсат еткен байлар әдейі таратып еді. Ү.Жәл. * Күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен
Төлегендікі» деп атау керек. БАҚ.

БӨЛІП ЖАРМАЙ Read More

БӨЛЕК ЖАРАТЫЛҒАН

Тумысынан ерекше, ешкімге ұқсамайтын адам туралы. ~ «Жібекті түте алмаған жүн қылады» деп кейбір еркектер алтын асықтай әйелдерін алмай жатып жүн қылып жібермей ме. Сері ағам бөлек жаратылған жан ғой. С.Жүн.

БӨЛЕК ЖАРАТЫЛҒАН Read More