БОЙКҮЙЕЗ ТАРТТЫ

Өн бойын жалқаулық билеп, дел-сал күйге түсті, енжарлыққа салынды. ~ Ақыры іріп-шіріген қырық сідік азғын хандар алтын тақтың түбіне жетіп тынды. Екі ғасыр дүниені тітірентіп ат жалында ереуілмен өткен жауынгер рух жылы үй, жұмсақ төсекте қалғып кеткендей, бойкүйез тартты. Кешегі баһадүр хан тұқымы байлыққа мастанып, нәпсінің қызығына түсті. Т.Сәу.

БОЙКҮЙЕЗ ТАРТТЫ Read More

БОЙДЫ ШЫМЫРЛАТТЫ

Тебірентті, толғандырды, көңілді босатты. ~ Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Абай. ~ … кемерді кенерлеген көгілжім мұнар жұқа әм үлпілдек шілтер сынды діріл қағып тұр. Кенет… тү–у биік – тұңғиық аспаннан тыраулаған мұңлы үн талып естілді: «қирлу–қирлу…». Байсал тыныштықты шылпара еткен әсем әуен бойды шымырлатсын. Ж.Шағ. ~ Зер салып тыңдасаңыз, көкірегіне зорға сыйып тұрған іңкәр сағыныштың тұла бойды шымырлата қайнатып, ғұмыры тарамайтын, тарқамайтын махаббатқа айналғанын пайымдар едіңіз. С.См.

БОЙДЫ ШЫМЫРЛАТТЫ Read More

БОЙДЫ АЛДЫ

Денесіне тарап кетті, бүкіл қан тамыры жүйесін қуалап кетті. ~ Балдырған көк жапырақты көк-өрім тал. Көкорай шалғын. Көк иірім мөлдір су. Көк торғын аспан. Жер де, аспан да — бәрі де көкпеңбек. Ауа толған жаздың дымқыл жас жұпар иісі бойды алады. С.Сей. ~ Әңгімені енді бір-біріне өздері айтуда. Бойды алған арақ пен сыраның күші енді олардың еркін әңгімесіне тиек болды. К. Өтж. ~ …Олар таң ата жүріп кетті. Соқыр ізбен шоқыта желіп келеді. Жай аяңдауға күн аяз, суық жел бойды алып барады. Б.Тоғ.

БОЙДЫ АЛДЫ Read More

БОЙДАН АСТЫ

Қыруар көп, шаш-етектен. ~ Қыран күлкі-тамаша — бәрі осында, Отырмын думан-тойдың арасында. Береке бойдан асып жатқанымен, Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба? М.Мақ.

БОЙДАН АСТЫ Read More

БОЙДАҚ ШАЙ

Құр қара шәй. * Ала дастарқан шетіне шөжеге шашқандай ғып сілкіп тастаған бір уыс қуырған бидайды Қанат заматында-ақ тауысқан, ішегі шұрылдап бойдақ шай ғана ішіп отыр. Н.Сер.

БОЙДАҚ ШАЙ Read More

БОЙҒА СІҢДІ ӘДЕТ

Үйреншікті машық. * «Ол кiм? Не үшiн оған жақсы келдiңiз» дедi? Оны парықтап жатпай-ақ, төренiң қонағына жақсам, оның өзiне де жағармын дегеннен емес, әншейiн бойға сiңдi қонақжайлылық әдетпен ғана бейтаныс жолаушыға жiк-жапар болған. К.Сег.

БОЙҒА СІҢДІ ӘДЕТ Read More

БОЙҒА ҚҰТ САНАДЫ

Жақсылыққа, игілікке балады. * Мейілдерің, тағы да сайлаңдар Нұртазаны. Бірақ, шын еркек болсаңдар неге ақ пен қараға көздеріңді жеткізбейсіңдер. Қашанғы өсек пен өтірікті бойға құт санап, қашанғы болыс пен байдың аяқ-табағын жалап күн кешесіңдер! С.Жүн.

БОЙҒА ҚҰТ САНАДЫ Read More

БОЙҒА ҚУАТ, ЖАНҒА НӘР

Адамға күш беретін, рухын көтеретін жағдай, іс туралы. ~ Анау ауылдағы қас пен қабақтан түсінісетін от басының мамыражай қуанышты өмірі қайда? Солар істеген ісін, жасаған жұмысын, қызықтаған қуанышын ғана білуші еді ғой. Солардан бойға қуат, жанға нәр алушы еді ғой. Ал, мынау Майсара екеуміздікі не тірлік? С.См.

БОЙҒА ҚУАТ, ЖАНҒА НӘР Read More