Дөрекі, былапыт, боқтық сөз. ~ Енді ерні қыбырлап, бейпіл сөзге үйір болса, қызымның жон терісін сыпырсаң да ризамын, — деді. Б.Мом. ~ Орыстың әлгі бейпіл сөзін шал адамның әлденеге көңілі толмағанда, кейіген кезде айтылатын кәдігулі реніш сөз, деп ойлаған ғой. Жиын үш күнге созылады дегенде, сол күйіп кетіп: “Ой, бігәйт” деген… Н.Дәут. ~ Осы орайда «Кабуснама» өсиеті ойға оралады: «Жақсы сөйлеуге үйрен һәм сыпайы сөйлеуден басқаға әдеттенбе, себебі қандай сөзді айтуды қаласаң, тіл соны айтады. Сөзді орнымен сөйле, орнымен айтылмаған сөз, жақсы болған күннің өзінде де жаман көрінеді. Бейберекет сөйлеме, себебі бейпіл сөз зиян келтіреді». Ә.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БЕЙПІЛ КЕТТІ
Тым еркінсіді, артық сөйлеп кетті. ~ Ағалар, — деді, — қазір бір ауыз сөзден бас кететін заман. Ыңғай өзіміз болғандықтан бейпіл кетіп бара жатқан шығармыз. Үй артында кісі бар дегендейін… Т.Рыск.
БЕЙПІЛ АУЫЗ
Дөрекі, әдепсіз сөйлейтін адам. ~ Жын-жыбырмен шатасқан аулақтау жүр нәкәстан, Берекелі сөз шықпас бейпіл ауыз бақастан. И.Сап. ~ Қаңқу, күңкіл дүниесінің бейпіл ауыз жандары күбір-сыбырдың талайын жоқтан бар ғып, қопсытып та көрді. Ғ.Сл. ~ Айтарым екі сөз. — Бірі — мына бейпіл ауыз жігітке, денесінің ең майлы жерінен қырық қамшы дүре соғыңыз. І.Ес. ~ Сонан болар, ешкім де бұған тіл тигізіп, бейпіл ауыздығын шыжғырып бетіне баса салмайды. Қ.Түм. ~ Лұғатқа енбеген, кітапқа кірмеген балағат сөздер де сиректеді. Сөгістің жеті атасын білетін бейпіл ауыз Дон қазағы старшина Павел Хомичук те қатты күйінген, не қайран қалған кездерде сөгінуден арылып келеді қазір. М.Кәр.
БЕЙНЕТКЕ ЖАРАЛҒАН
Бар өмірі ауыр азаппен өтті, көргені тек жұмыс болған адам туралы. ~ О, сор маңдай! Бейнетке жаралған бейбақ-ай. Қайтсын енді! — Тосыннан әлдеқалай айтылған осы бір-екі ауыз мүсіркеу сөз Жәзираның өзегін өртеп, тіліп өткендей болды. М.Сүн. ~ Мың өліп, мың тірілу — әне сол! «Шыдамаймын! » Иә- иә, менің жерлестерім де мұнан артық жайлы өмірге шыдамас еді. Бейнетке жаралған ғой шеттерінен. Қ.Жиен.
БЕЙНЕТКЕ БАТТЫ
Ауыр еңбекке салынды, қиындықтан көзі ашылмады. ~ Ақшаның соңына шам алып түсіп түптің-түбінде «бар адам» атануға болар; жаратқан ие бойыңа дарытқан дарынды үзбей жетілдіріп, бейнетке батып, атақтыларға салысып жүріп атыңды шығаруға болар… Д.Дос. ~ Өмір бойы жан бағып бір тынығу көрмеген, қара көзінен бейнетке батқан мұнайшының әйелі сол мұнай игерушілерден кем қиындық көрмеген. Ү.Жлк.
БЕЙНЕТ ШЕКТІ (КЕШТІ, КӨРДІ, ТАРТТЫ)
Қиындық көрді, азаптанды. ~ Тұтқын міне, енді құл болды. Тапқан таянғаны қожанікі. Тек жұмыс қылу, бейнет шегу құлдың сыбағасына тиді. А.Бай. ~ Қоршауды бұзып шығып, көп бейнет шегіп Қожаберген жырау әйелі Айша екеуі еліне бет алады. Н.Әбу. ~ Кейде оп-оңай нәрсені түсіну үшін ұзақ жыл бейнет кешу де керек. Т.Ахт. ~ Ел үшін құрбандыққа жанын берген. Бит, бүрге, қандалаға қанын берген, Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде, Зарығып Алаш үшін бейнет көрген. С.Сей. ~ Асархидон: «Уһ! Қанша көп бейнет тартып жазаландым! Енді болмаса өліп едім», — дегенде, Шал айтыпты: «Не айтасың! Мына бір кесе суды құйып та болғаным жоқ. Бір секундтың ішінде сонша көп бейнет көруге бола ма? Шәк. ~ Қазезқан Құдай қосқан ерім еді, Су асты мекен еткен жерім еді. Мен үшін талай жерде бейнет тартып, Бұл жерге мені алып келіп еді. Бәріміз тең боламыз қатар өскен, Сендермен сөйлесемін сескенбестен. БС «Маймыл келіншек».
БЕЙНЕТ ТҮРТТІ
Әлдебір жамандыққа бастар, қиындыққа ұрындырар іс істеді, қылық танытты; бейнетіне көрінді. ~ Өздеріңді не ажал, не бейнет түртіп келеді екен!.. Онан да қайтыңдар енді, аман-сауларында! — деді құбаша жігіт. С.Сей.
БЕЙНЕ БІР
Құдды, тура бір; ұқсап тұр д.м. ~ Оралдың ақар- шақар таулары бірінің иығына бірі басын сүйеп, жасыл жамшы жамылып, тамылжып алдымыздан шықты. Көкектің жасыл жапырақты орманы бейне бір жасыл барқыт, құлпырып көзіңді еріксіз тартады. Ж.Айм. ~ Ойқастап ауланың о шеті мен бұл шетіне ұмтылады, бейне бір жүген- құрық тимеген бедеудей, жақындаған әйелден ытқып жөнеледі. Х.Ес.
БЕЙМАЗА ТІРЛІК (ТІРШІЛІК)
Тынымсыз, дамылсыз, әуре-сарсаңға толы күйбең өмір. ~ Көзін тырнап ашқаннан көріп келе жатқаны – ел ішінің дүрбелең-дүрмекке толы беймаза тірлігі, берекесіз бүліншілік, шаңдатпа шапқыншылық, талап-тонау, зорлық-зомбылық, қырғын-сүргін. Д.Рам. ~ Бастан кешкен өміріне көз жіберіп қараса; беймаза тірлігінің азғантай тыныштығы да бұның өзіне бұйырмапты. Ә.Нұрп. ~ Ағарып атып келе жатқан таңды лаңғада, у – шумен қарсы алады. Жол бойында беймаза тіршілік күйбіңінің жағы бір сембейді. Қарадай мезі етеді. Ж.Сәм.
БЕЙҚҰТ ТІРЛІК
Алаңсыз, жайбарақат, қаннен-қаперсіз тіршілік. ~ Бүгінде жаныңды сүйсінтетіні – қыз–жігіттерімізде ата–бабадан мирас болған байсалдылық, еңбекқорлық, қағылездік, біліктілік, жаңашылдық сияқты көптеген қасиеттер жарқырап көрінуде. Батыс, Шығыс демей жер шарының бейқұт тірлігінің үлгі–өнегесін, құндылықтар атаулыға ұмтылып, меңгеруге күш салуда. Ж.Аяз.

