БАСҚА ТҮССЕ БАСПАҚШЫЛ

Тағдырдың басқа салғанына көнгеннен басқа амал жоқ д.м. ~ Ал, біздің елде бұл жұрт елеңдейтіндей мəселе болып көрінбегенімен, «басқа түссе баспақшыл» дегендей, басына түскен отбасы ешкімге сездірмей өздері күресіп жататын көрінеді. С.Досж. ~ Басқа түссе — баспақшылсың дегендей, қой, ә, әуселесін көріп алайын мықтылардың деп малақайын милықтата киіп, мөнтеңдеп … зәулім үйге маңдай тіреген. Д.Досж.

БАСҚА ТҮССЕ БАСПАҚШЫЛ Read More

БАСҚА ТҮССЕ

Қиын жағдайға тап болса, іс насырға шапса. ~ Болары болды, тапсырма берілді, бұл іске мені салды. — Қасеке, басқа түссе, көнесіз, қайтесіз. Құдайжар болған шығар… А.Жақс. ~ Ия, деп солай… тіл жеткісіз, айтуға оңай, басқа түссе аса қиын — үрей сезімі меңдеді. Д.Досж.

БАСҚА ТҮССЕ Read More

БАСҚА ТАРТСА АЯҚҚА ЖЕТПЕЙДІ

Жоқтық, таршылықтың қасыреті туралы. ~ Басқа тартса аяққа жетпейтін тапшы дүниесі кұрғырдың тарлығын көп көргесін бе … Ә.Нұрп. ~ Өзі-өз болып маған тұңғыш рет киім ал деп берген ақшасын алып тұрып, əкемді аяғаннан құшақтап алып, жылап жібердім. Басқа тартса аяққа жетпейтін өмірімізден маған ауыздарынан жырып беріп отыр ғой, байқұс əкем. С.Досж.

БАСҚА ТАРТСА АЯҚҚА ЖЕТПЕЙДІ Read More

БАСҚА САЛДЫ

Тағдырдың жазғаны туралы. ~ Әне, адамның көнгіштігі, төзгіштігі солай болады екен. Тек тағдыр басқа салмасын. Басқа салса, біраз был¬ғаңдап тулайсың да, сосын көк есекше бүлкілдеп жүріп бересің. Б.Соқ. ~ Алғаныңнан айрылсаң, Қызығы бар ма жалғанның. Мінемін дедің, мін енді, Жүремін дедің, жүр енді, Көрермін басқа салғанын. «Алпамыс б.»

БАСҚА САЛДЫ Read More

БАСҚА НОҚТА, АЯҚҚА КІСЕН

Құлдық, бодандық хақында. ~ Бірақ дәл сол қалау — қазір басқа ноқта, аяққа кісен боп түсіп, жоңғарға өзімізді өзіміз оққа байлап береміз бе деп қорқам, — деп Бөгенбай шақшасын шығарды. С.Смат. ~ Елді ел ету қолынан келмеген хан — басқа түскен ноқта, аяққа түскен кісен болар. С.Смат.

БАСҚА НОҚТА, АЯҚҚА КІСЕН Read More

БАСҚА (БАСЫНА) ТЕПТІ

а) Қорлады; қадіріне жетпеді. ~ Әрине, сөз сенікі келмей кетсең, Келер болсаң, иттей қып басқа тепсем, Ішкізіп итаяқтан сары суды Дүниеде арманым жоқ соған жетсем. С.Торы. ~ Бірақ, кеудесінде өрекпіген қуанышты сезе алған жоқ. Жалғыз қалып жалынбай, жан кешкен Жылқайдар … Есіл ерді басқа тепкен хайуан… Көз алдында әлі тұр. З.Шүк. ~ — Көрдің бе мынау иттің басынғаны-ай, Түсірсек екен мұның бәсін қалай! Бейшара-ай, өз бақытын басқа тепкен Қасиетін не құндамай, не сыйламай. К.Мырз.

ә) Ішімдіктің басқа шабуы туралы.

БАСҚА (БАСЫНА) ТЕПТІ Read More

БАСАР ТАУ, БАРАР ЖЕРІ ЖОҚ

Не істеп, не қоярын, қайда барарын, кімді паналарын білмеді. ~ Басар тау, бабар жерi жоқ сияқты. Ендi ауылды бейшара күйден құтқаратын ешкiм де жоқ. Ж.Шағ. ~ Барар жер басар таулары қалмаған екі әйел, Хорезмге жататын өз ауылдарына барғылары келмеген. І.Ес. ~ Жол шетiн ала бiр аялдамада тұрып қалдым. Ойлап кеттiм. Бұл қалада барар жер, басар тауым жоқ сияқты. Р.Рай. ~ Мына кісінің де үйі жоқ, — Иегімен мені меңзеді. — Барар жер, басар тауымыз жоқ. Мысалы, менің бүгін қонатын жерім жоқ. Т.Әс.

БАСАР ТАУ, БАРАР ЖЕРІ ЖОҚ Read More

БАСАР ТАУ, БАРАР ЖЕРІ ЖОҚ

Не істеп, не қоярын, қайда барарын, кімді паналарын білмеді. ~ Басар тау, бабар жерi жоқ сияқты. Ендi ауылды бейшара күйден құтқаратын ешкiм де жоқ. Ж.Шағ. ~ Барар жер басар таулары қалмаған екі әйел, Хорезмге жататын өз ауылдарына барғылары келмеген. І.Ес. ~ Жол шетiн ала бiр аялдамада тұрып қалдым. Ойлап кеттiм. Бұл қалада барар жер, басар тауым жоқ сияқты. Р.Рай. ~ Мына кісінің де үйі жоқ, — Иегімен мені меңзеді. — Барар жер, басар тауымыз жоқ. Мысалы, менің бүгін қонатын жерім жоқ. Т.Әс.

БАСАР ТАУ, БАРАР ЖЕРІ ЖОҚ Read More