Қадірін асырды; жоғары бағалады. ~ Жол-жөнекей кездескен ауылдарға түр-түсі, киімі белек Алланы «әйелім» деп таныстырған жоқ. «Ел ішіндегі ахуалды білуге жіберілген өкімет өкілі» деп бағасын көтеріп келе жатқан. Б.Тоғ. ~ Сақтағанның тойында әңгімеге араласпай, тәкаппар отыруына қарап мінезі де солай шығар деп ойлап қалып еді. Әлде өз бағасын өзі көтергені ме екен? Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БАҒАСЫН БІЛДІ
Бір нәрсенің, біреудің құнын, қадірін дұрыс бағалау туралы. ~ Ол кезде біз Еңбек Ері дегеннің бағасын білдік пе?.. Б.Тоғ. ~ Мақан Сабыровты салмақты, әр нәрсенің бағасын білетін, артық бағаға, қиянатқа бармайтын адам деуші еді, бұл да пенде екен ғой. Жағымпаздықтың құрты бұған да түсе бастайын дегені ғой. К.Қаз.
БАҒАСЫН БАҒАМДАДЫ
Құнын пайымдады. ~ Жалынды жастықтың қадірін қартайғанда ғана білеміз. Өткенің қайтып келмейтінін ұғынғанда ғана барып, оның бағасын бағамдайсың. Ә.Ысқ.
БАҒАСЫН АҚТАДЫ
Өз құнын өтеді. ~ Қам жемеңіз, бұл жай шалбар емес, джинси. Бағасы – екі жүз сом. Әр зат өз бағасын ақтайды деп ойлаймын, – деді ол екі жүз сомдық джинсиінің тізесін сипап қойып… Д.Әш.
БАҒАСЫ ҚАЛМАДЫ
Сәні кетті, құны жоғалды, қадірінен айрылды. ~ Үсті-басымыздың да бағасы қалмады, өзіміздің де берекеміз қашты. Арты қайыр болған соң не керек, ес кетті, жан шықты дегенге жеттік-ау әйтеуір. М.Мағ. ~ Адам жанынан дүние қымбат заманда бағалаудың да бағасы қалмады. Л.Сұл.
БАҒАСЫ БИІК
Маңызы мол, өте құнды. ~ Жүсіпбек Аймауытов ғылыммен де терең айналысқан адам. «Психология», «Психология мен өнер таңдау» сияқты мән — маңызы айрықша, осы күнге дейін бағасы биік кітаптар жазған. Р.Тұр.
БАҒАСЫ АУЫРЛАДЫ
Қымбаттап кетті. ~ Жақсы сабынға ол кезде кокос немесе пальма аталатын өсімдіктердің майы жұмсалатын болған. Олар алыстағы Индия немесе Қытай сияқты жерлерден шағын ғана келеді де, жол шығынын қосқанда, хош иістендіру материалдарын қосқанда сабынның бағасы ауырлап кетеді. С.Мұқ.
БАҒАНАДАН (МАНАДАН) БЕРІ
Біраз уақыттан бері. ~ Қалай, қалай? — деп таңданды бағанадан бері үндемей отырған Мəкен сөзге араласып. З.Қаб. ~ Таяуда іші пысқанда кәдімгі қыдырымпаздығына басып құмға келген ол бас қосысқа тап болды. Бағанадан бері жұрттың аңысын аңдып отыр еді. Т.Әл. ~ Манадан бері Алтынайдың жеңіл тартқан тұлабойы әп- сәтте мың батпан диірмен тастың
астына қайта түскендей зіл тарта бастады. Қ.Жиен.
БАҒА ҚОЙДЫ
Біліміне , өнеріне баға берді. ~ Генерал Захаров алдында жатқан менің жазба жұмысыма «2» деп қойылған баға мен оқытушының фамилиясын қызыл қарындашпен айқыш-ұйқыш екі сызды да, жаңадан «4» деген баға қойды. Ә.Нұрш.
БАҒА КЕСТІ
Нақты құнын атады, бағасын белгіледі. ~ Бара-бара жиылғандардың назары ең алдымен «бес доллар» деп баға кесетін балаға ауа бастады. БАҚ. ~ Қазақ-орыстың солдатына міну үшін қазына алатын болыс басына мың екі жүзден жақсы ат керек. Ол атты шыққан комиссия көріп, өлшеп алады. Алынған аттар сүйегіне қарай баға кесіледі. Міне, он күннің ішінде осы айтылған әмірді орындайсыңдар!—деп болыстарға тапсырды. І.Жан. ~ Қимылы шапшаң, яғни пысық. Сәлемдескенде-ақ қолыңды қысып, кітабын өзің сұрап аласың, неге өйткеніңді білмей де қаласың. Бағасын кесіп айтпайды, Ініге: «Өзің білсейші!», Ағаға: «Сізге не дейін…» деуінен қайтпайды. Ғ.Қаб.

