БАҒЫ БАР ЕКЕН

Жолы болғыш, жұлдызы жоғары екен. ~ Міне, ақыл! Міне, жөн! Уа, Торқа, жарылып кетпей неғып отырсың! Бағы бар екен боқмұрын балаңның! Жай қолыңды! — деп алдымен өзі елеуреп ербеңдетіп қолын көтерді. С.Елу. ~ Достары қоштасар сәтте оған маңдайының бағы бар екен деген, және Жомарттың өзі де солай деп білген. Ол қуанышты еді, бірден болашақ диссертациясының тақырыбын таңдап, уақытты текке өткізбей жазуға кіріспек еді. Ә.Әл. ~ Сауаты болмаса да бағы бар екен Қозбағардың. Құдай бұны Сұржекейге кезіктірді. «Аға», «іні» болды. Томпаңдап жүгіріп жүріп қызметін істеді Сұржекейдің, томпаңдап жүгіріп жүріп суын тасыды Сүржекейдің. С.Ел.

БАҒЫ БАР ЕКЕН Read More

БАҒЫ АШЫЛМАҒАН

Өмірде жолы болмаған, тағдыры ауыр адам туралы. ~ Шын бағы ашылмаған сор маңдай екенмін. Бұдан да мерт болып өліп кетсемші. С.Жүн. ~ Көз жасы, обалы мойындарыңа! Лайым көздерің ашылмасын! Мейлің итке, мейлің құсқа бер… Ай, бағы ашылмаған, қарағым-ай!.. Надандық-ай-й!..- деп еніреп барып, бүк түсіп жатып алды. С.Торы. ~ ~ Бұлардың ауылындағы ең даусы әсем қыз Ғайни болатын, бірақ сол бір бағы ашылмаған қызға әннен келген қуаныштың шамалы екенін де білетін. Ә.Әл.

БАҒЫ АШЫЛМАҒАН Read More

БАҒЗЫ ЗАМАН

  1. Баяғы өткен уақыт. ~ Ол осы әнді шырқағанда жер жүзіне бағы заманғы қыздың ежелгі қайғысы емес, қазір дұшпанның табаны астында азап шеккен Галялардың зары тарайтын сияқты. М.Кәр. ~ Сен екеуміз не көріп, не кешпедік. Арғы бетте де тұрып көрдік, енді бергі бетте де тұрып жатырмыз. Ондағы да бағы заманнан бері наймандарға қоныс болған өз ауылымыз еді, бұл жақта да… Ә.Әл.
  2. Елдің бірлік-берекеден айрылған, жаугершілікке тап болған қиын-қыстау кезеңі. ~ Орта жүз керей — дағы ауды ма екен, Білмеймін істің алда не боларын. Қай заман, мына заман, бағы заман, Болар ма баяғыдай тағы заман. Қара орман, туған жерім алыс қалып, Қол, дария көздің жасын ағызамын. Қожаберген ж.
БАҒЗЫ ЗАМАН Read More

БАҒЫ АШЫЛДЫ

Жолы болды, бақыты жанды, тасы өрге домалады. . ~ Үстінде ұзын жолдың қалашылар, (Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар). М.Дулат. ~ Сенiң айтар кiнәң болса да, менiң саған артар бiр түйiрдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейлiң үшiн балаларыңның бағы ашылсын, – дедi. М.Әу. ~ Тыңдап болған соң: “ – Ой, алла-ай! Мына қазақтың әні кісі өлтіретін шығар. Не деген ғажап, не деген философия, не деген кеңдік! Жәнібек, енді сенің бағың ашылады”, – деді. Т.Жұрт. ~ Ендігі шешім сол ескі мекен жұрттан шөп дәрі әкелу. Жаратушыдан жақсылық болып тірі оралсақ, араку елінің бағы ашылар. Т.Әбд. ~ Осының алдында ғана бұл кісі Құлымбетов ағаймен сөйлескен екен, «балаңыз зейінді, оқуға ынтасы бар, көп ауырғаны бөгет жасамағанда аттестатында «үштік» бағалар болмайтын еді, дегенмен, журналистік оқуға түсе алса, бағы ашылады», деп жіберіпті. Апам енді директордың сол сөзіне құлап отыр. Б.Тоғ. ~ Әйелдердің қасына аттың тұра қалғанына қарамастан, тебініп-тебініп қалып, Теңгенің басындағы орамалды жұлып алды. Желкесіне түйіп қойған бұрымы сау етіп арқасын жапты. Әкімге Теңге тым сұлу көрінді. «Күйеуі келіп, бағы ашылды-ау, байғұстың», — деді ішінен. К.Қаз

БАҒЫ АШЫЛДЫ Read More

БАҒЫ АСТЫ

Дәуірі жүрді, бағы жанды, мерейі артты, дегені болды. ~ Қарақалпақ билерінің ішінде Айдостың бағы асып, Мұхаммед Рахим бектен «бегілер бегі» атағын алды. З.Шүк. ~ Кешегі өткен тайлақ бидің асы… Бәйгіден келген ақ тұлпар… Бағы асып тұрған жылқайдар батыр… Сөзде соның
айналасында өрбіді. З.Шүк. ~ Бағың асқан шағыңда, Құзғын салсаң қаз ілер. Бағың тайған шағыңда, Тұйғын салсаң аз ілер. (Мақал)

БАҒЫ АСТЫ Read More

БАҒЫ АЗ, СОРЫ ҚАЛЫҢ

Өмір жолы қиын; тағдыры ауыр; сәтсіздікке көп ұшырайтын адам туралы.
~ Өз басы үшін өкінсе де өртенбес еді дәл бұлай. Әттең сонау маңдайының бағы аз, соры қалың ел
камы… С.Досан.

БАҒЫ АЗ, СОРЫ ҚАЛЫҢ Read More

БАҒЫ АЗ, СОРЫ ҚАЛЫҢ

Өмір жолы қиын; тағдыры ауыр; сәтсіздікке көп ұшырайтын адам туралы.
~ Өз басы үшін өкінсе де өртенбес еді дәл бұлай. Әттең сонау маңдайының бағы аз, соры қалың ел
камы… С.Досан.

БАҒЫ АЗ, СОРЫ ҚАЛЫҢ Read More

БАҒЗЫ (БАҒЫ) ЗАМАН

Бұрынғы өткен дәуір, көне уақыт. ~ Бағзы замандардан бері бұл аймақ түйе түлігіне жағдайлы болған деседі. Б.Тоғ. ~ Ата-бабаларымыз баяғы-баяғы, бағзы заманда айтып кеткен: «Кедей бай болсам дейді. Бай Құдай болсам дейді» — деп. Ш.Мұр. ~ Тұрғыны сирек осы биік үстіртте неміс тектілер бағы замандық европа мифтерін сақтап отырғандай сезінді. Ғ.Біл. ~ Қамардың сондағы айтқан әні, қазаққа бағы бір заман белгі етіп қалдырған, әлде бір «қос обаны» еске түсіретін атақты «Гүлдариға» еді. Ж.Ахм. ~ Бұл жөнде бағы заманда ғұламалар шариғат жолына лайықты етіп, жазып кеткен дағуалар бар. М.Әу.

БАҒЗЫ (БАҒЫ) ЗАМАН Read More

БАҒАСЫН ТҮСІРМЕДІ

Құнын кетірмеді, абыройын сақтады. ~ Содан кейін олар өздері біраз сілтесіп алған. Тамақ желінді. Болды-ау деген кезде, Еркеш орнынан тұрып еркін қимылмен, бірақ өз бағасын түсірмей столдың үстін жинады. К.Өтж.

БАҒАСЫН ТҮСІРМЕДІ Read More