Аса құнды, ерекше бағалы д.м. ~ Скотт толассыз сөйлей берді, менің шығармаларымды баға жеткісіз деп мақтап ала жөнелді, одан қатты қысылғаным сонша, мен оны тыңдаудың орнына өзін басынан аяғына дейін бажайлап қарауда болдым. Э.Хэм. ~ Махаббат баға жеткісіз асыл қазына, оған бар әлемді сатып алуға болады, оған қоса ол тек өзіңнің ғана емес, сонымен бірге басқаның да күнәсінің өтеуіне жарайды. Қорықпай үйіңе қайта бер. Ф.Дост. ~ Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. М.Жұм. ~ Сен маған баға жетпес ғажап дүние сыйладың-ау, Ербол, — деді Әуезов екі көзі жасаурап, тебірене үн қатып. — Өзім майданға бармасам да, бұл кітап менің бір перзентім болып, соғысқа қатысыпты. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
БАҒА (БАҒАСЫН) БЕРДІ
Қадыр — қасиетін, құнын айырып берді; бір нәрсенің бағасын тұспалдады. ~ … аталмыш қамал-сарайда болып жататын жайлардың бәріне өз долбар-пайымымша баға беретін маған қарағанда, бәлкім, сіздер әрі әділ, әрі шындыққа сай келетін пікір айтатын шығарсыздар. М.Серв. ~ Бұл күнге дейін заңсыздықты біз думанды екі мәжіліс, ішкілік арасында жасап келген едік, мас боп отырып, өмір туралы ойлаушы ек, тамақты сіңіре отырып, адамдар мен оқиғаларға баға беруші ек. О.Бальз. ~ Стайн осы әңгімеге талантсыз жазылған дүние деп баға берген соң, мен оны машинкаға қайта бастырған жоқ едім. Э. Хэм. ~ Балаларды емес, алдымен сіздің суретші әріптестеріңізді шақыртсақ. Бағасын берсін, тиісті гонорары төленеді. Құр аяққа бата жүре ме. Сөйтіп комиссиямен қабылдайық жұмысыңызды. Қ.Жиен.
БАБЫНА КЕЛТІРДІ
Жөндеп, түзеп, баптап, жақсы күйге келтірді. ~ Көрпе-жастықты, кілемді қағып-сілкіп самалдаттым. Керуеттің босап кеткен сымының құлағын бұрап, домбыраның шегіндей қылып бабына келтірдім. Т.Бер. ~ Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді… І.Ес. ~ Күлеміс арбаларын қызыл қайыңнан жасайды. Сондықтан ол көп жылға шыдайды. Жұмысын адал атқаратын ол орман ішін кезіп, арбаға қолайлыларын таңдайды да, оларды асықпай бабына келтіреді. С.Мұқ.
БАБЫНА КЕЛДІ
Нағыз жетілген күйіне келді, баптауы жақсы болды, шабытына келді. ~ Мұрат бүгін ерекше көңілді. Аққұба өңі қызғылт тартып, үлкен қара көзі жайнап кеткен. Бабына келіп, шабыттанған алғыр бүркіт сияқты. Т.Әбд. ~ Шай ішіліп, ет желінген соң қонақ қолына домбырасын алып, құлақ күйін түсіріп біраз бөгелді. Әбден бабына келді-ау дегенде, жөткірініп жіберіп ұзақ жырға басқан. Су төгілмес жорғадай тайпалтты. Ү.Жлк.
БАБЫНА (КҮЙІНЕ) КЕЛГЕН БУРАДАЙ
Сақадай сай тұр д.м. ~ Қай жаққа кетсе де, өне бойымен құлағандай болып ақтарыла кететін
Бақтығұл бұл заманда кәрі жынның бәрін шақырып, бабына келген бурадай тыным алмай,
сақылдап кетті. М.Әу. ~ Байғұсым бабына келген екен, қарашы тісі тісіне тимей, сақылдап
тұрғанын, ақпан — қаңтардағы күйіне келген бурадай болып. М.Әу.
БАБЫН ТАПТЫ (КЕЛТІРДІ)
Діттеген ойынан шықты, амалын тапты, тілеуін орындады, көңілінен шықты. ~ Жайда өжетсініп жүрсе де, топ алдында бір жерімнен дəнекүс шығып қала ма, əлдебіреу тілімді алмай, бетім қайта ма, көптің бабын таба алам ба деп бірі жүрексініп, бірі сыпайысып, бірі ақылдымсып, бірталайы жантайып жатып қызға көз салғанды… Ж.Айм. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім. Шәк. ~ Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке- aқ сол қызбен жақын болудың бабын табар едім. Шәк. ~ Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған. М.Әу. ~ Елеусіз Досов талай елдің, талай жердің қымызын татып керген кәрі таңдай еді. Ішінен: «Шөбінің өзі дәрі ғой бұл жақтың. Ашытушы да бабын келтірген екен сабаз!» деп бір қойды. Т.Әл.
БАБЫН БҰЗБАДЫ
Бойына шаң жұқтырмады, өзіне тән сырбаз қалпын сақтай білді. ~ Жағасы мен жеңінің ақ қағаздай тазалығы да, қияқтап өсірген тырнағын кірбең шалмауы да, денесіне сіңіп қалған жұпардың исі де өмір-бақи бабын бұзбайтын, сыпайы — кербез адамның кейпін танытып тұр. Т.Әл.
БАБЫН БІЛДІ
Баптау, бағу, өсіру, күтім жасау әдістерін жақсы меңгерді; тілін тапты. ~ Бақташы еді Есім қарт, Бабын білген егіннің. Ғ.Орм. ~ Осы арада маршал Буденныйдың: «Жылқыны бабын білетін, жақсы көретін тәжірибелі, сенімді колхозшыларға баққызу керек»,— деген сөзі есіме түсті… Ә.Әб. ~ Жылқының бабын білетін нағыз жылқышы атаның өзі едің,- деп қынжыла сөз бастады,- жазғы жайылымын, қысқы тебінін көзіңнің қырымен танитын едің. Бір мондыбасты жалдап алармын-ау… үйреніскенше не заман. Амалым бар ма, қайтейін. Өлімге де көнеді кісі. С.Ом.
БАБЫНА КЕЛТІРДІ
| Жөндеп, түзеп, баптап, жақсы күйге келтірді. ~ Көрпе-жастықты, кілемді қағып-сілкіп самалдаттым. Керуеттің босап кеткен сымының құлағын бұрап, домбыраның шегіндей қылып бабына келтірдім. Т.Бер. ~ Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді… І.Ес. ~ Күлеміс арбаларын қызыл қайыңнан жасайды. Сондықтан ол көп жылға шыдайды. Жұмысын адал атқаратын ол орман ішін кезіп, арбаға қолайлыларын таңдайды да, оларды асықпай бабына келтіреді. С.Мұқ. |
БАБЫНА КЕЛДІ
| Нағыз жетілген күйіне келді, баптауы жақсы болды, шабытына келді. ~ Мұрат бүгін ерекше көңілді. Аққұба өңі қызғылт тартып, үлкен қара көзі жайнап кеткен. Бабына келіп, шабыттанған алғыр бүркіт сияқты. Т.Әбд. ~ Шай ішіліп, ет желінген соң қонақ қолына домбырасын алып, құлақ күйін түсіріп біраз бөгелді. Әбден бабына келді-ау дегенде, жөткірініп жіберіп ұзақ жырға басқан. Су төгілмес жорғадай тайпалтты. Ү.Жлк. |

