ӘТЕШ АЙБАТҚА МІНДІ

Қоразданып, қоқай көрсетті. ~ Қара қасқа айғыр әтеш айбатқа мініп аяқ астындағы жазықсыз жерді мүйіз тұяғымен қанша пергілегенмен андыздап келе жатқан аттылар бұған іркілмей, жанынан саулап өте шығып үйірге араласып кетті. С.Елу.

ӘТЕШ АЙБАТҚА МІНДІ Read More

ӘСІРЕ ҚЫЗЫЛ

Бірден көзге түсетін тым ашық түс; құбылмалы, өзгермелі деген мағынаны бідлдіреді. ~
Уақытша сен бір гүлсің тұрған таза, Семерсің бір-ақ күні жете қаза. Жұмысқа әсіре қызыл
әуес болып, Өмірге қалып жүрме қор боп наза. С.Дөн.
~ Ол — әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап,
жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп, жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен
құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі. Ф.Оң.

ӘСІРЕ ҚЫЗЫЛ Read More

ӘСЕКЕТ АЛЛА

Жаратқан Ием д.м. ~ Тоғызда бір ай оқытқан соң қуып шықты, себебі тәртіп бұздым, О, әсекет Алла, ақ тоба, мен қай кезде тәртіп бұзбап ем. Ж.Нәж.

ӘСЕКЕТ АЛЛА Read More

ӘРУАҒЫН СУДАЙ САПЫРДЫ

Аруағы қозды, қаһарына мінді. ~ Садыр шықты ақырып, Әруағын судай сапырып. Қазақтан барған батырдың, Айдады бәрін жапырып. «БС» («Жәнібек батыр») ~ Боз Мұнай бай ақырды; Әруағын судай сапырды: «Шақырса да, бармаймын; Бұл сөзіңе нанбаймын; Малға берсе сол қызды, Бір тайға да алмаймын». А.Байт. («Ер Сайын») ~ Желігіп келген Ер Тарғын 840. «Алда», – деді, ақырды, Аруағын судай сапырды. «Иә, бабам» дей берді, Жарандар қамын жей берді. «Ер Тарғын».

ӘРУАҒЫН СУДАЙ САПЫРДЫ Read More

әруағы қозды

Шабыттанды, рухтанды, делебесі қозды. ~ Әсеттің әруағы қозды. Домбыраның қос ішегін термелей қаққанда былқылдай сылаңдаған коңыржай әуен күмбірледі. Соған ілесе самалдай сусыған екпіні жүрдек бір әнді ырғалта жөнелді. Қ.Тол. ~ Түркпеннің еске түсіп бар ылаңы, Көбестің қозды кенет әруағы. «Мал түгіл, жанда қазір кие бар ма?! — Қанша ошақ жау қолынан қаңырады? С.Нұр.

әруағы қозды Read More

ӘРМӘН ӘРІ

Аулақ, жақындама, әрі жүр д.м. ~ Қыдыш (тамағын кенеп, жүгініп алып). Ә, әрмән әрі, көп шуылдақ, жынымды келтірмей! (Ақырып.) Үйтіп жіберерсің сен мені! Омай… Қайтер екен десем ырық бермейді ғой. М.Әу. ~ Жоламастан түңілді жанның бәрі, Бай-кедей, қатын-бала, жас пен кәрі. Молдалар шариғаттан сөз сөйл есе, — Мазамды алмай жүр, —дейді, — әрмән әрі! М.Ж.Көп.

ӘРМӘН ӘРІ Read More

ӘРҚАЙСЫСЫНАН БІР ШӨКІМ

Одан-бұдан үзіп-жарып пайда табу, сауысқанша әрнәрсені бір шоқып қорек қылу. ~ Бүгін – идеалист, ертең – материалист, бүгін – реалист, ертең – символист, бүрсігүні – футурист, тағы үдеме бірдеме «ист», əйтпесе əрқайсысынан бір шөкім. Ж.Айм.

ӘРҚАЙСЫСЫНАН БІР ШӨКІМ Read More

ӘРКІМНІҢ ТАҚЫМЫНА БІР ТҮСЕР ТОРШОЛАҚ

Әркімнің жетегінде кете беретін жалтақ, бос белбеу, қуыс кеуде адам туралы. ~ Мені айыпқа бұйырмаңыз, аға, мұны айтқан себебім, қара басымның қамы емес, ішіп-жеп үйреніп қалған бай қызының еркелігі, еріккендік де емес, өзім пір тұтқан адамды самғау биіктен көру, әркімнің тақымына бір түсер торшолаққа баламай алысқа шабар арғымақ санаудан еді. О.Бөк.

ӘРКІМНІҢ ТАҚЫМЫНА БІР ТҮСЕР ТОРШОЛАҚ Read More