ӘРМӘН ӘРІ

Аулақ, жақындама, әрі жүр д.м. ~ Қыдыш (тамағын кенеп, жүгініп алып). Ә, әрмән әрі, көп шуылдақ, жынымды келтірмей! (Ақырып.) Үйтіп жіберерсің сен мені! Омай… Қайтер екен десем ырық бермейді ғой. М.Әу. ~ Жоламастан түңілді жанның бәрі, Бай-кедей, қатын-бала, жас пен кәрі. Молдалар шариғаттан сөз сөйл есе, — Мазамды алмай жүр, —дейді, — әрмән әрі! М.Ж.Көп.

ӘРМӘН ӘРІ Read More

ӘРҚАЙСЫСЫНАН БІР ШӨКІМ

Одан-бұдан үзіп-жарып пайда табу, сауысқанша әрнәрсені бір шоқып қорек қылу. ~ Бүгін – идеалист, ертең – материалист, бүгін – реалист, ертең – символист, бүрсігүні – футурист, тағы үдеме бірдеме «ист», əйтпесе əрқайсысынан бір шөкім. Ж.Айм.

ӘРҚАЙСЫСЫНАН БІР ШӨКІМ Read More

ӘРКІМНІҢ ТАҚЫМЫНА БІР ТҮСЕР ТОРШОЛАҚ

Әркімнің жетегінде кете беретін жалтақ, бос белбеу, қуыс кеуде адам туралы. ~ Мені айыпқа бұйырмаңыз, аға, мұны айтқан себебім, қара басымның қамы емес, ішіп-жеп үйреніп қалған бай қызының еркелігі, еріккендік де емес, өзім пір тұтқан адамды самғау биіктен көру, әркімнің тақымына бір түсер торшолаққа баламай алысқа шабар арғымақ санаудан еді. О.Бөк.

ӘРКІМНІҢ ТАҚЫМЫНА БІР ТҮСЕР ТОРШОЛАҚ Read More

ӘРКІМГЕ ӨЗ НИЕТІ ЖОЛДАС

Кім кім де алдымен қара басын ойлайды. ~ Ендеше ана қара тұлып неғып кекжиіп қалған? Сөйлеспей сыртын береді кісіге. – Есегі судан өтті. Енді сені неғылсын. – Өйтіп кекірейіп жүрсе, бетінен жарылқасын. Әркімге өз ниеті жолдас. Әйтеуір менен кінә болмаса болды… Т.Сәу.

ӘРКІМГЕ ӨЗ НИЕТІ ЖОЛДАС Read More

ӘРКІМ ӨЗ КҮЛШЕСІНЕ КҮЛ ТАРТАДЫ

Кім-кім де алдымен өз пайдасын ойлайды. Кім-кім де алдымен өз пайдасын ойлайды, өз мүддесін көздейді. ~ Бірақ солардың бірде-бірі үстіңде жарқыраған осынау көл-көсір кең аспанша барша жанға бірдей көңілі исініп, ықыласын алдына жайып тастамаған. Әркім өз күлшесіне күл тартқан заман. Ә.Нұрп. ~ Әркім өз күлшесіне күл тартқан заман. Ә.Нұрп. ~ Бір күндік шолақ тірлікті күйттеп, әркім өз күлшесіне күл тартумен әбігер. Кеңінен ойлап, кемеңгер ой түйетін жан қалмағаны ма сонда? Ә.Асқ.

ӘРКІМ ӨЗ КҮЛШЕСІНЕ КҮЛ ТАРТАДЫ Read More