ӘУЕЗЕ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Алып қашпа сөз, аңыз әңгіме таратты, өсек жайды.
~ Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сөздері біздерге шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды. А.Байт ~ Сөйтіп табиғи дарын еңсесі түсіп, қор болып, партия не айт десе соны айтты. Көр-жерді, бір күндік науқанды әуезе етті. Р.Нұрғ.

ӘУЕЗЕ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ) Read More

ӘУЕЗ КЕЛДІ

Хабар жетті, аян берді. ~ Күн батты, мылқау бір түн жерді басты; Мария тәтті ұйқыға араласты. Алладан әуез келді — түс көрді қыз: Алдынан аспан әлем пердені ашты;
Аспанның көз жеткісіз алысында Арсыға жарқыраған бір нұр шашты… І.Жан.

ӘУЕЗ КЕЛДІ Read More

ӘУЕ АЙНАЛЫП ЖЕРГЕ ТҮСКЕНДЕЙ

Қатты ыстық, қапырық. ~ Шілде айы. Әуе айналып жерге түскендей қапырық. Ә.Шәр. ~ … боз шағылдардың сексеуілі тынымсыз соққан желден бе, әлде әуе айналып жерге түсер ыстықтан ба, әйтеуір, шаңдақ бейнемен алғашқы түсер қырбаққа дейін бір өңін, бір түсін сақтап баратын да селт етпестен томаға- тұйық жатар еді. О.Бөк. ~ Әуе айналып жерге түскен қапырық ыстықтан қақырап айрылған шөлейт далада қаңырығы түтеп, кенезесі кесіліп, өкшесі тесілген қалың ел шулап-шұрқырап жүріп қаптық бойындағы ырғайтының жалғыз суатына таяған шақта қыруар қырғынға жолығады Ғ.Біл.

ӘУЕ АЙНАЛЫП ЖЕРГЕ ТҮСКЕНДЕЙ Read More

ӘУДЕМ ЖЕР

Сонадай жер, дауыс жететіндей қашықтық. ~ Хансұлу еңсесін көтерді. Оң қапталда, әудем жерде қабырғалары жартылай құлаған ескі кесек там тұр. С.Ел. ~ Жерге жел ықтырған ащы кермек түтінін будақтатып, әудем жерді дүрсілдетіп, дүр сілкіндіріп иә шығысқа, иә батысқа қарай пойыздар зулап өтіп жатыр. Ш.Айт. ~ Хайуандық бар міндетін аэропорт басында тауысатындай көк құнажын әудем жерде жалпайып жатқан мес карын вертолетке әдейі барып қасынып, бойындағы артық дүниесін жапалап тастап кетті. Қ.Ысқ. ~ Аты мына жендеттерден құтылғанына мәз болғандай сауырынан қағып жібергенде әудем жерге дейін дүңкілдек желіспен кете берді. Б.Жұм.

ӘУДЕМ ЖЕР Read More

ӘУ ДЕСКЕНДЕЙ

Сөз байласып қойғандай; келісіп алғандай. ~ Сондай бір жібек кеште жаны өртеніп, Екеуі «әу!» дескендей барған сайға. Аулақта сүйіскен жан ұшырасса, Еріксіз тамырларға у тарамай ма?! М.Жұм.

ӘУ ДЕСКЕНДЕЙ Read More

ӘТҮЙІРІ ҚАШТЫ (ҰШТЫ)

Берекесі кетіп, мазадан айрылды. ~ Тым құрымағанда мардымсыз боса да жылт еткен күн сәулесi бiлiнсешi. Неше күнгi сiлбiлеген сұрқай дүние еңсенi басып, онысыз да әтүйiрi қашқан өмiрдi сұрықсыздандыра бередi. Ә.Ыб. ~ Бiрақ, ойы бiр жүйеге келмей, пышырай бередi. Әбден әтүйiрi қашты. Ә.Ыб. ~ Қыздың мына тосын әңгiме мен бейсауат адамнан сескенгендiгiнен әтүйiрi ұшып кеттi. Ә.Ыб.

ӘТҮЙІРІ ҚАШТЫ (ҰШТЫ) Read More

ӘТҮЙІРІ ҚАШТЫ (ҰШТЫ)

Берекесі кетіп, мазадан айрылды. ~ Тым құрымағанда мардымсыз боса да жылт еткен күн сәулесi бiлiнсешi. Неше күнгi сiлбiлеген сұрқай дүние еңсенi басып, онысыз да әтүйiрi қашқан өмiрдi сұрықсыздандыра бередi. Ә.Ыб. ~ Бiрақ, ойы бiр жүйеге келмей, пышырай бередi. Әбден әтүйiрi қашты. Ә.Ыб. ~ Қыздың мына тосын әңгiме мен бейсауат адамнан сескенгендiгiнен әтүйiрi ұшып кеттi. Ә.Ыб.

ӘТҮЙІРІ ҚАШТЫ (ҰШТЫ) Read More

ӘТУЕРГЕ АЛМАЙДЫ

Құлағына ілмейді, шын деп қабылдамайды. ~ Қазақы қалжыңмен сындыруға келмейтін, домбыраның ішегіндей созылып, тырнақ тисе де дыңғырлап, күмбірлі күй болып кететін құлаққа жағымды сазға айналған. Ал сапылдақ Өтегеннің сөзін ешкім де әтуерге алмайды. Т.Рыс.

ӘТУЕРГЕ АЛМАЙДЫ Read More

ӘТТЕҢ ДҮНИЕ

Өзекті өртеген өкінішті білдіреді. ~ Әз-ағаң сөз таппасын ба, әлгі әйелдің бас-аяғына осылай бір қарады да, «әттең дүние-ай, осыдан бес-алты жыл бұрын кездескенде туфлиіңізбен қоса жұтып қойғандай екенсіз» деп еді. Ә.Нұрп. ~ Осы ауылдың өңшең боқташақ, қатын-қалашы бұны табалау үшін жиналған. Әттең дүние-ай, қор болды-ау! Осы ауылды бір шыбықпен айдаған Әзберген емес пе еді бұл?! С.Ел.

ӘТТЕҢ ДҮНИЕ Read More