ӘРКІМ ӨЗ ЖАНЫН (БАСЫН) КҮЙТТЕДІ

Өз жағдайын ғана ойлады, өзінің ғана қамын жеді, өз жағдайын ғана ойлады, өзінің ғана қамын жеді. . ~ Сөйтсе де халық үшін өлсем өлейін, жұрттан жаным ардақты ма деді, өз басын күйттеген жоқ. Б.Қыд. ~ Бас — басыңа би болып, әркім өз жанын күйттемей, кейде бір адамның шылбырынан тартып, топтан оздыру деген болады… Қ.Жұм. ~ Бала өз басын өзі күйіттей алмай, қара басын алып жүре алмаса – әке еңбегінің еш кеткені, әке қарызы өтелмегені. Қ.Бег. ~ Сөйтсе де халық үшін өлсем өлейін, жұрттан жаным ардақты ма деді, өз басын күйттеген жоқ. Б.Қыд. ~ Жаңа ғасыр туғалы жым-жырт келе жатқан жазушы қауымы қасиетті «Жеті» цифрына келгенде (2007 жылды айтам) біраз толқып еді. Қаймақсыз қара судың бетіндегі аз дірілдей ол да ұзаққа бармады. Әркім өз басын күйттеді. Ж.Шәк. ~ Бас — басыңа би болып, әркім өз жанын күйттемей, кейде бір адамның шылбырынан тартып, топтан оздыру деген болады… Қ.Жұм.

ӘРКІМ ӨЗ ЖАНЫН (БАСЫН) КҮЙТТЕДІ Read More

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫН ҚОРЫТТАДЫ

Бәрі де қара басының қамын ойлаудан аспады д.м. ~ Ағайыннан, ауылдан қайранның жоқтығын, қазақтың береке, ұйымның бас паналатқандай ешбір тиянақтың қалмағаның, қиын қыстау күн туса, әркім өз басын қорыттап кететінін Қартқожа сонда білді. Ж.Айм.

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫН ҚОРЫТТАДЫ Read More

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫН ҚАЙТТАДЫ

Әркім қара басының қамын жеді, өз шаруасын тындыруға тырысты. ~ Әркім өз басын қайттаған алағай-бұлағайда не болып, не қойып жатқанын да білмеді. Ә.Нұрп. ~ Мал-мүлікпен ешкімнің жұмысы болмай, әркім өз басын қайттады. Ә.Нұрп. ~ Біздің заманымызда қазіргідей аласапыранда ата баладан безіп, әркім өз басын қайттап кететін. Сен болсаң жігіттердің басын қосып жатырсың. Ә.Нұрп.

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫН ҚАЙТТАДЫ Read More

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫМЕН ҚАЙҒЫ (ӘЛЕК, ӘУРЕ)

Әркім жеке басының қамын ойлауда, өз шаруасымен әлек. ~ Алаш болып, шашау шықпай, Алаш Ордадан бас­қаны білмейтін болса, «жауымды мұ­қалтам» деп біреуге тура шаппайтын болса, өздігінен келіп бізді билеп кете­тін ешкім жоқ. Әркім өз басымен қайғы болып жатыр. Біз біреуге өзіміз шауып барып, өзіміз шақырып әкеліп, төбемізге ойнатып жүрміз. М.Дул. ~ Қазір енді кімге керекпін мен? Мына кемпір де аяушылық жасап азғана күн паналатқанмен… ертең… тіпті тағдырымыз тамырласып, бар пәлені бірге көріскен Светаның өзі… осындай кездескенде бір жібімей… Әркім өз басымен әлек болған мына аласапыран дүниеде мен кімге керекпін. Үзіліп түскен жалғыз жапырақ… Қай жерде барып тынысым бітерін бір құдайдың өзі білсін. Жападан-жалғыз… дәрменсіз, панасыз… Т.Ахт. ~ Бәлкім, ол біздің нарықтық жағдайға келіп тірелген тұстағы берекесіздігімізден де шығар. Әркім өз басымен әуре болған, кітап шығару қиындаған заманға тап келдік. Р.Мұқ.

ӘРКІМ ӨЗ БАСЫМЕН ҚАЙҒЫ (ӘЛЕК, ӘУРЕ) Read More

ӘРКІМ ҚЫШЫҒАН ЖЕРІН ҚАСИДЫ

Әркім өз жағдайын ойлайды, өз шаруасын күйттейді, өз мұңын шағады. ~ Бәрі де әр жерде көзтүрткі болып қаңғып жүрген бала-шағасын ойлап, мұңайысты. Кейбірі көзіне жас та алды. Әркім өз жарасын сипайды, әркім өз қышыған жерін қасиды. Б.Қыд. ~ Сонда бұл Бектемірдің «бүк түссе де менікі, шік түссе де менікі» деуі қай зорлық… Ә- ә, әркім қышыған жерін қасиды деп мұңымды шағып кеттім бе. С.См.

ӘРКІМ ҚЫШЫҒАН ЖЕРІН ҚАСИДЫ Read More

ӘРІНЕН АЙРЫЛДЫ

Сәнін, көркін, маңызын жоғалтты. ~ Мамырдың жасыл түгi жаңа ғанаәрiнен айрылып‚ сарғая бастаған далаға самарқау түрде қарап отырған Ержiгiт селк ете түстi. Б.Алд. ~ О да оңай шаруа емес, талай мәрте көңіліндегі әдемі әзіл, еркелетер еркін қалжың осындайда ажарын келтірер бояу, әрінен айрылып, әңгімеге айналып, сиырқұйымшақтана үзілгені бар. М.Сүн.

ӘРІНЕН АЙРЫЛДЫ Read More

ӘРІ ТАРТ (ТА) БЕРІ ТАРТ

Айтысып, тартысып, дауласып, ырың-жырың болу. ~ Ағайындар-ау, өстіп әрі тарт, бері тартпен ырғасып жүргенде есімі дүниені дүңкілдеткен астрофизикті тырапай асырып тындырамыз ғой… Д.Дос. ~ Содан кейінгі оқиғаны ойша елестетер: «Пай-пай, дүрілдеп маздаған сексеуіл шоғындай жанып-ақ келе жатыр еді… ары тарт, бері тартпен жүріп қыршынынан қидық»,-деп декан ағайы қайғы жұтар. Д.Дос. ~ Там төбесіндегі күрішті орып алдық дейді. Біздің ауыл қара жерге күріш еге алмай әрі тарт та бері тарт боп жүргенде… Кең жердің кенезесін кептіріп…Тамның төбесі мен есіктің алдына егін еккен жігіттің жігіті– ақ қой. Қ.Түм.

ӘРІ ТАРТ (ТА) БЕРІ ТАРТ Read More

ӘРІ ОЙЛАП, БЕРІ ОЙЛАП

Көп ойлап, ұзақ толғанып. ~ Әрине, шынын Жәмиланың өзінен сұрауға бетінің ары бармады, ұялды. Ол әрі ойлап, бері ойлап, Бірләнді тапты, «Бір адам білсе, мұны Бірлән біледі. Жәмила екеуі сырлас, дос еді». І.Ес. ~ Әлпешпен қалай сөйлесем? Бәрінен қиыны осы… Әрі ойлап, бері ойлап онымен сөйлесудің ретін таппадым. Н.Сер.

ӘРІ ОЙЛАП, БЕРІ ОЙЛАП Read More

ӘРІ ОЙЛАНЫП, БЕРІ ОЙЛАНЫП

Ұзақ ойланып, толғанып, сараға салып д.м. ~ Енді ауыл шаруашылығы жайында қалам сілтеймін десең, ұңғыл-шұңғылына дейін түсініп жазасың… Ал мен… әрі ойланып, бері ойланып… Саған аудандық газетті ұсынғалы отырмын. Қалай қарайсың? Өз мамандығың… Б.Тоғ. ~ Ол Күржікті орағыта бір қарап шықты. Алдыңғы аяғын көтеріп көрді де: – Ау, бұл жарыста аяғын шауып алған ат қой! – деді. Қисықмойын әрі ойланып, бері ойланып томсырайып отырды да, оқыстан: – Япырай, – деп қалды. Бұл жолаушы Рахматулла деген шала таныс кісі еді. Т.Әл.

ӘРІ ОЙЛАНЫП, БЕРІ ОЙЛАНЫП Read More

ӘРІ ҚАРАП, БЕРІ ҚАРАП (ЖҮРДІ)

Жан-жағын барлай қарай берді, алақ-жұлақ етті.~ Содан кейін айналып баздың екінші кішкене терезесіне келді. Көп сығалады… Әрі қарап, бері қарап жүріп, ақыры баз ішінде төменгі шұңқырды тімтініп, тіміскеленіп топырақ атып бұлқан–талқан боп жатқан екі долы қасқырды көрді… М.Әу.

ӘРІ ҚАРАП, БЕРІ ҚАРАП (ЖҮРДІ) Read More