АСПАН ШАЙДАЙ АШЫҚ (АШЫЛДЫ)

Көкте бір тұтам бұлт жоқ, күн ашық. ~ Аспан шайдай ашылды. Қапырық ауаны өткінші жел қуып әкетіп, мына әлемнің тынысы кеңіп қалған секілді. Жауыннан соң дүние қандай тамаша! Ғ.Жұм. ~ Мақұлбек орнынан көтеріліп, хош айтысып, сыртқа шықты. Жауын басылған, ауа шайдай ашық. Ай жез қаңылтыр секілді, аспан іргесіне ілініп қалған. Д.Дос. ~ … бір күн Ләпбаев басқа қызметке ауысып кеп кеткені. Сұрамаңыз! Төбедегі бұлт арылып, аспан шайдай ашылғандай болды. Құдай жарылқады дестік! Ж.Алт.

АСПАН ШАЙДАЙ АШЫҚ (АШЫЛДЫ) Read More

АСПАНҒА (КӨККЕ, ҒАРЫШҚА) ҚҰЛАШ СЕРМЕДІ

Алысқа қол созды; биікке ұмтылды, үлкен мақсатқа талпынды. ~ Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып, құйындай екпіндеген Жарылғаптың екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Ж.Айм. ~ Ымырт үйірілген шақта ауыл шетінен ақ боз шаң көкке құлаш сермеді. Құлағымның түбінен қой-ешкінің маңырай жамырағаны естілді. А.Өм. ~ Замат лашын құс боп самғаған ол бұл кезде Кенжеғұлдың көзiне әлi де сағымдай бұлдырап қана елес берген ақ кептердi iлiп алды да, қанатының астына қысып, ғарышқа құлаш сермедi. Жеткiзер ме ақ кептер, ұстатар ма арман құс? Р.Рай.

АСПАНҒА (КӨККЕ, ҒАРЫШҚА) ҚҰЛАШ СЕРМЕДІ Read More

АСПАН АЛАҚАНДАЙ

~ Әуел жасты мен айтам, Менен бұрын кім туған?- Деп сөйлейді Түлен шайтан. —
Мен туғанда, жолдастар, Жер тебінгідей, Аспан алақандай болатын. БС. «Алдар
Көсе». ~ Бар әлемді жауып, бүркеп тұрған бір қалың торғын. Төбеңдегі аспан алақандай- ақ, айнала көкке қол
созған қалың қарағай, жыбырлаған арша, бойлауық қызыл қайың. Х.Ес.

АСПАН АЛАҚАНДАЙ Read More

АСПАНҒА КӨТЕРДІ (КӨТЕРІЛДІ)

Даңқын асырды; жерге сидырмай дәріптеді. ~ Көп көрісіп үйренісе алмай сырттан ынтыққан бала қиял Раушанды биікке, аспанға көтерді. Т.Ахт. ~ Сызды бұлттай еңсе басқан жылусыз, сұрқай тiрлiктен жерiп бiткенi қашан. Өз басы Үлкен Кiсiнi өлердей жақсы көредi, мақтаныш санап аспанға көтередi. Көзсiз махаббат. Не үшiн әулие тұтатынын өзi де түсiнбейдi. Т.Сәу. ~ Петрдей патша болсашы, — Матвей Степанович өз төсіндегі салт атты батыр суретіне қарап аз тұрды, — Россияның даңқы аспанға көтеріледі… Ә.Сәр.

АСПАНҒА КӨТЕРДІ (КӨТЕРІЛДІ) Read More

АСПАН АСТЫ

Бүкіл әлем, жер беті. ~ Теңі қисайған, бас үзген түйелер, иесі аударылып түскен, ерін мойнына алған аттар, әйелдердің шулаған, балалардың аңыраған, үлкендердің өкірген үні — аспан асты ойран-топалаң болды да кетті. М.Мағ. ~ Аспан асты балапан басқан құс бауырындай түлеп жатыр. Ауада кесек-кесек ақ мамықтар қалықтайды. Д.Әш.

АСПАН АСТЫ Read More

АСПАН АСТЫ КЕҢ

Жер кең, Алланың ризығы бәрімізге жетеді д.м. ~ Тіршілік болса, әлі-ақ көрісерміз. Қарауылға қырын қарар қалың керейдің ішіне кеттім. Онда тиянақ таба алмасам, аспан асты кең, бүкіл үш жүздің жері — менің жерім. Хабарды Шәкейден білерсіңдер. Ал, жол болсын, хош, бауырларым!— деп, Ақан, Ұрқия, Шәкей үшеуі Оқжетпесті бетке алып ылдилап жүріп кетті. С.Жүн. ~ Ой, сасық неме? Маған «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық». Аспан асты кең, — деп безере түскен еді Олжабек. Ғ.Мұст.

АСПАН АСТЫ КЕҢ Read More

АСПАН АСТЫ ҚУЫС

Жердің беті, дүние кең, кім-кімге де орын табылар д.м.
~ «Аспан асты – қуыс. Жан күйіттеуден басқа қайран жоқ» деген тәмсілі де ел арасына тарап кетті. Қ.Әбіл.

АСПАН АСТЫ ҚУЫС Read More